Жанғыш (тез тұтанатын) – өздігінен тұтанатын, жану көзі әсерінен жанатын және ол көзден алыстатқан кезде де өз бетімен жана беретін заттар.
Өрттердің жіктелуі
І. Жанғыш зат материалының түріне байланысты:
А класы – қатты заттар жанады
В класы – сұйық заттар жанады
С класы – газдар жанады
D класы – металдар жанады.
ІІ. Ауданының өзгеруі бойынша:
Таралатын өрттер;
Таралмайтын өрттер.
ІІІ. Масштабтары бойынша:
Жекеленген – 1 ғана ғимарат немесе имарат өртенетін болса;
Жалпылай - бірнеше ғимарат немесе имарат өртенетін болса;
Жаппай - Жекеленген+ Жалпылай.
IV. Қоршаған ортамен масса және жылу алмасудың болуымен байланысты:
Ішкі өрттер – қоршау ішіндегі;
Ашық өрттер – ашық алаңдағы,
Өрт-жарылыс қауіпті нысандар (ПВОО) – өрт немесе жарылыс шығуының себепшісі болып табылуы мүмкін өнімдерді өндіретін, сақтайтын немесе тасымалдайтын өндіріс орындары, әлде көліктік нысандар.
Ғимараттар мен имараттардың жіктелуі.
Өртке төзімділік (тұрақтылық) қасиеттеріне байланысты ғимараттардың 5 дәрежесі белгілі:
1 – барық конструкциялық элементтері жанбайтын материалардан жасалған және өртке тұрақтылығы жоғары (1,5 – 3 сағат бойында);
2 - барық конструкциялық элементтері жанбайтын материалардан жасалған, бірақ өртке тұрақтылығытөмендеу;
3 – негізгі конструкциялық элементтері (ішкі қабырғалары) жанбайтын материалардан жасалған, ал қабаттар арасындағылары, жабындары – қиын жанатын материалардан жасалған;
4 - барық конструкциялық элементтері қиын жанатын материалардан жасалған;
5 - барық конструкциялық элементтері жанғыш материалардан жасалған.
Өрт сөндіру.
Өрт сөндіру кезінде есте ұсталуы қажет ең басты міндеттер:
Адам өмірі мен денсаулығын қорғау;
Материалдық құндылықтарды сақтап қалу;
Өртті тоқтату (жою).
Өрт сөндірудің негізге ұсталатын прициптері (өздігінен қарастыру);
Әрекеттесуші заттарды салқындату;
Әрекеттесуші заттарды жану аймағынан алып кету;
Әрекеттесуші заттар концентрацияларын жанбайтын концентрацияларға дейін сұйылту (О2 келуіне жол бермеу);
Жану реакциясын химиялық тежеу.
Өрт сөндіру периодтары – жинақтау және жою.
Егер адамдар мен жануарларға еш қауіп төнбейтін болса, жарылыс болу мен қираулар қаупі жоқ болса, өрттің одан әрі өршуіне жол берілмейтін болса және оны қолда бар құралдар мен күшпен толық жою мүмкіндігі жоғары болса - өрт жинақталған деп есептеледі.
Егер жану тоқтатылған болса, сондай-ақ оның қайтадан пайда болып, өршіп кету мүмкіндігі мүлдем болмаса - өрт жойылған деп есептеледі.
Өрт сөндіру үшін қолданылатын заттар (ӨСЗ).
Достарыңызбен бөлісу: |