5) Сұрапыл апаттармен байланысты ТЖ: • геологиялық сипаттағы СА (жер сілкінісі, вулкандар, сырғымалар, селдер, қар көшкіндері);
• метрологиялық сипаттағы СА (дауыл, боран, құйын);
• гидрологиялық сипаттағы СА (су тасқыны, өзендердегі мұз кептелістері, цунами);
• табиғи өрттер.
ТАБИҒИ ҚАУПТЕР. ЖЕР СІЛКІНІСІНІҢ СИПАТАМАЛАРЫ (ОШАҚ, ГИПОЦЕНТР, ЭПИЦЕНТР, ТОЛҚЫНДАР). МАГНИТУДА ЖӘНЕ ҚАРҚЫНДЫЛЫҚ, ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ.
ТАБИҒИ ҚАУІПТЕР дегеніміз — адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін және зардаптарын тигізетін сұрапыл апаттар.
Сұрапыл апаттар дегеніміз-адамдармен жануарлардың өліміне, халықтың өмірінің күрт бұзылуына, материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін құбылыстар.Сұрапыл апаттар көбінесе адамның қолынан келмейтін табиғат күштерінің әсерінен болады. Мысалы: су басу, жер сілкінісі, ормандағы өрттер, қар көшкіні, т.б.
ЖЕР СІЛКІНІСІ - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы
Медведев-Шпонхойер-Карник жер сілкіністері қарқындылығының 12 баллдық шкаласы 1964 жылы әзірленіп, оны Еуропа мен КСРО-да кеңінен қолданылады. 1996 жылдан бастап Еуропалық Одақ елдерінде қазіргі заманғы еуропалық макросейсмикалық шкала (EMS) қолданылады. MSK-64 "Сейсмикалық аудандардағы құрылыс" СНиП II-7-81 Ресей мен ТМД елдерінде пайдалануда. "Сейсмикалық аудандардағы құрылыс" Қазақстанда қазіргі уақытта ҚР СНиП 2.03-30-2006 қолданылады. Латын америкасы елдерінде Росси-Форель(1883) қабылданған 10 баллдық шкала қолданады.
Жер сілкінісінің негізгі сипаттамаларына: ошақ, гипоцентр, эпицентр, магнитуда қарқындылық жатады. Сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер аймағы жер сілкінісінің ошағыдеп аталады.
Жер сілкінісінің ошағы әр түрлі тереңдікте орналасуы мүмкін, әдетте ол 60 км тереңдікке дейін болады, сирек жағдайларда жоғарғы мантия қабатында 500-700 км. Тереңдікте де пайда болуы мүмкін.