Экология және біз Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Қазіргі таңда Жер бетіндегі бүкіл адам баласын ерекше толғандырып отырған ең басты мәселе – ғаламдық деңгейдегі экологиялық мәселелер болып отыр. Сондықтан да, әрбір мемлекет бұл мәселелерді негізгі мемлекеттік міндеттердің бірі деп қарастырады. Осыған орай , елімізде қордаланған экологиялық жағдайларды жақсарту шараларына айрықша мән беріліп, 2007 жылдың барысында Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі туралы Заң қабылданды. Кодекс ұғымы бір жүйеге келтірілген заңдар мен ережелер жүйесінің біртұтас заңдастырылған жүйесі деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі кезде елімізде қабылданған бұл экологиялық кодекстің 7 бөлімі «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық білім беру мен ағарту ғылыми зерттеулер және халықаралық ынтымақтастық » деп аталып, оның 25 – тарауы түгелімен «Экологиялық білім беру мен ағарту мамандарының біліктілігін арттыру» мәселесіне арналған .
Жер бетіндегі ғаламдық өзгерістердің бәріне де адамның шаруашылық іс - әрекетінің әсері айқын байқалуда. Соның ішінде табиғатқа зиян келтіретін келеңсіз әрекеттер баршылық. . Олар ауаның , судың ластануы , өсімдіктер санының азаюы, топырақ құрамының өзгеруі, т.б. Осы өзгерістердің бәрі адам өміріне , денсаулығына әсер етеді. Табиғат пен өзара қарым-қатынастың бұзылуы экологиялық апаттарға әкеліп соқтырады.
Үздіксіз экологиялық тәрбие беруде мемлекеттік деңгейде мән беріліп, ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында республика халқына жолдауында ерекше экологиялық саясат ұстанымдарын көрсетіп, жастарға мемлекетімізді көркейту жолында «Жасыл ел» бағдарламасына бел шешіп кірісудің қажеттілігін ерекше атап көрсетті
Топтық тапсырма “Көп түкірсе көл болар... Сен ауылдан қалаға көпқабатты үйге көшіп келдің, бірақ саған жаңа қонысың ұнамайды. Ол жер лас және әдемі емес. Сен сол жерді таза және әдемі еткің келеді, бірақ жалғыз күшің келмейді. Саған сол көпқабатты үйде тұратын балалардың көмегі керек. Сен оларды осы іске тарту үшін қандай жарнама жасайсың? Сая сабақтан келе жатып, жол – жөнекей дүкенге кіріп су сатып алды. Суды ішіп шөлін қандырған соң, пластикалық бөтелкені қоқыс шелегіне тастады. Үйіне келген соң, мектептен алып келген гүлін, гүл ыдысына отырғызғысы келді. Бірақ үйде гүлді отырғызатын арнаулы ыдыс болмады. Сендердің Саяға көмектерің керек. Біз гүлді аман алып қалуымыз үшін, Саяға қалай көмектесеміз? Әлемді өзгерту өз қолыңда! Болашаққа сұрақ!