«Экология және химиялық технологиялар» кафедрасы



бет32/77
Дата06.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#80159
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   77
Байланысты:
умк хто-17-1
ВМС каз
Түйіндік сөздер:. Өндірістік үрдіс, уақыт, автоматтық үрдіс, өндірістік цикл
Негізгі мәселелер мен қысқаша мазмұны:
Лекцияның жоспары
1.Өндірісті ұйымдастыру қағидалары.Өндірісті ұйымдастыру әдістері.
2.Өндірістік цикл. Өндіріс процесі туралы түсінік, мақсаты және міндеті, құрылымы.
3. Өндіріс процесінің уақыты.Операцияларды уақыт бойынша сипаттау.


1.Өндірістік үрдістің түсінігі. Өндірістік үрдістің түрлері
Өндірістік үрдіс - адамдардың және өнімді жасау үшін берілген кәсіпорындағы қажетті еңбек құралдарының іс-әрекетінің жиынтығы.Өңдірістік үрдістің негізі болып технологиялық үрдіс саналады. Технологиялық үрдіс - еңбек затының күйінің өзгеруі мен анықталуы бойынша мақсатты іс-әрекеттерден тұратын өңдірістік үрдістің бір бөлігі.
Өндірістік үрдістер әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Мақсатына байланысты негізгі, қосалқы, қызмет көрсетуші өндірістік үрдістер болып ерекшеленеді.Негізгі өңдірістік үрдіс кәсіпорынның мамандандырылуына сәйкес тауарлық саналатын өнім материалдық күйінің немесе нысанының тікелей өзгеруі үшін арналған.Қосалқы өндірістік үрдістер деп, нәтижесінде негізгі үрдістердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тәртіп бойынша кәсіпорынның өзінде пайдаланатын өнімді алу үрдісін айтады. Мысалы, аппараттар жасау, қуаттың әр-түрлі түрлерін өңдіру т.с.с.Қызмет көрсетуші үрдістер негізгі және қосалқы үрдістерді олардың қызмет істеуі үшін қажетті қызмет көрсетулермен қамтамасыз етеді. Мысалы, көлік және қойма үрдістері. Қызмет көрсету үрдісі нәтижесінде өнім жасалмайды.Өңдірістік үрдістер автоматтандыру деңгейі бойынша қолмен, механикаландырылған, автоматтандырылған және автоматтар болып бөлінеді. Қолмен (механикаландырылған) үрдістер механизмнің көмегінсіз жұмыскерлердің көмегімен орындалады. Мысалы, слесарлық жұмыстар. Электрлендірілген пневматикалық қол аспабының көмегімен орындалатын жұмыстар қолмен орындалатынға жатады. Механикаландырылған үрдістер физикалық жіктеудің шамасын төмендететін құралдың көмегімен жұмысшымен орындалады, әдетте универсалды станоктарда. Автоматтандырылған үрдістер жарым-жартылай адамның қатысуынсыз орындалады, оған бақылау қызметі қалады.Автоматтық үрдістер толығымен операцияларды орындаудан жұмысшыны босатып, оған өндірістің жүруін бақылау қызметін, дайындаманы жүктеу мен дайын бұйымды түсіруді қалдырады.
Өндіру затының сипаты бойынша қарапайым және күрделі өндірістік үрдістер болып ажыратылады. Қарапайым (жай) деп, тізбекті орындалатын операциялардың күйін, мысалы үшін алғанда, механизмді құрастыру, бөлшектерді жасау үрдістері. Күрделі үрдіс деп, параллельді және тізбекті орындалатын операциялардан тұратын үрдісті айтады. Күрделі үрдістің мысалына құрастырушы бірліктерді, дайын машина жасауды алуға болады.
Дайын машинаны жасау үрдісі, әдетте үштен тұратын тізбекті орындалатын кезеңнен (фазадан) - дайындық, өңдеуші және құрастырушыдан тұрады.
Бірінші кезеңде әр түрлі әдістермен - бөлшектің алғашқы қалыптасуымен байланысты қысыммен, кесумен, құюмен бөлшектердің дайындамаларын алу жүргізіледі.
Екінші кезеңде дайындама оны механикалық, химиялық, басқа түрлерімен өңдеу арқылы дайын бөлшекке айналады. Сонымен бірге өңделетін заттардың құрылымы мен ішкі қасиеттері, геометриялық нысан өлшемдерінің өзгеруі болады.
Үшінші кезенде жеке бөлшектердің құралатын бірліктерге (торапты құрастыру, жалпы құрастыру, реттеу, сынау) құрастыру үрдісі орындалады.
Өңдірістік үрдіс операциялардан тұрады. Операция - өңдірістік үрдістің бөлігі. Ол бір немесе бірнеше еңбек заттары мен (дайындамалармен, бөлшектермен) бір рет жұмсалатын дайындық-қарқындық уақытымен, бір немесе бірнеше жұмысшылармен немесе тіпті олардың қатысуынсыз белгілі еңбек құралдарының көмегімен орындалады. 
Операциялар негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Негізгі (технологиялық) операцияларға бөлшектерді құралушы бірліктерге жалғастырумен, ішкі құрылымның қалыпты өлшемдерінің тікелей өзгеруімен байланысты операциялар жатады. Қосымша операциялардың орындалуы негізгілердің орындалуына мүмкіндік туғызады. Оларға жататындар сапаны бақылау, еңбек заттарының ауысуы, олардың станокты өңдеу үшін бекітілуі ж.с.с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет