Лицензия дегеніміз–патенттелген жаңалықтың негізінде ұйымдастырылған технологиялық үрдісте өнім өндіру мен сату құқына белгілі бір төлем төлеу арқылы жүзеге асыруды айғақтайтын құжатты білдіреді.
НОУ-ХАУ–құқық қорғау құжаттарымен, мысалы патентпен қорғалмаған, толық немесе ішінара жарияланбаған ілім. Патент берілмеген обьектілер үшінші біреулерге «ноу-хау»беру туралы шарт жасасу арқылы берілуі мүмкін.
Нарықтық экономикалық қатынастардың даму барысында венчурлық (тәуекелді) кәсіпорындар дами бастайды. Оларға ғылыми немесе инженерлік зерттеулермен, сараптамаларымен, жаңалықтар енгізумен, сонымен қатар құрамында ірі фирмалардың тапсырысы мен мемлекеттік келісімшарттары орындаумен айналысатын шағын және орташа кәсіпорындар жатады.
Нарыққа келіп түскен жаңа өнім түрінде тұтынушы «салқын қанды» қарауы да мүмкін.Жаңа тауарды таратуда жарнамаға, маркетингтік іс-шаралар жүргізуге үлкен мән беріледі жіне ақпараттық сипат алуы керек.Сонымен қатар жаңа өнім түрін жасау кезінде экономикалық ынталандыру, мотивация жүйесі үлкен рөл атқарады.Бұл жүйеге қаржыландыру, несиелендіру, жеңілдіктері бар салық салу, жаңа техникаға баға қою, жұмысшыларды материалдық ынталандыру жұмыстары кіреді.
3. Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау (ӨҒТД) деңгейі негізгі өндірістің өнімді дайындаудағы тиімділігін арттыруды және оның берілген тұтынушылық қасиеттерін сақтай отырып, өндірістің ырғақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау деп өндірісте өнім өндірі жүйесі мен конструкторлық технологиялық дайындауды реттеуші мөлшерлі- технологиялық шаралар кешенін айтады.
Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау деңгейі көптеген факторлармен тығыз байланысты болады.Оларға техникалық, экономикалық, ұйымдастыру және әлеуметтік факторлар жатады:
· Техникалық факторларға–типтік және стандартты технологиялық үрдістерді жасау және жетілдіру, технологиялық жабдықтардың стандартқа сай және автоматтандырылған жобалау жүйесін қолдану, технологиялық жабдықтарды қолдану, бөліктерді өңдеудің механикалық және теримялық өңдеудің прогрессивті тәртібін қолдану, ұнтақты металлургия, электрофизикалық, электрохимиялық және т.б. әдістерді дайындау, сапаны тексеруде белсенді және обьективті техникалық тексеру құралдарын пайдалану, технологиялық құралдарды өндірудің және жобалаудың торлық сызбасын бақылауды автоматтандыру және т.б. жатады.
· Экономикалық факторларға-өндірісті технологиялық дайындау жұмыстарының кезеңдері бойынша алдын ала қаржыландыру, жеңілдетілген несиені пайдалану, жаңа техниканы игерудің ынталандыру қорын құру және т.б. жатады.
· ұйымдастыру факторларға құрамына өндірісті мамандандыруды дамыту және тереңдету, негізгі өндірістің алғашқы өнімдер партиясының немесе тәжірибелік үлгісінің сапасы бойынша стандартты емес құрал-жабдықтардың, технологиялық жабдықтардың сапасын аттестациялау, көмекші өндірісті ұйымдастыруды жақсарту, негізгі және көмекші өндіріс арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру, зауытаралық, саларалық кооперациялауды кеңейту кіреді.
· Әлеуметтік факторлар қатарына орындаушылар мамандығын көтеру, еңбек жағдайын жақсарту мақсатында өндірістік және көмекші операцияларды механикаландыру және автоматтандыру, әлеуметтік өрісті дамыту, ұжымда психологиялық атмосфераны жақсарту саналады.
Өндірісті ғылыми-техникалық дайындау үрдісін жүзеге асыруда стандарттар жүйесі бойынша мөлшерлер, ережелер және талаптарға сәйкес орындау қажеттілікті пайда болады.
Өндірісті конструкторлық дайындаудың келесі сатыларын қарастырайық: техникалық тапсырма, техникалық ұсыныс, эксиздік жоба және жұмыс жобасы.
Достарыңызбен бөлісу: |