«Экология және химиялық технологиялар» кафедрасы


Мақсаты:. Түйіндік сөздер



бет46/77
Дата06.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#80159
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77
Байланысты:
умк хто-17-1
ВМС каз
Мақсаты:.
Түйіндік сөздер: конструкторлық, технологиялық және ұйымдастыру-экономикалық.
Негізгі мәселелер мен қысқаша мазмұны:
Лекцияның жоспары
1.Еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрі.
2.Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі
1. Еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрі.
Өндіріс процессіндегі еңбек заттарының қозғалысының түрлері деп технологиялық жүйелілікте операциялар бойынша жұмыс орындарына шикізат пен жартылай фабрикаттардың жылжуы және өңделу тәртібін айтады.Операциялардың ұзақтықтары мен тактылары бірдей емес.Біртұтас өндірістік жүйе жасау үшін тактылары әртүрлі операцияларды өзара ұтымды үйлестіру қажет.Екі операцияны үйлестіру түрі еңбек заттарын өңдеу тәртібін және оларды бір операциядан басқасына беру тәртібін көрсетеді.Өндіріс процессіндегі тактылары әртүрлі операцияларды үйлестіру түріне байланысты еңбек заттарының қозғалыс түрлерін жүйелі,параллель және аралас деп бөледі.Өндіріс процесіндегі еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрі операциялардың технологиялық жүйелілігімен бірдей заттардың партиясын,ұсақ беріліс партияларына немесе данаға бөлшектемей өңдеуді ,жылжытуды көрсетеді.Шикізаттың және жартылай фабрикаттың барлық партиясы бір операциядан екіншісіне беріледі. Мұнда шектес операциялардың паралельді орындалуы мүмкін емес. Өндіріс уақытының бір бөлігін өндіріс циклы құрайды. Ол шикізаттың өндіріске өңдеуге түсуінен бастап,дайын өнім алумен аяқталатын өнім шығарудың күнтізбелік уақыты. Өндірістік циклды сағатпен немесе күндермен өлшейді.Өндірістік цикл барлық оның элементтерінің ұзақтықтарына байланысты. Өндірістік цикл жұмыс уақыты мен еңбек процессіндегі үзілістерден тұрады.Жұмыс уақыты дайындау –қорытындылау, технологиялық, бақылау, көлік операцияларын орындауға және жұмыс орындарына қызмет көрсету жұмсалады. Осы уақыт ішінде шикізат дайын өнімге айналады.Еңбек процессіндегі үзілістер табиғи процестер уақытынан, ауысымнан тыс үзілістерден және операциялар арасындағы үзілістерден тұрады. Ауысымнан тыс үзілістерді кәсіпорын жұмысының тәртібіне сәйкес график бойынша бекітеді. Ауысымнан тыс үзілістерге түскі үзіліс уақыты жатады. Ауысымнан тыс үзілістер жұмыс уақытының жоғалтуларына жатпайды, өйткені ауысым ұзақтығына енбейді. Операциялар арасындағы үзілістер жұмыс орындарында шикізат партияларын өңдеуді күтуге байланысты. Ауысым ортасында жұмысшыларға демалуға, жеке қажеттіліктеріне белгілі уақыт беріледі.Өндіріс процесінде жабдықты майлауға, тексеруге немесе дұрыстауға уақыт жұмсалады. Ауысым ішінде шикізаттың, материалдардың, энергияның немесе судың т.б. болмауынан үзілістер пайда болуы мүмкін. Бұл еңбек уақытының жоғалтулары.Еңбек заттарының запаста болу уақытын қысқарту қажет, өйткені шикізатты сақтау экономикалық тиімсіз. Шикізатты үзіліссіз өңдеу үшін материалдардың белгілі бір запастары болуы тиіс.
2. Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі.
Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі операциялардың технологиялық жүйелілігімен шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың партиясын, данамен немесе ұсақ беріліс партиялармен өңдеу және жылжыту.Әрбір дананы немесе ұсақ беріліс партиясын барлық партияның өңделуін күтпестен,келесі операцияға алдыңғы операция бітісімен жібереді. Шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың әрбір бірлігі өндірісте басқалармен параллельді болады .Параллель қозғалыс түрінде еңбек заттары операциялар арасында запас түрінде жиналмайды.Процестің барлық операциялары басты тактымен орындалады (үлкен тактымен).Басты операцияға қарағанда кіші тактылары бар операциялар үзіліспен орындалады.Үзілістер басты тактымен осы операциялар тактыларының арасындағы айырмаға тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет