8
2) Көлеңке сүйгіш (сциофиттер) өсімдіктер (грек тілінен аударғанда skia- көлеңке)-
күшті жарықты көтере алмайды, үнемі көлеңкеде орманның көлеңкесінде өседі (орманда
өсетін шөптесін өсімдіктер, папоритниктер, мүктер);
3) Көлеңкеге тәзімді (факультатифтік гелиофиттер)
өсімдіктер- жақсы жарық
жағдайында өседі, бірақ көлеңкені де жақсы көреді (орманның көптеген өсімдіктері,
шалғындық өсімдіктері, орман шөптері мен бұталар).
Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетіне (фотосинтезге, зат алмсуға, қорек
тұтынуға, көбеюге, т.б.) елеулі тікелей немесе жанама әсер тигізетін абиоталық фактордың
бірі - температура.
Сонымен, тірі ағзлардың жер бетінде таралуын анықтайтын
факторлардың бірі -
температура. Өсімдіктердің денесінің өзіндік температурасы болмайды. Олардың жылу
реттеуінің анатомия –
морфологиялық, физиологиялық механизмдері ағзаны қолайсыз
температуралардан қорғауға бағытталған.
Жылу алмасу түріне байланысты жануарлардың
экологиялық екі типін бөліп
көрсетеді:
1) Пойкилотермдік жануарлар - салқын қанды (грек тілінен аударғанда poikilos -
алуан түрлі)- бұл ағзалардың тіршілігі мен белсенділігі
сырттан келетін жылуға
байланысты және дене t° -лары- сыртқы t°-ның өзгеруіне әкеледі. Бұларға омыртқасыз
жануарлар,
балықтар, қосмекенділер жатады.
2) Гомойотермдік жануарлар- жылы қанды (грек тілінен аударғанда һomoios- бірдей)
өздерінің тұрақты оптимальды дене t°-рын ұстауға қабілетті. Бұларға жоғарғы сатыдағы
омыртқалы жануарлар жатады.
Жер бетінің экологиялық факторларының біріне ауа жатады.
Ауа - экологиялық фактор ретінде тұрақты газдың құрамы арқылы сипатталады.
Ауаның газдық құрамы: оттегі шамамен 21 %, көмірқышқыл газы 0,03%, азот 78%, ал
қалған инертті газдар жиынтығы 0,97% күрайды. Ауаның құрамындағы аздаған өзгерістер
мен ауытқулар тіршілік үшін қауіпті.
Ауа ағыстарының маңызды қызметтерінің бірі - өсімдіктер мен жануарлардың кең
таралуына себебін тигізуі.
Достарыңызбен бөлісу: