Экология және өмір қауіпсіздігі



Pdf көрінісі
бет37/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі
Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., 3 демо, 252, Документ Microsoft Word (3), БЖБ Рационал сандар, Modern and Minimal Company Profile Presentation, 11.11.23ж-Философия емтихан сурактар-Арынгазиева
 
Лекция №9 
Тақырыбы: Тіршілік қауіпсіздігі негіздері. Төтенше жағдайлардың жіктелуі 
 
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері (ТҚН) адамзат әрекетшілік саласының бірі болып 
табылады; бұл көп жақты ұғымға саяси, әскери, заңдық, әлеуметтік, медициналық, 
ақпараттық, қаржы, ғылыми, халықаралық және тағы басқа аспектілер кіреді. 
Мемлекеттің міндеті, оның функциясы ретінде қарағанда, ТҚН халықты, қоршаған 
ортаны және шаруашылық жүргізу объектілерді төтенше жағдайлардан (ТЖ), олардан 
туындаған зардаптардан қорғау жөнінде мемлекет саясатын жүргізудің басым салаларының 
бірі болып табылады. 
Практикалық мағынада ТҚН алдын ала ТЖ-дың пайда болу қатерін мүмкін 
болғанша азайтуға, халықты дайындау және жаппай оқытуға, ал ТЖ кезінде адамдарды 
қорғауға, залал мен материалдық шығынды кемітуге, сондай-ақ, ТЖ-ды бір шектен 
шығармауға, түбінде салдарын жоюға бағытталған, қызмет міндеттері жағынан біртұтас 
жүйеге біріктірілген шаралардың үйлесімді жиынтығы деп жобалап түсінуге болады.
ТҚН-нің деңгейі осы қоғамның жан-жақты жетілуін, рухани және психологиялық 
қалпын, ТЖ-ға тән қауіпті факторлардың ықпалын басу, мүмкін болатын ең төменгі 
деңгейіне түсіру қабілетін сипаттайды. 
Жоғары оқу орындарында берілетін пән ретінде ТҚН тиісті оқу бағдарламалар 
бойынша мамандарды осы заманғы жаппай қырып жою зақымдау құралдарының 
факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-лардан қорғану 
жолдарын көрсету мақсатымен оқыту және дайындау ниетін білдіреді.
 
Тіршілік қауіпсіздігі іс-қимыл жиынтығы ретінде қалыпты өмір жағдайын бұзатын 
зиянды факторлардың алдын алу (жою), мұнымен қоса еңбекті қорғау, өндірісте және 
тұрмыста болған қайғылы жағдайларда жарақаттанғандарға шұғыл жәрдем беру, 
әлеуметтік елеулі науқастармен күрес, экология, салауатты өмір сүру, азаматтық қорғаныс 
және т.б. ірі блоктарды құрайды. Сондықтан АҚ-ты ТҚН-нің құрастырушы бөлігі және 
біртұтас мемлекеттік тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің жалпы 
маңызды бөлігі ретінде қарастыру қажет. Басқа сөздермен айтқанда АҚ-ты ұйымдастыру 


49 
және жүргізу – мемлекеттің ең маңызды функцияларының бірі, оның қорғаныстық іс-
шараларының құрастырушы бөлігі деп түсінеміз. 
АҚ жайындағы заңда келесі анықтама беріледі: Азаматтық Қорғаныс-бұл басқару 
органдарының мемлекеттік системасы және жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы; 
бейбіт және соғыс жағдайларда жүргізілетін мақсаты: халықты, шаруашылық жүргізу 
объектілерін және елдің территориясын қирату (жою) факторларының әсерінен 
жаңартылған тәсілдермен қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-лардан қорғау. 
артынша, АҚ жиынтықтарына басшылық жасауды жүзеге асыратын басқару органдары
күштер, қызметтер және АҚ алдында тұратын міндеттерді орындауға көмектесетін 
ұйымның басқа да атрибуттары болу керек екені айтылған. 
Көптеген ұйымдар жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін басқару мүмкіндіктерінің 
тиімділігі және әрекетіне ықылас білдіреді. Бұл еңбекті қорғау аумағындағы заңдылықты 
және экономиканы реформалауды жақсарту жағдайларында іске асырылады.
Адам тіршілігі процесінде қауіпті заттар әсер етуі мүмкін. Кейде олардың әсерінен 
белгілі бір жағдайларда адам денсаулығына тікелей немесе жанама зиян келтіреді. 
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 28 ақпан айында 
«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» заңы шығарылды. Бұл заң Қазақстан 
Республикасындағы еңбекті қорғау саласында қоғамдық қатынасты реттейді және еңбек 
қызметі процесінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердің өмірі мен 
денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді. 
Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары 
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы заңнан өзге де 
құқықтық актілерден тұрады. 
Еңбек қауіпсіздігі аумағындағы мемлекеттік саясат келесілерге бағытталған: 
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау аумағында Қазақстан Республикасының 
заңдылығының талаптарын орындауды және сақтауды мемлекеттік бақылау және 
қадағалау; 

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау аумағындағы мамандардың 
квалификациясын жоғарылату; 
- Қазақстан Республикасының нормативті заңды актілерін, 
мемлекеттік 
стандарттарын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау аумағында нормаларды және 
ережелерді өңдеу және қабылдау; 
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жағдайын жақсарту бойынша қызметке 
экономикалық әсер ету жүйелерін құру және тазарту; 
- қиын жұмысқа және еңбектің зиянды, қауіпті заттарымен жұмыс істегені үшін оған 
қосымша көмекті орнату; 
- еңбек шарттары туралы мемлекеттік статистикалық есеп беруін ұйымдастыру, 
сонымен қатар өндірістік жарақаттану және тағы басқалар туралы есеп беруді 
ұйымдастыру. 
Адамға оның қызметінде қауіпті әсерлер болады. Яғни, ол өндірістік орта деп 
аталады. Көбінесе өндірісте оған техникамен байланысты қауіп-қатерлерге ұшырауы 
мүмкін. Оларды қауіпті және зиянды өндірістік факторлар деп аталады. 
Біздің елде еңбек ететіндердің денсаулығын сақтау және жұмыс жағдайларын 
жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өнеркәсіптің барлық салаларында іске 


50 
асырылатын технологиялық прогресс, өндірістік процестердің механикаландыру және 
автоматтандыру деңгейін жоғарлатуға, еңбектің санитарлы-гигиеналық жағдайларын 
жақсартуға және қауіпсіздікті жоғарлатуға бағытталған. 
Халық шаруашылығының барлық салаларында жүзеге асырырылатын техникалық 
прогресс өндірістік процесті механикаландыру мен автоматтандыруға, еңбектің санитарлы-
гигиеналық шарттарын жақсартуға бағытталған. 
Тіршілік қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша жасалатын дәстүрлер-өндірістің 
жалпы кешені болып табылады. 
Май өңдеу зауытында қызмет көрсетуші персонал тіршілік қауіпсіздігінің ережелері 
мен жұмыс орындарындағы техникалық инструкцияларды қатаң сақтаса, жұмыс шартының 
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет