Экология және өмір қауіпсіздігі


Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары



Pdf көрінісі
бет38/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары
ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 14 
бабына сәйкес алдын алу шараларына:
- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп соғуы 
мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;
- ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, 
қорғану шаралары жатады.
ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін 
әзірлеу мен ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау 
шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың 
алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық 
бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және 
техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау, 
радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген 
мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың 
мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.
 
Азаматтық қорғаныстың мемлекеттік ауқымындағы міндеттері 
 
Ғылыми анықтама негізінде ұтымды тәсілдерді және халық пен территориясының, 
шаруашылық объектілерінің алдын ала дайындықтарын пайдалана отырып, осы замандағы 
қарулардан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғану жұмыстары 
жүргізіледі. Осы азаматтық қорғаныстың бірінші дәрежелі міндеті болып табылады. Ол 
үшін келесі міндеттер орындалуы тиіс:
1). Басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерін ұйымдастыру, дамыту және 
олады ұдайы әзірлікте ұстау; 
2). Азаматтық қорғаныс күштерін құру, оларды дайындау және төтенше жағдайлар 
кезінде іс- қимыл жасауға ұдайы әзірлікте ұстау; 
3). Оралық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметшілерін 
даярлау және халықты оқыту; 
4). Радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды қадағалау 
және оған лабороториялық бақылау жасау; 
5). Азаматтқ қорғаныстың әскері құрамаларын жұмылдыруға әзірлікті қамтамасыз 
ету; 


51 
6). Шаруашылық жүргізу салалары мен объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын 
арттыру жөніндегі шаралар кешенін жүргізу; 
7). Қорғану құрылыстарының қажетті қорын, жеке қорғану құралдарының және 
азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкінің қорларын жинау және әзірлікте ұстау
8). Халыққа, орталық және жергілікті атқарушы органдарға адамдардың өмірі мен 
денсаулығына төнген қатер және орын алып отырған жағдайда іс-қимыл жасау тәртібі 
туралы хабарлау; 
9). Іздеу – құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу, зардап 
шеккен халықтың тіршілігін және оларды қауіпті аймақтадан эвакуациялауды 
ұйымдастыру; 
10). Азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикізаттарын, жемшөпті, мал және 
өсімдіктерді радиоактивті, химиялық, бактериологиялық уланудан, мал және өсімдік 
індеттерінен қорғау. 
Азаматтық қорғаныстың аталған міндеттерін қоса алғанда кейбір іс-шараларды 
(мысалы, қорғаныс ғимараттарын салу), төтенше жағдайлар туралы халықты уақтылы 
құлақтандыру, төтенше жағдайлар кезіндегі тәртіп ережелерін халыққа үйрету және тағы 
басқаларын алдын ала орындамау салдарынан қорғау және көмек көрсету толықсыз 
болатыны анық. Шын мәнісінде азаматтық қорғаныс бүкіл халықтық болғандықтан қорғану 
іс- шараларын өткізуге барлық ел халқы қатысуы тиіс. Қауіпті аймақтарда дұрыс жұмыс 
істеуді, қазіргі қарулардан қорғануды, өзін- өзі қорғауды және зардап шеккендерге көмек 
көрсетуді барлық халық білуі міндетті. Мұның барлығы азаматтық қорғаныстың іс- 
шараларын жүргізуде барлық халықтың міндетті түрде қатысуын, жауапты органдардың 
үкімдерін ескертусіз орындауын, тәртіпті, ұйымшылдықты көздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет