«Федоров ауданы әкімдігінің №2 орта мектебі» КММ
10-сынып оқушысы Идрисова Динараның жұмысына
Абстракт
Тақырыбы: «Оқушылар арасында жалпақтабандылықты анықтау және алдын алу шаралары»
Ғылыми жобаның мақсаты:
Мектеп оқушыларының арасында майтабандылықтың таралу дәрежесін зерттеу, алдын алу әдістерін анықтап және жалпық табанды емдеуге арналған кешенді жаттығуларды ұсыну.
Зерттеу міндеттері:
Майтабандылық бойынша ақпарат көздерін зерттеу;
Майтабанды зерттеу әдісімен танысу;
Мектеп оқушыларының арасында майтабандылықтың таралу дәрежесін зерттеу;
Жалпақ табанды емдеуге арналған кешенді жаттығуларды ұсыну.
Зерттеу өзектілігі:
Жалпақтабандылық өте көп таралған ауру және жалпақтабанды емдегеннен, оның алдын алған әлдеқайда тиімді.
Зерттеу объектісі: мектеп оқушыларының табандарының анатомо-физиологиялық дамуы.
Зерттеу гипотезасы: мектеп оқушыларының арасында 20℅-ы майтабандылық дерті бар деп ойлаймын.
Жұмыс сатысы:
Ұйымдастыру – курсты таңдау, тақырыбын құрастыру, мақсаты мен міндеттерін анықтау:
Тұжырымдау – мақсаты мен міндеттеріне сәйкес жинақталған ақпаратты меңгеру;
Қорытынды – зерттеу жұмысының қорытындысын сипаттап, насихаттау.
Зерттеу әдісі:
Деректерді жинау
Бақылау
Салыстыру
Көру
Талдау
Эксперимент
Ой қорыту
Осы мәселені зерттеу барысында келесі қорытынды шығарылды: жалпақтабандылық өте көп таралған ауру және жалпақ табанды емдегеннен, оның алдын алған әлде қайд тиімді.
Ауруды емдеген емес, оның бетін қайтару жеңіл екені бәрімізге мәлім сондықтан:
«Жалпақтабандылық. Қандай қауіпі бар?» атты сынып сағаттары арқылы насихаттау жұмыстарын жүргізу. Зерттеу әдістері және алдын алу шаралары туралы жаднамалар әзірлеп, тарату.
Баланың табан күмбездері дұрыс қалыптасу үшін, аяқ киімінің сапасы өте маңызды екенін айту.
Медициналық тексеру барысында оқушылардың табанына назар аудару.
Ғылыми-тәжірибиелік маңызы: зерттеу нәтижесін орта, негізгі мектептерде биология сабағында тірек-қимыл жүйесін өткенде, сыныптан тыс іс-шараларда қолдануға болады.
«Федоров ауданы әкімдігі №2 орта мектебінің» КММ
«Оқушылар арасында жалпақтабандылықты анықтау және алдын алу шаралары» тақырыбында жүргізілген зерттей жұмысына
Сын-пікір
Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жағдайындағы күрес бүкіл елдің қасиетті парызы. «Халықтың салауатты өмір салты мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі білімі мен хабардарлығын арттыра беру міндет» деп ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген. Оның ішінде маңыздыларының бірі ұрпақ денсаулығы.
Бұл жұмыста жалпақтабандылық туралы толық мәлімет берілген.
Практикалық маңыздылығы оқушылардың денсаулығын сақтауда, әсіресе Отан қорғайтын болашақ сарбаздарға арнап жалпақ табанның алдын алуға арналған кеңес ұсынған. Әр адамның мақсаты – бойындағы кемшіліктен арылу.
Оқушыға қойылған талаптар:
Кез келген әдебиетпен өздігінен жұмыс істей білу, өз бетінше талдау жасап, қорытындылай білу, өз ойын толық айта білу, ақпаратты қабылдай білу.
Бұл ғылыми жұмыс негізгі мақсатына жетті: ауылымыз Федоровка суын биологиялық, химиялық тұрғыда сипаттап, ауыз суына қойылатын талаптарға сәйкестігі зерттеліп, суының кермектілігі анықталды.
Бұл жұмысты жүргізгенде оқушы өз бетінше ізденіп, шығармашылық қасиеттерін көрсетті. Ақыл-ойы, ғылыми дүниетанымы қалыптасты.
Оқушы қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуін, ізденістер, тәжірібиелер жасай білентіндігін, өз бетінше бақылаулардың нәтижелерін қорытындылай білетінін көрсетті.
Жүргізілген тәжірибиелер барысында дұрыс табан 10 оқушыда анықталды, ло 25℅ құрады. Әр түрлі ауытқулар 30 зерттелген оқушыда анықталды, соның ішінде 18 қыз, 12 ұл бала. Әр түрлі дәрежедегі жалпақтабандылық 10 оқушыда табылды. Тек бір оқушыда туа біткен жалпақтабандылық, ал 9 оқушыда жүре пайда болғаны анықталды. Бұл туралы білу бұл мәселеден аулық болуға көмектеседі. Өйткені, оқушы өз денсаулығы мен өміріне әсер ететінін түсінді.
Осы мәселені зерттеу барысында келесі қорытынды шығарылды:
Жалпақтабандылық өте көп таралған ауру және жалпақ табанды емдегеннен, оның алдын алған әлдеқайда тиімді.
Ғылыми жұмыс тартымды және қызықты. Боиология сабақтарында пайдалануға болады.
Жетекшісі: Оспанова С.К.
Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................1 бет
Майтабандылық. Алдын алу әдістері және плдын алуға көмек..............3 бет
Жалпақтабандылықтың пайда болу себептері..........................................5 бет
Жүре пайда болатын майтабандылыққа әсер ететін факторлар.............6 бет
Эксперименттік бөлім..................................................................................7 бет
Майтабандылықты зерттеу әдістері...........................................................7 бет
Мектеп оқушыларының арасында жалпақтабандылықты зерттеу.........8 бет
Зерттеу нәтижелері......................................................................................9 бет
Жалпақтабандылықтың алдын алу үшін көрсетілетін көмек.................11 бет
Майтабандылықты емдеу..........................................................................11 бет
Балаға аяқ киім қалай таңдау керек.........................................................11 бет
Майтабандылықтың алдын алу................................................................12 бет
Қорытынды.......................................................................................................13 бет
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................14 бет
Қосышалар
Кіріспе
Елімізде жалпақ табанның кесірінен әскер қатарынан шеттетіліп, азаматтық борышын өтей алмай жүрген азаматтар көп. Тепсе темір үзетін жас жігіттердің жалпақ табан болуының себебі әр түрлі. Мамандардың айтуынша, жалпақ табан кейбіреуінде туа бітсе, енді біреулерді жүре пайда болады екен. Әскерде болу ер жігітке мақтаныш. Қолына қару алып, сарбаз атану әр азаматтың арманы. Десе де биылғы жылы жастардың басым көпшілігі бұл мақсаттарына жете алмайтын сыңайлы. Себебі, тепсе темір үзетін жігіттердің бір парасы медициналық тексерістен өткенде денсаулығының кінәраты барлығы айқындалған. Яғни әрбір он азаматтың тек біреуі ғана әскерге жарамды көрінеді. Әскерге аттануға тиіс қазақ жігіттерінде, біріншіден, жоғарыдағыдай дерттер көп болса, екіншісі, олардың әлжуаздығы. Әскерге барушылардың 35-40 пайызы майтабан.
Мен кәзіргі кезде мектеп оқушысымын, кейін менің сыныптас ұлдарым әскер қатарына шақырылады, сондықтан осы дертті тереңірек білгім келді. Бұл туралы білу маған және менің сыныптастарыма бұл мәселеден аулақ болуға көмектеседі деп ойлаймын.
Ауруды емдеу емес, оның бетін қайтару жеңіл екені бәрімізге мәлім. Сондықтан, мен өзіме мындай мақсат қойдым: алдын алу әдістерін анықтап, мектеп оқушыларынң арасында майтабандылықтың таралу дәрежесін зерттеу және жалпақ табанды емдеуге кешенді жаттығулар ұсыну. Ауруды емдейтіндер үшін, профилактикалық шаралар жеткіліксіз. Мақсатыма жету үшін алдыма келесі міндеттерді қойдым:
Майтабандылық бойынша ақпарат көздерін зерттеу;
Майтабанды зерттеу әдістерімен танысу;
Мектеп оқушыларның арасында майтабандылықтың таралу дәрежесін зерттеу;
Жалпақ табанды емдеуге арналған кешенді жаттығуларды ұсыну.
Аталған міндеттерге жету үшін мен мынадай зерттеу әдістерін қолдандым:
Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге талдау жасау, ғаламтор ресурстарымен қоса Федоров әскери комиссариатының алынған статистикалық мәліметтерін зерттеу.
Майтабандылыққа байланысты аурудың алдын алуын жүргізу (эксперимент) .
Алынған нәтижелерге талдау жүргізу.
Зерттеу объектісі: мектеп оқушыларының табандарының анатомо-физиологиялық дамуы.
Зерттеу мәселелері: мектеп оқушыларының арасында майтабандылықтың таралу дәрежесін зерттеу және жалпақ табанды емдеуге арналған кешенді жаттығуларды ұсыну.
Зерттеу гипотезасы: мектеп оқушыларының арасында 20℅-ы майтабандылық дерті бар деп ойлаймын.
Осы зерттеу жұмысын талдау барысында, оның теориялық және практикалық маңыздылығы айқындалды. Теориялық маңыздылығы: оның нәтижелері табанның дамуында және анықтау әдістері туралы ғылыми көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді. Есиновска Г.Н., Коваль Г.Ю., Новаченко Н.П., Жарков П.Л., Трубников В.Ф., Тютин Л.А., Антипенко В.С., Кишковский А.Н. және тағыда басқа ғалымдардың медицинаның осы саласында көп еңбектері белгілі.
Практикалық маңыздылығы оқушылардың денсаулығын сақтауда, оқырмандарымызға, әсіресе Отан қорғайтын болашақ сарбаздарға арнап жалпақ табанның алдын алуға арналған кеңес ұсынғанды жөн көрдік.
Әр адамның мақсаты – бойындағы кемшіліктен арылу.
«Халықтың салауатты өмір салтын иен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі білімі мен хабардарлығын арттыра беру міндет. Халық арасындағы спорттық бұқаралық сипат алуына және спортты насихаттауға ерекше ден қою керек...»
Қазақстан Республикасы Презитденті
Нұрсұлтан Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауынан
1.Майтабандылық.
Майтабандылық (майтабандық) – табанның сыртқы және ішкі пішінінің өзгеруі (деформацияға ұшырауы) салдарынан пайда болатын ауру, тірек-қимыл аппаратының ауруы. Адамның табаны көптеген сүйектерден, буын және сіңірден тұрады. Сүйектердің дұрыс орналасуы өте маңызды, себебі жүру барысында адамның барлық салмағы тікелей аяққа түседі.
Табанның элементтері бір-бірімен байланаса отырып екі доға құрады, оны «табан күмбездері» деп атайды, олар бойлық (табанның ішкі бөлігі) және көлденең (саусақтар арасы) түрде орналасады. Осы екі доға арқасында табанның ортаңғы бөлігі жерге тимейді, ал майтабандылығы бар адамның бүкіл табаны жерге тиіп тұрады, яғни табан күмбездері төмен түскен.
Бұл аяқты амортизациялық (сілкіністі азайту) қабілетін нашарлатады, аяқ тез шаршап, табанда ауырсынулар байқалады. Табан күмбездерінің деформациялануына (пішін өзгерту) қарай майтабандықтың екі түрі анықталған: бойлық және көлденең.
Пайда болуына қарай майтабандықтың төмендегідей түрлері болады:
Туа пайда болатын майтабандық – құрсақ ішінде даму ауытқуының салдарынан болады. Туа біткен майтабандық өте сирек кездеседі;
Рахиттық (мешелдік) майтабандық – бір жасында рахитпен ауырған балаларда кездеседі. Рахиттың салдарынан өзгеріске ұшыраған сүйектер мен буынды сіңірлерге баланың дене салмағы түсу салдарынан болады;
Дәрумендер мен микроэлементтердің жетіспеуі де себеп болуы мүмкін;
Жарақаттанудан кейін пайда болатын майтабандық – толарсақ, өкше және тобық сүйектерінің сынуынан кейін қалыптасады;
Паралич (сал ауыруы) салдарынан болатын майтабандық, екі немесе бір аяқтың ортан жілік бұлшық еттері мен қысқа бұлшық еттердің сал ауыруының нәтижесінде, орталық және шеткі жүйке жүйесінің бұзылыстырынан пайда болады;
Статикалық майтабандық – табан деформациясының ең көп таралған түрі. Ұзақ уақыт бойы түрегеп істелетін жұмыстың, артық салмақтың, эндокринді бұзылыстар салдарынан болады.
Туа пайда болатын майтабандықты ертерек анықтау үшін сәбиді бір айлығында ортопед дәрігерге міндетті түрде көрсету керек. Бұл сәбидің туа біткен қаңқа аурулары мен ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді. Кейде майтабандық перзентханада да анықталып жатады. Бұл жағдайд шұғыл шаралар қолданылып, сәбидің аяғына гипстен жасалған арнайы қалыптар кигізіледі, ал 3 жасында ортопед сәбидің аяқ-қолының ұзындығын өлшеп, табан күмбездерінің жағдайын бақылайды. Осы жастан бастап майтабандық белгілерін назардан тыс қалдырмай , ортопед дәрігерге жыл сайын қаралған дұрыс. Көбінде сәбилерде бойлық майтабандық байқалады. Бұл туа біткен және жүре пайда болған түрде болады.
Майтабандылық деген нақты диагнозы сәбилерге 5-6 жасында қоюға болады, одан ертерек, шамамен 3 жасында аурудың белгілерін байқауға болады. Барлық сәбилердің табаны 3 жасқа дейін жалпақ болып келеді, яғни бұл жастағы сәбилердің тері асты майы өте көп мөлшерде болады, сондақтан майтабандықтың бар-жоғын анықтау мүмкін емес. Уақыт өтісімен табандағы май біртіндеп ысылып, сіңірлер мен бұлшық еттер жиырылып, қатая бастайды.
Майтабандықтың салдарынан балаларда төмендегі қиындықтар туындауы мүмкін. Табанның аса маңызды қызметі – амортизация (сілкіністі азайту) қабілеті бұзылады. Нәтижесінде жүріп, жүгіру кезіндегі дене тербелісі сирақ, ұршық буындары мен омыртқаға беріледі. Буындарға ұзақ уақыт салмақ түскендіктен қабынулар нәтижесі артрозға алып келуі мүмкін.
Майтабандықтың омыртқаға тигізетін әсерінен омыртқа қисайып, сколиоздың дамуы мүмкін, ал аяқтың шаршап ауырсынуы, бас ауыруы болашақта баланың сабағының нашарлауына негіз. Майтабандықты ортопед дәрігер анықтайды, алайда үй жағдайында қарапайым тест арқылы балаңызда майтабандылықтың бар-жоғын анықтай аласыз. Тестті жасау (плантография) үшін баланың табанына өсімдік майын жағып, таза парақтың бетін басқызасыз. Нәтижесінде бала табанының ізі алынады, осы іздің түріне қарай майтабандылық анықталады. Егер де жалпақ, яғни табанның бүкіл беті із болып түссе – балаңызда майтабандық бар деген сөз. Майтабандылығы жоқ адамның ізінде табанның ортаңғы ойығы оның енінің 2/3 бөлігін алады. Майтабан адамда ондай ойық мүлдем болмайды.
1.1 Жалпақтабандылықтың пайда болу себептері
Жалпақ табан - адам табанындағы ойыстың түгелдей немесе жартылай тегістеліп, жалпайып кетуі. Табан ойысының жалпаюына байланысты: көлденең жалпақ табан және ұзына бойлық жалпақ табан болып ажыратылады. Біріншісінде табанға аяқтың 5 бақайшақ сүйегігің алдыңғысы ғана тірек болып, еденге (жерге) табанның басы ғана тимей тұрады. Ал екіншісінде аяқты басқанды, табан толықтай еденге тиеді, ал ондай жағдайда табан ойдай жағдайда табан ойысының белгісі де қалмайды.
Жалпақ табандылықтың 0-ден 3-ші дәрежесіне дейінгі аяқ ізі
Жалпақ табанның іштен туа біткен және жүре пайда болған екі түрі болады. Туа біткен жалпақ табан сирек кездеседі, себебі, ол табан сүйектері мен жіліншіктің жетілмеуінен болады. Ол балаларда мешел ауруының салдарынан тым көп салмақ болса, ал ересек адамдар, әсіресе, күні бойы тік тұрып қызмет істейтін (шаштараз, сатушы, т.б.) , ауыр дене еңбегінен (жүк тасушы, т.б.), аяқ киімді дұрыс таңдап кимеуден, табанның, тілерсек пен табанның қосылған буынының, т.б. жарақаттануынан болады.
Жалпақ табан адам жүргенде тез шаршап, балтыры, табаны, белі ауырады. Кешке қарай табаны ісініп, ертеңіне қайтуы мүмкін. Асқынған түрінде табан пішіні мен жүрісінде өзгерістер (кібіртіктеу, аяқты шалыс басу) пайда болып, аяқтың үлкен башпайы қийсаяды. Аурудың белгісі біліне бастағанда ортопед-дәрігерге көріну керек. Аурудын алдын алу үшін спортпен айналысу, әсіресе, жүзумен көбірек шұғылдану керек, бірақ спорттың аяққа көп салмақ түсіретін түрімен (ауыр атлетика, жүгіру, коньки жарысы) айналысуға болмайды. Жылы кезде құмда, борпылдақ топырақта жалаңаяқ жүрген пайдалы. Сондай-ақ, аяқ киімді дұрыс таңдаудың маңызы зор. Тар немесе кең, өкшесі 3-4 см-ден биік аяқ киім киюге болмайды. Арнайы ұлтарақ, массаж белгіленеді, асқынып кеткен түріне хирургиялық операция жасалады.
Туа пайда болған жалпақ табан кезінде, әдетте, байланыстырушы тіндер жетіспеушілік бедгілері байқалады – алыстан көре алмаушылық, жүректегі қосымша желі, өттің иілуі және т.б. жалпақ табан бұлшық еттердің дамымауының, дамудың басқа да ақауларының нәтижесі болуы мүмкін. Табан кемшілігімен туғандар сирек кездеседі, шамамен 11℅. Алайда тұқымқуалаушылық фактордың маңызы зор. Егер ата-анасы жалпақ табаннан
зардап шексе, баланың да табан кемшілігімен тууы әбден мүмкін.
Жүре пайда болатын жалпақ табан да, өкінішке орай, сирек құбылыс емес. Жалпақ табандылықты жарақаттар тудыруы мүмкін, бірақ көпшілік жағдайда сынған тобықтың дұрыс бітпеуінен болады.
Жалпақ табанның жүре пайда болуы балаларда жиі кездеседі, өйткеніолардың бұлшық еттері әлі де болса әлсіз, сол себепті ауырлықты көтере алмайды.
Үлкен адамдарда жалпақ табанаяққа шектен тыс күштің түсуінен болады. Бұл- артық салмақ, ұзақ уақыт аяқта тұру, жүктілік, биік өкшемен жүру (биік өкшелі, сүйір тұмсықты аяқ киімдерде әйелдер барлық табанға емес, табан сүйектерінің ұшына ғана сүйенеді).
1.2 Жүре пайда болатын майтабандылыққа әсер ететін факторлар:
1. Баланың артық салмағы:
2. Сапасы төмен аяқ киім кию (тым жұмсақ немесе қатты табанды аяқ киім, резеңке аяқ киім, өкшесі тым биік немесе өкшесі жоқ аяқ киім);
3. Баладағы мешел аруы және кальций мен фосфор алмасуының бұзылуы;
4. Теріс бітіп кеткен сыну;
5. ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт төсек тартып қалу;
6. Буындардың тым көп қимылдауы;
7. Ауыр көтеру (мысалы: бала кезінде өзінен кейінгі іні – қарындастарын көтеру);
8. Балетпен тым ұзақ шұғылдану.
Майтабан және келбет кемістіктері. Бір қарағанда осы екеуінін арасында байланыс жоқ секілді. Ал сол уақытта, зерттелген балалардың 60-70℅-да омыртақаларының қисықтығы және келбетінің басқа да кемістіктерінің басты себебі майтабан болған. Тіпті табан пішінің кішкене өзгерісі де баланың физикалық дамуын күрелі өзгертуі мүмкін. Жалпақ табанның динамикалық мүмкіндіктері шектеулі, буындар қозғалысының көлемі минималды, ал табанның шетке қарай қисаюы қатты ауыруға алып келуі мүмкін. Осындай кемістігі бар балалар ұзақ уақыт тұра алмайды, тез шаршайды, аяқ пен бел ауруларына жиі шағымданады.
2. Эксперименттік бөлім.
2.1 Бала майтабаны бар ма екендігін қалай білуге болады?
Оның аяғын әртүрлі жағынан көру үшін, балаңыздан еденде әртүрлі бағытта жалаңаяқ жүруін сұраңыз. Табанның ішкі жағына және олардың тығыздалуына ерекше көңіл бөліңіз. Кейде майтабан туа бітуі мүмкін, ал жиі есейе келе пайда болады, бір жыл пинетка киіп жүру салдарынан пайда болады. Осыған байланысты педиатрлар пинеткаларға бір қабат тері қалыңдағанда өкше жабыстыруға кеңес береді. Мұндай аяқ киім табан бұлшық еттерін нығайтады, дұрыс келбетті қалыптастырады. Оны анықтау қиын емес. Бұ үшін майлы крем және бір парақ қағаз алу керек. Сосын табаныңызды креммен майлап, қағазды басыңыз. Барлық табанға сүйеніп, түзутұрыңыз, өйткені нәтиесі қате болуы мүмкін. Енді ізіңізді мұқияат қараңыз. Қалыпты жағдайда табанның ішкі жағында табанның үлкен бөлігін алатын ойық болады. Егер ол ойық болмаса немесе ол өте жіңішке болса, онда ол жалпақ табанды білдіреді. Жалпақ табанды және оның кезеңдерін білдіретін бірнеше белгілерді атап өтейік:
Жалпақ табанның бірінші кезеңі:
Дене күшінен соң табан ауырады;
Ешке таман табан шаршап, ісінеді;
Жалпақ табанның екінші кезеңі:
Ауыршаңдық бүкіл аяқты тізе буындарына дейін алады;
Жалпақ табанның үшінші кезеңі:
Бел ауыра бастайды, ал аяқ киіммен жүру қиынайды. Аяқтың ауруы тұрақты бас ауруымен сәйкес келуі мүмкін;
Аяқ өсіп кеткендей болады, бір өлшем үлкен аяқ киім алуға мәжбүр болады;
Ескі аяқ киімдердің өкшесі ішкі жағына тапталған.
Алайда, аталған белгілер жалпақ табанға ғана емес, басқа да ауруларға сәкес келуі мүмкін екенін ескеру керек, мысалы, буындық немесе эндокриндік, сондықтан да нақты диагнозды білу үшін дәрігердің көмегіне жүгіну қажет.
2.2 Мектеп оқушыларының арасында жалпақтабандылықты зерттеу
Жалпақтабандылықты зерттеуді плантография әдісі арқылы жүргіздім. Плантограмма – қағазда қалдырылған аданның ізі. Зерттеу мектептің медициналық кабинетінде жүргізілді. Мектептегі медбике оқушылардан плантограмма алуды көмектесті. Ол үшін ақ парақ алынды, оқушылар табандарына гуашь жағып ақ параққа іздерін қалдырды. Одан әрі қарай плантограммаларды мен Чижиков әдісі арқылы талдау жасадым.
Плантограммаларға Чижиков әдісі бойынша талдау жасау
Қағаздағы плантограммаға АБ сызығын сызамыз, ол сызық ішкі жағындағы шығып тұрған нүктелерді қосады. ВГ сызығы екінші саусақтың ортасынан өкшенің ортасындағы нүктелерді қосады. ДЕ сызығы ВГ сызығына перпедикулярлы және оны екіге бөледі. ДЕ және ЕЖ сызықтарды өлшейміз (2-қосымша).
ДЕ – табанның ені.
Х= ДЕ/ЕЖ
Егер Х – 0-ден 1-ге дейін болса, табан нормаға сайкес келеді.
Егер Х – 1-ден 2-ге дейін болса, жалпақтпбпндылықты сипаттайды.
2.2 Зерттеу нәтижелері
Өзімнің зерттеу жұмысымды «Федоров ауданы әкімдігінің №2 орта мектебі» КММ медициналық кабинетінде жүргіздім. Зерттеу 5-10 сыныптар аралығында ұйымдастырылды. Зерттелген оқушылар саны 40, кейбір оқушылар қатыспады.
Оның ішінде сыныптар бойынша
1 сурет. Зерттеуге қатысқан оқушылар
Алынған плантограммаларға талдау жасай отырып, мен мынадай нәтижелер алдым (2 сурет). Жалпақ табан жоқ оқушылар саны 10 (25℅). Басқа оқушылар арасында әр түрлі ауытқулар байқалды. Зерттелген оқушылар арасында 10 (25℅) оқушыда жалпақтабандылық анықталды, жалпақтау табан 4 оқушыда (10℅), өте жалпақ табан 7 оқушыда(17,℅), ал майтабан 9 оқушыда (23℅) анықталды.
2 сурет. Чижиков бойынша индекс көрсеткіші
Табанның элементтері бір-бірімен байланыса отырып екі доға құрады, оны «табан күмбездері» деп атайды, олар бойлық (табанның ішкі бөлігі) және
көлденең (саусақтар арасы) түрде орналасады. Осы екі доға арқасында
табанның ортаңғы бөлігі жерге тимейді, ал майтабандылығы бар адамның бүкіл табаны жерге тиып тұрады, яғни табан табан күмбездері төмен түскен.
Бұл аяқтың амортизациялық (сілкіністі азайту) қабілетін нашарлатады, аяқ тез шаршап, табанда ауырсынулар байқалады.
Жалпақ табандылықтың 0-ден 3-ші дәрежесіне дейінгі аяқ ізін талдау нәтижесінде менің анықтағаным, әр түрлі ауытқулар 12 ұл, 18 қыз балада көрінді.
3 сурет. Жалпақ табандылықтың 0-ден 3-ші де»інгі ауытқулардың таралуы.
Әр түрлі дәрежедегі жалпақ табандылықты анықтау барысында тек бір оқушыда туа біткен жалпақ табандылық анықталды (4 сурет).
4 сурет. Пайда болуы бойынша.
Зерттеу нәтижелері бойынша дұрыс табан 10 оқушыда анықталды, ол 25℅ құрайды. Әр түрлі ауытқулар 30зерттелген оқушыда анықталды, соның ішінде 18 қыз, 12 ұл бала. Әр түрлі дәрежедегі жалпақ табандылық 10 оқушыда табылды. Тек бір оқушыда туа біткен жалпақ табандылык, ал 9 оқушыда жүре пайда болғаны анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |