Абстракт Тақырыбы: «Оқушылар арасында жалпақтабандылықты анықтау және алдын алу шаралары» Ғылыми жобаның мақсаты


Жалпақ табандылықтың алдын алу үшін көрсетілетін көмек



бет2/2
Дата31.01.2018
өлшемі361,17 Kb.
#36738
1   2

3. Жалпақ табандылықтың алдын алу үшін көрсетілетін көмек

3.1 Майтабандылықты емдеу

Бұл ауруды емдеудің негізгі мақсаттары: табандағы ауырсынуларды жою, аяқтың бұлшық еттері мен сіңірлерін күшейту және табанның қызметін қалпына келтіру. Майтабанды емдеудің негізгі екі әдісі бар: хирургиялық жолмен (операция) және кері тартпа жолмен.

Кері тартпа жолмен емделу тәсілі: емдік гимнастиканы (Қосымша 2,3), массаж (уқалау), аяқ ванналары, физиотерапия (физикалық ем), дұрыс ортопедиялық жолмен жасалған аяқ киім немесе ұлтарақ кию. Ауруды емдеу емес, оның бетін қайтару жеңіл екені бәрімізге мәлім, сондықтан мен ойлаймын:


  1. «Жалпақтабандылық. Қандай қауіпі бар?» атты сынып сағаттары арқылы насихаттау жұмыстарын жүргізу. Зерттеу әдістері және алдын алу шаралары туралы жаднамалар әзірлеп, тарату.

  2. Баланың табан күмбездері дұрыс қалыптасу үшін, аяқ киімінің сапасы өте маңызды екенін айту.

  3. Медициналық тексеру барысында оқушылардың табанына назар аудару, себебі дәрігерлер медициналық тексерісте он жылда менің табаныма көңіл аудармады.



3.2 Балаға аяқ киімді қалай таңдау керек.

Баланың табан күмбездері дұрыс қалыптасуы үшін, аяқ киімнің сапасы өте маңызды. Сірісі қатты, өкшені нық ұстайтын, астындағы ақасы (каблук) жарты сантиметрден кем неесе көп болмауы керек, сонымен қатар, ішкі бетінде серпімді жұмсақ ұлтарағы болуы керек. Қостанай қаласында орналасқан аяқ киім фабрикасы ресейлік сауда орындарының сұранысы бойынша көп жылдардан кейін балалардың аяқ киімін қайта шығара бастады. Қазір мұнда бүлдіршіндерге арналған таза теріден тігілген аяқ киімнің 6 түрі дайын тұр. Мамандардаң айтуынша, егер сұраныс болса, кәсіпорын өнім көлемін ұлғайтуға және түрін көбейтуге дайын. Американдықтар: «Мен арзан өнім алатын соншалықты бай емеспін», - дейді екен. Осы орайда айтарымыз, Қытайдың арзан шәркейін кигенше, таза былғарыдан тігілген отандық өнімді бағалауды үйренсек болмас па еді?



    1. Майтабандылқтың алдын алу.

Балалардағы майтабандылықтың алдын алу үшін келесі жаттығулар кешені қолданылады:

  1. Еден үстінде оқтау немесе кішігірім допты домалатып сырғанату;

  2. Еденнің үстіне жұмсақ қағаз төселеді, соны табанмен қысып умаждау керек.

  3. Еденнің үстіне шашылып тасталған заттарды табанымен алып, бір орыннан екінші орынға тасымалдау;

  4. Табанымен сыртқа және ішке қарай шеңберлі қозғалыстар жасау.

*екі табанның арасына допты қысып көтеру;

*табанының үшімен, өкшесімен және табанның ішкі шетімен кезектеп жүру;

*бұжырлы бетте жүру (массажды кілемше, құм, жұмыр тас);

*бөрене үстінде жүру, арқан бойына өрмелеу.



Жалпақ табанның алдын алу жаттығулары

  1. Ауруды емдеу емес, оның бетін қайтару жеңіл екені бәрімізге мәлім. Сол себепті жалпақ табанның алдын алу үшін 2-3 массаж кілемшелерді үй ішіндегі өзіңіз көбірек жүретін жерлерге төсеп қойыңыз;

  2. Күніне бірнеше рет жалаңаяқ әлгі кілемшеге тұрып, келесі қимылдарды жасаңыз:

  • Аяқтың ұшымен тұрыңыз;

  • Аяқтың ұшымен өкшеге қарай сырғанаңыз;

  • Табаныңыздың сыртымен тұрыңыз.

  1. Табиғат аясында жүргенде, жерде, дымқыл шөпте, таста жалаңаяқ жүруге тырысыңыз. Сондай-ақ жүрісіңізге назар аударыңыз: аяқты қатар қоюға тырысыңыз, ал жүрген кезде табанның сыртына сүйеніңіз;

  2. Профилактиканың тағы бір тиімді әдісі – арнайы әзірлеген супинатор ұлтарақтар. Мұндай ұлтарақтар табанды қалпына келтіреді. Жұқа супинатор ұлтарақты туфлиге салады. Бұл шаршаған аяқтардың жұмысын біршама және жалпақ табанның алғашқы белгілерін жоюға көмектеседі;

  3. Жалпақ табанды емдейтіндер үшін профилақтикалық шаралар жеткіліксіз. Сондықтан оны емдеуге төмендегідей кешенді жаттығулар жасаған жөн.

Бірінші жаттығу:

Үзу ұсталған аяқпен отырып, тізе мен өкшені қосады да оң жақ табанды қатты иіп, сол жақ табанның алдыңғы жағын көтереді. Бұдан соң аяқтарды ауыстырып, жаттығуды қайталайды.



Екінші жаттығу:

Орындықты отырып:



  • Табан саусақтарын ию;

  • Табандарды ішке қарату;

  • Табандарды ішке қарай айналдыру;

  • Екі табанмен допты ұстап, көтеру;

  • Аяқ саусақтарымен қарандашты ұстап, көтеру;

  • Аяқ саусақтарымен губканы ұстап, көтеру;

  • Аяқ саусақтарымен жұқа кілемшені тарту;

  • Табанымен оқтауды немесе диаметрі 5-7 см таяқтыайналдыру керек.

Үшінші жаттығу:

Аяқтың ұшымен, табандар қатар тұрады:



  • Құммен немесе поролон кілемшемен саусақтарды бүгіп, табанның сыртқы жағына сүйеніп, жалаң аяқ жүру;

  • Шабылған шөптің үстімен табанның сыртқы жағына сүйеніп, жалаңаяқ жүру керек;

Ескерту: Аталған жаттығулардың барлығы жалаңаяқ орындалады және әрқайсысын кемінде 8-12 реттен қайталау керек.

Май табанды қалпына келтірудің негізгі әдістері – емдік жаттығулар. Бала оны анасының бақылауымен жасай алады. Ал қажетті жаттығуларды үйренуге дәрігер көмектеседі.

  1. Отырып табанды кезек-кезек бүгу;

  2. Табанды айналдыру;

  3. Әткеншек деп аталатын жаттығу. Бала кезек-кезек аяқтарының ұшына тұрып қайта табанына түседі;

  4. Аяқтарының ұшымен жүру;

  5. Еденге гимнастика таяғын қойыңыз. Осы таяқ бойында жүру өте пайдалы;

  6. Аяқтарының ұшымен жартылай отырып тұру;

  7. Гимнастика таяғына жүйелеп отыру;

  8. Ал мына жаттығуда бала есіне қысты түсіреді. 1-3 минуттай шаңғымен жүргендей аяқтың ұшымен жүреді;

  9. Гимнастика үшін екі доп қажет болады. Кішкентай допты аяқтарының башпайларымен 1-3 минуттай аналдыру өте пайдалы. Бала үлкенге (медцибол деп аталатын доп) тұрып, тепе-теңдік ұстап тұруы қажет. Одан кейін доптан түспей бірнеше рет отырып тұрып көрсін;

  10. Башпайларымен секіру;

  11. Гимнастикалық шеңбер сатып алыңыз. Балаға аяқтарының башпайларымен шеңберді айналдыруды үйретіңіз;

  12. Аяқтарының башпайларымен әр түрлі заттар көтеру.

Сонымен қатар, арнайы жапдықты талап ететін жаттығулар да бар, олардың да емдік салдары зор. Ол үшін жаздың шуақты күнін пайдаланыңыз. Ең алдымен, баланың далада көбірек жалаң аяқ жүргені жақсы. Екіншіден, егер балаңыз жылы жауыннан кейін аяғымен балшық илеп, шалшық кешіп жүрсе қорықпаңыз.

Тағы бір ескерту. Барлық жаттығуларды бір уақытта орындау міндетті емес. Алғашында бес-алты жаттығудан бастап, 10-15 күннен кейін біртіндеп тағы да жаттығулар қоса берсе болады.

3-4 минуттан кейін баланы демалтыңыз. Барлық жаттығу 15-20 минутқа созылуы қажет. Жаттығуларды күніне екі рет қайталау қажетті нәтижелер береді. Бірнеше айдан кейін бала өзін жақсы сезінетін болады.

Қорытынды

Жалпақ табанның бірінші белгілері көбінесе бала кезде білінеді, алайда көпшілік ата-аналар балаларының денсаулығына назар аудара бермейді.

Осы мәселені зерттеу барысында мен мынадай қорытындыға келдім, жалпақтабандылық өте көп таралған ауру және жалпақ табанды емдегеннен, оның алдын алған әлдеқайда тиімді. Өкінішке орай, үлкен адамдардың жалпақ табаннан толық сауығуына көп күш-жігерді қажет етеді. Ақыр соңында, сізге жалпақ табан қаупі төніп тұрса да, аяқтың шаршағанын басу ешкімге бөгет болмайды. Бұл тек пайдалы, әрі жағымды. Жалпақ табандылық тірек-қимыл жүйесінің түрлі ауруларының асқынуына себеп болады (артрит, сколиоз, остеохондроз, радикулит, омыртқа жотасы).

Жұмыс барысында мен ғылыми әдебиеттерді оқыдым, аурудың алдын алу әдістерімен таныстым, жалпақ табандылықтың алдын алу әдістерін біле отырып, мен өз сыныптастарыма кеңес бере аламын. Сынып сағаттарында оқушыларды өз тақырыбыммен таныстырамын деп жоспарладым. Жұмысты аталған тақырыпта жалғастырамын, яғни зерттелген оқушыларда жалпақ табандылықтың пайда болу себебін анықтаймын.

Проблеманы практикалық талдау нәтижесіндегі гипотеза практикалық зерттеу барысында алынған мәліметтер арқылы дәлелденді.

Жалпақ табандылықтың таралу дәрежесі 5℅-ға жоғары болып шықты. Бұл зерттеу тақырыбының актуалдығын дәлелдейді.



Пайдаланған әдебиеттер.

  1. Биология, география және химия. Журнал №6 2014 жыл.

  2. Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау туралы заң. Алматы 1998 жыл.

  3. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Алматы 2014 жыл.

  4. Қожабеков М. Дәрілік өсімдіктер. «Қазақстан» баспасы, 1975 жыл.

  5. М. Оспанова, Ж. Лұқпанов. Өсімдік жанға шипа, дертке дауа. Алматы, «Қайнар» 1992 жыл.

  6. С. Арыстанғалиев. Қазақстан қазақша-орысша-латынша атаулар сөздігі. Алматы «Сөздік-словарь» 2002 жыл.

  7. Билич Н.П. Медицинская популярная энциклопедия. – М. АСП, 1997.

  8. Тупиев И.Д., Хабибулина И.Р. Спортивная морфология – Уфа, 2006.

  9. Чаговадзе А.Г. Предупреждение и лечение плоскостопия.-М. Медицина, 1965.

  10. Энциклопедия здоровья. Под ред. В.М. Петренко. – М, 1992.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет