«Экология және тіршілік қауіпсіздігі» пәнінен тәжірибелік сабаққа және білім алушының өздік жұмыстарға арналған


ӨНЕРКӘСІП ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ БӨЛІНЕТІН ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖӘНЕ МАКСИМАЛДЫ ШЫҒАРЫНДЫЛАР МӨЛШЕРІН ЕСЕПТЕУ



бет6/18
Дата08.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#122394
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Экология и БЖД 2019 му каз Айжан

ӨНЕРКӘСІП ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ БӨЛІНЕТІН ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖӘНЕ МАКСИМАЛДЫ ШЫҒАРЫНДЫЛАР МӨЛШЕРІН ЕСЕПТЕУ.

ОТЫННЫҢ ЖАНУЫ КЕЗІНДЕГІ ШЫҒАРЫНДЫ ҚУАТЫН ЕСЕПТЕУ




Мақсаты: өнеркәсіп қондырғыларын пайдалану кезінде бөлінетін зиянды заттардың жылдық және максималды шығарындылар мөлшерін анықтау.

Отынның жануы кезіндегі шығарынды қуатын анықтау.


Көмір немесе басқа сұйық отын түрінің жануы барысында бөлінетін қатты бөлшектердің саны. (күл және жанбай қалған отын):


, т/жыл (2.1)

мұндағы B – отын шығыны, т/жыл; Aротынның ыстылығы, %; Қарағанды көмірі үшін– 27,6; шымтезек үшін – 0,1; f – жағу конструкциясына байланысты коэффициент, көмір үшін f=0,0023; мазут үшін f=0,02; з – тазалау аппаратының ысты ұстау коэффициенті, егер аппарат жоқ болса з=0.


Көмір немесе басқа сұйық отын түрінің жануы кезінде бөлінетін SO2 мөлшері:


, т/жыл (2.2)

мұндағы Sр – отын құрамындағы күкірт мөлшері, %; Қарағанды көмірі үшін– 0,8; мазут үшін – 1,9; – ұшпа ысқа байланысты SO2 мөлшері; Қарағанды көмірі үшін – 0,1; мазут үшін – 0,02; – тазарту аппаратында жиналған SO2 үлесі .


CO мөлшері:


, т/жыл (2.3)

мұндағы Qрн – отынның жануындағы ең төменгі жылулығы, МДж/кг; Қарағанды көмірі үшін– 21,12; мазут – 39,85; газ – 35,7, кДж/м3; kCO – жағу типіне байланысты жануы кезінде бір жылу бірлігіне келетін СО мөлшері, кг/кДж, от жаққыштын түріне байланысты: көмір (қозғалмайтын тор, қолмен тастау) – 1,9; мазут үшін – 0,32; табиғи газ үшін – 0,25; q4 – отын жанудын механикалық толық еместігінен туындаған, жылудын жоғалуы, от жаққыштын конструкциясына тәуелді: уголь (қозғалмайтын тор, қолмен тастау) – 7%; мазут және табиғи газ – 0.


Мөлшері NO2:


, т/жыл (2.4)

мұндағы  – техникалық шешімдердің қабылдануы нәтижесінде NO2 шығарындысы мөлшерінің төмендеу дәрежесін ескеретін коэффициент β – 0 деп алуға болады; – 1 гДж жылуға келетін NO2 мөлшері, кг/гДж жылу қазанының қуатына тәуелді болады: көмір үшін – 0,2; мазут және газ үшін – 0,08.


Мөлшері V2O5:


, т/ жыл (2.5)

мұндағы ос – котелдің қызу бетіне V2 O5 – тің шөгу коэффициенті, аралық қайта, аралық бу қыздырғыштары бар котелдары үшін – 0,07, мұндай қондырғысыз – 0,05; басқалары үшін – 0. у – тазарту қондырғысына жиналған қатты заттектер үлесі 0- ге тең деп алуға болады. – сұйық отын құрамындағы ваннадий оксидінің мөлшері, г/т:




, г/т. (2.6)

Максимальды – секундтық шығарындылар төмендегідей жылдық шығарындылар бойынша анықталады:




, г/с. (2.7)

мұндағы, t – қондырғының бір жыл ішіндегі жұмыс уақыты, сағат.


3-тәжірибелік сабақ






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет