Жер сілкінісінен кейін Сабыр сақтай отырып, жағдайды анықтай біліңіз. Қандай жағдайда болса да жер асты дүмпуінің қайталануы мүмкін деген ойдан шығарылған үрейлі қауесет таратушы болмаңыз, бұл жөнінде ешқандай деректер, болжамдар, өсек-аяң әңгімелер айта көрмеңіз. Тек ресми деректерді ғана пайдаланумен шектеліңіз. Болашақ дүмпулердің мүмкіндігі жөніндегі әңгімелерге тыйым салыңыз, бірақ ондай дүмпулердің болуы мүмкін екенін есіңізден шығармаңыз.
Зардап шеккендерге қолма-қол көмек көрсетіңіз, алғашқы жәрдем жасауды ұйымдастырыңыз. Зардап шеккендерді суықтан сақтау үшін жылы жауып қойыңыз. Мединциналық көмек көрсетуді қажет ететін адамдарға оны іздеп, тауып ұйымдастырыңыз.
Өрт шығып кету қаупінің бар не жоқ екенін тексеріңіз. Қолыңыздан келсе, алғашқы жалынды көре сала өшіріңіз. Және өрт сөндіретін команданы шақырыңыз. Су және газ құбырларын тексерініз /газды иісін сезу арқылы ғана тексеру керек/. Электрмен жабдықтау жүйесінде бүлінген жерлер байқала қалса, оны жүйеден бөліп тастаңыз. Егер газдың шығып жатқанын сезсеніз, барлық есік-терезелерді ашуға асығыныз. Сөйтіп, үйден тез шығып кетіңіз де тиісті қызмет көрсететін орынға хабарласыңыз.
Электр қуатын жеткізетін желілерге, сымдарға немесе оған жанасып тұрған заттарға қол тигізе көрмеңіз. Канализацияның дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізбейінше туалетті пайдалануға болмайды. Төгілген немесе шашылған улы химикаттарды және жанатын сұйық заттарды тезірек жоюға тырысу керек. Бұл жөнінде айналаңыздағы адамдарға ескертуге асығыңыз. Аяғыңыздан жаралап алмас үшін мықты аяқ киім киіңіз. Мейлінше қажеттілік болмайынша зақымданған ғимараттарға кірмеңіз. Өйткені олар мейлінше күтпеген жерден құлап түсуі мүмкін. Оның үстіне сыртқа шығып жатқан газ, зақымданған электр желісі қатер төндіруі мүмкін. Жеке сектордағы үйлердің пештері мен мұржалары қаншалықты бүлінгенін тексеріңіз. Егер сызат беріп, жарылған болса, оны оны жөндемейінше от жақпаңыз. Өйткені ол неғұрлым маңызды өзге істер үшін қажет болуы мүмкін.Туған-туыстарыңызбен жақындарыңызға қолыңыздан келгенше көрсетілген көмектің бәрін жасап болғаннан кейін үйінділерді аршуға және зақымданған ғимараттардағы құтқару жұмыстарын атқаруға қатысыңыз. Азаматтардың жеке меншігіндегі мүліктерді, қоғамдық және мемлекеттік меншікті сақтауды ұйымдастыруда милиция мен басқа да органдарга көмектесіңіз. Ұрылардың, талан-таражға салып тонаушылардың, үрей туғызушылар мен өзге де бұзақы элементтердің іс-әрекетіне тыйым салуға жәрдемдесіңіз.
Жер сілкінісі және оның зардаптарымен күресудің қажетті шаралары туралы радио және жылжымалы күшейткіш құралдар арқылы берілетін хабарларды мұқият тындаңыз. Ірі-ірі жер сілкіністері кезінде екінші кезектегі зақымдаушы факторлардың –жарылыстардың, өрттердің, күшті әсет ететін улы заттардың және басқа да қатерлі заттардың айнала төңіректерді зақымдауы мүмкін екенін әрқашан есте ұстаңыз.