Экология негіздері



Pdf көрінісі
бет10/10
Дата18.10.2019
өлшемі0,7 Mb.
#50254
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ekologiya-negizderi metodika kaz 6-let


(Ұ) Өзекті мəселе.  
Орман алқаптарында аңдар мен құстардың бірнеше түрі 
мекен етеді, орман алқаптарында аң аулауға мүлдем 
тыйым салынған. Жануарларды қоректендіру, қорғау 
мақсатында бұлақ көздері қоршалып, тас төселеді, құс 
ұясы жасалып, құмырсқа илеулері қоршалады, халық көп 
жүретін орман алқаптарына, сонымен бірге орманға кіре 
беріс жолдарға өрт қауіпсіздігін сақтау мен аң-құстарды 
қорғау тақырыбында билборд орнатылады. Орманшының 
басты жұмыстарының бірі  – орман алқабын тілсіз жау 
өрттен жəне түрлі зиянкестерден қорғап, өз бетімен 
заңсыз ағаш кесуді болдырмау жəне заңсыз аңшылықпен 
күресу болып табылады.Ал қысты күні орманшылар жаңа 
жыл мерекесі қарсаңында тəуліктік кезекшілік 
ұйымдастырып қылқан жапырықты ағаштарды  күзетеді. 
Орманшы орманды өрттен бастап, ағаш дертіне дейін, 
шөбінен бастап шөлейтіне дейінгі өзгерістерді қатаң 
бақылауға алып, аялы алақан, жүрек  жылуын талап ететін 
ізгілікті  мамандық. 
(Ұ)Сергіту сəті. 
«Орман» музыкасын тыңдату.  
 
Əліппе-дəптермен жұмыс. 
1. Сурет бойынша орманшының еңбегі туралы əңгімеле.   
 2.Суреттен орманшының ормандағы еңбек құралдарын 
атап, көрсету (дүрбі, жер өлшеуіш, балта, ара, күрек. 
3.Сурет салу: «Көрікті орман». 
4. «Кішкентай орманшылар» тақырыбына  əңгіме құрау. 

109 
 
 
 
ТАҚЫРЫБЫ: Біз табиғатты қорғаймыз 
 
 
Мектеп/ МҰ 
Педагогтің  аты-жөні: 
Сынып/топ: 
Қатысушылардың саны 
Болмағандар 
ҰОҚ   оқытылу 
мақсаты 
 
0.2.2.2 Экологиялық тəуелділікті түсіндіру; адамның табиғатпен байланысын жəне өзара əрекетін анықтау 
 
Үлгі сұрақтар:  
 
Орманшының еңбегі туралы не білдік? 
 
  Орман біздің-байлығымыз дегенді қалай түсінесің? 
  Орманшы болу сені қызықтырады ма? 
  Орманшы орманды кімдерден қорғайды? 
ҰОҚ қорытындылап, осы ұғымдармен балалар 
жетік танысу керек. 
   Орманшы –елдің орман байлықтарын қорғайтын адам.  
IV.ҰОҚ қорытындысы 
Рефлексия. 
 
28-30 мин. 
(Ұ, Ө)Педагог балаларды қорытынды жасауға 
əкеледі: Орманшы мамандығының маңыздылығын 
пысықтау. Өз ой пікірлерімен бөлісу. 
Рефлексивті бағалау. 
Балаларға ҰОҚ-да өз жұмыстарын өздері бағалауды 
ұсыну: ағашты əртүрлі түспен бояйды.  
1-деңгей  –  ештеңе түсінбедім – діңін қоңыр түспен бояу. 
2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – 
жапырақтарын жасыл түспен бояу. 
3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере 
аламын – жапырақтарын жасыл, діңін қоңыр түспен бояу.  
Əліппе-дəптер, түрлі түсті 
қарындаштар. 
 
 

110 
 
Болжамды нəтиже 
Барлық балалар: 
 
 табиғатты қорғау керектігін түсінеді; 
 табиғаттың көркеюіне қажетті жағдайларды атап бере алады; 
 ұйымдастырылған  қызметін зерттеу тақырыбын анықтай алады; 
 
Көпшілік балалар: 
 табиғаттағы   қауіпсіздік шараларын біледі 
 табиғатттағы өсімдіктерге мен жануарларға  не қажет екенін айтып бере алады 
 табиғатқа пайдалы іс-əрекеттерді атауды 
Кейбір балалар: 
 табиғатты қорғау не үшін керек екенін айтып бере алады; 
 табиғаттың адам өмірі үшін маңызын айтып береді. 
Тілдік мақсат 
Дағдыларды дамыту.  
Өзінің жинақтаған білімінің нəтижесінде балалар  осы ұйымдастырылған  оқу  қызметінің 
тақырыбын, танымдық іс-əрекетінің мақсатын анықтайды. Талқылау кезінде  «Неге?»,  «Бұл немен 
байланысты?», «Егер..., не болады?» деген сұрақтарды пайдалану. 
 
Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.  
 
 
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: зерттеу тақырыбы, сұрақтар,  табиғатты қорғайық, өрт 
қауіпсіздігі, табиғатты аялайық. 
 
ҰОҚ диалог/хат үшін қолданылатын тіл: 
 
Талқылауға арналған сұрақтар: 
Табиғатты қорғау не үшін қажет? 
Табиғатқа пайдалы жəне зиянды іс-əрекеттер? 
Сен табиғатқа қандай пайдалы іс-əрекет  жасадың ? 

111 
 
Өткен ҰОҚ-дан 
алған білім 
Табиғат туралы қарапайым түсініктер;табиғатты қорғау жəне  табиғатты сақтап қалу, пайдалы іс-
əрекеттерге  біршама тəуелділігі. 
Жоспар 
Жоспарланған уақыт 
Жоспарланған іс-əрекет 
Ресурстар 
VI.  Дұрыс əсерлі көңіл 
күй орнату. 
 
0–2 мин. 
 
 
 
 
 
 
II. Өмірлік 
тəжірибені маңыздандыру. 
Мақсатты болжам. 
 
3- 5 минут 
(Ұ)Шаттық шеңбері. 
 
Қол алысып, қəне, біз, 
Достасайық бəріміз. 
Айтарым бар сендерге, 
Тез тұрыңдар шеңберге. 
Қандай жақсы бір тұру, 
Достарменен бір жүру! 
Қандай жақсы дос болу! 
 
(Ұ)Педагог балаларға табиғат туралы өлең жолдарын оқып 
береді: 
 
Табиғатың құпиясы тұңғиық, 
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік. 
Білген сайын сырын оның жүреміз, 
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып. 
Табиғаттың қадірлеп қасиетін, 
Əділдікке əрқашан бас иетін, 
«Атаңнан мал қалғанша тал қалсын», – деп, 
Халқың айтқан орынды өсиетін. 
 
 
(Ұ) Табиғатты қорғау не үшін қажет? 
Табиғатқа пайдалы жəне зиянды іс-əрекеттер? 
Сен табиғатқа қандай пайдалы іс-əрекет  жасадың?Табиғаттың 
адам өміріндегі маңызы қандай? 
 
 
 
Табиғат туралы өлеңдер жинағы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

112 
 
 
Табиғат – адамзаттың өмір сүріп, еңбек етіп отырған ортасы. 
Табиғатқа қамқорлық жасау – əрбіріміздің міндетіміз. 
Табиғаттың əрбір бөлшегі – адамзат баласы үшін асқан байлық, 
қазына,адам өмірінің қорғаушысы денсаулықтың кепілі. 
 
Педагог суреттерге назарларын  аударады, балалардың 
табиғатты қорғау, табиғатты аялау туралы не білетіні, олардың 
маңызын,қорғаудың амалдарын, қажетті жағдайларды атап бере 
алу іскерліктері.  
Қорытынды:  
Күнделікті ішіп жеген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын 
кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда 
пайдаланатын дəріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз. 
Осылардың бəрі жомарт табиғаттың бізге тартқан сыйы. 
Сондықтан да біз оны аялап, қорғап жүруіміз керек. 
 
Табиғатты қорғау үшін қандай жұмыстар жүргізіледі? 
Педагог  балаларға өздерінің болжамдарын дəлелдеп беруге 
ұсыныс жасайды.  
Талдап қорыту: табиғатты дұрыс мақсатта пайдалану, 
табиғаттың адам өміріндегі рөлін түсіну.ағаштарды 
сындырмау,өсімдіктерді  бейберекет жұлмау,ормандағы 
ағаштарды өрттен сақтау. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Табиғаттың суреттері 
 (флипчартқа шығаруға болады). 
III. ҰОҚ  тақырыбы 
бойынша жұмыс 
6 – 27 мин. 
 
 
 
 
 
(Ұ)Өзекті мəселелер. 
Педагог  балалардың сұраққа жауап беруін сұрайды. 
Табиғат – тіршілік тірегі. Табиғаттағы ағаштар, өсімдіктер 
ауада ауру тудыратын бактерияларды жояды, ауаны тазартады. 
 Адам табиғаттан өзіне қажетті барлық заттарды алады. (Қорғау 
керек.  
Əр топтың алдына «Қорғау» деп жазылған плакат беріледі. 
Балалар қалай қорғау керек екендігін айтады.  
 
Табиғаттың суреттері. 
 
 
 
 
 
 

113 
 
 
 
 
 
 
 
(Ұ) Табиғатты қорғауға шақыратын бейнетаспа көрсету. 
«Табиғатты аялайық» ойыны. 
Əр бала жанды табиғат түрлерін плакатқа жапсырып, табиғат 
көрінісін бейнелеп, тыйым сөздерді айтады. 
(Ұ)Сергіту сəті. 
 
Педагог Б.Соқпақпаевтің «Табиғатты қорғайық»  атты 
əңгімесін айтып береді. 
 
Əңгімені қорытындылау мақсатында суреттер бойынша 
балалармен сұрақ-жауап ойыны. 
 
(Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс. 
1. «Табиғатты қорғау» ұғымын қалай түсінесің? Ереже 
құрастырту.  
2. Ребусты шешу. Шешуі: табиғат. 
3. Табиғатқа зиян келтіретін іс-əрекеттерді белгілету. 
4. «Табиғатты қорғау» тақырыбында сурет салу.  
 «Орман-тоғайларды қорғайық»        
бейнетаспасы. 
 
 
 
Музыкалық сүйемелдеу 
 
 
 
 
 
 
 
Əліппе-дəптер,  
түрлі түсті қарындаштар 
 
 
 
 
IV. ҰОҚ 
қорытындысы. 
Рефлексия. 
 
28-30 мин. 
 
(Ұ, Ө)Педагог балаларды қорытынды жасауға əкеледі: 
Табиғатты қорғау жəне аялау бүкіл тіршілік атаулы үшін 
маңыздылығы зор. Табиғатта қорғау амалдарын жасау 
қоршаған ортаның жойылып кетпеуіне, оған деген қамқорлық 
таныта білуге көмектеседі. 
Рефлексивті бағалау. 
Балаларға ҰОҚ-да өз жұмыстарын өздері бағалауды ұсыну: 
ағашты əртүрлі түспен бояйды.  
1-деңгей  –  ештеңе түсінбедім – діңін қоңыр түспен бояу. 
2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – жапырақтарын 
жасыл түспен бояу. 
3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын 
– жапырақтарын жасыл, діңін қоңыр түспен бояу.  
 
Əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

114 
 
Қосымша 
Құрметті мектепалды даярлық сыныбының педагогтері! 
 
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының негізгі 
міндеттерінің бірі – мектепалды даярлық пен бастауыш мектептерде білім беру 
сабақтастығын қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі даярлық сыныптары мен бастауыш 
сыныптардағы оқыту жəне тəрбиелеу жұмысы біртұтас даму үдерісін құраған жағдайда осы 
міндеттерді орындау мүмкін болмақ. Сонымен қатар мектепке дейінгі даярлық пен бастауыш 
мектептің үздіксіз сабақтастығының міндетті шарттарының бірі – бағдарламалар жəне оқу-
əдістемелік кешендерді құру қағидаларының біртұтастығы. Мектепалды даярлық пен 
бастауыш мектеп бойынша жаңартылған бағдарламаның мазмұнын салыстырмалы талдау 
көрсеткендей, бұл бағдарламалардың құрылымы біртұтас тəсілдерді қамтиды: 
  педагогтерге өз жұмысын жоспарлауға жəне балалардың жетістіктерін бағалауға 
мүмкіндік беретін оқу мақсаттары жүйесінің болуы; 
  оқу  үдерісін  күнделікті  өмірге  жəне  қарым-қатынас  жасауға  қажетті  қабілеттер 
мен практикалық дағдыларды дамытып, қалыптастыруға бағыттау; 
  балалардың  əлеуметтік  маңызы  бар  тақырыптарды  терең  шолуына  бағытталған 
тақырыптық оқу мазмұнының болуы; 
  пəнішілік жəне пəнаралық мазмұнының кіріктірілуі; 
  мектепалды даярлық пен бастауыш мектептегі оқу-тəрбие үдерісінің ортақ үлгісін 
қамтитын əдістемелік қолдауды қамтамасыз ету. 
 
Осы  қағидалардың  барлығы  Мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу 
бағдарламасының  мазмұны  мен  құрылымында  жəне  жаңа  оқу-əдістемелік  кешендерінде 
қамтылған. 
Барлық  тарау  тақырыптары  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  сыни  ойлауын  көрсететін 
нақты үлгі ретінде балаларды үнемі толғандыратын: «Бұл не? Қалай? Неге?» т.с.с. сауалдар 
төңірегінде берілген. Балалар өздері куə болған адамдар əрекетінің, табиғи құбылыстардың, 
оқиғалардың  себептерін  үнемі  білгісі  келеді.  Бұл  сұрақтар  баланың  миын  белсенді  жұмыс 
істете отырып, ойлау қабілетін дамытады. 
«Алматыкітап  баспасы»  мектепалды  даярлық  жəне  бастауыш  мектеб  оқу-əдістемелік 
кешенінің  ерекшелігі,  оқулықтар  мен  əдістемелік  оқу  нұсқауларының  мазмұнында  бірдей 
ортақ  тақырыптың  қамтылуында  болып  отыр.  Бұл  мектепалды  даярлық  жəне  мектепте 
білім беру мазмұнын сапалы кіріктіруді толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
Бұл  əдістемелік  нұсқау  қысқамерзімді  жоспар  түрінде  орындалған  ҰОҚ  мазмұнынан 
тұрады.  Жоспарлаудың  бұл  түрі  бірінші  сыныпқа  арналған  оқу  құралдарында  да  бар, 
сондықтан  ол  мектепалды  даярлық  пен  бастауыш  мектеп  ОƏК-ін  əдістемелік  қолдаудың 
бірізділігін тағы да бір рет дəлелдейді.  
 
Қысқамерзімді жоспардың өзіндік айрықша құрылымы мен ерекшелігі бар: 
1.  Оқу  мақсаттарының  болуы  (олар  бағдарламада  белгілі  бір  бөлім  мен  бөлімшелер 
ретінде берілген, сондықтан педагогтер он өзгертпегені жөн).  

115 
 
2.  Жоспарда  ҰОҚ-ның  сараланған  мақсаттары  берілген  (барлық  балалар,  балалардың 
көпшілігі  жəне  кейбіреулері  үшін).  Бұл  оқу  үдерісін  ұтымды  саралай  ұйымдастыруға 
мүмкіндік  береді.  Оқу  жоспарының  құрылымы  практикалық  жағынан  пайдалану  үшін 
айтарлықтай қарапайым жəне оқу барысы үшін тиімді. 
Жоспар 3 бөлімнен тұрады: 
Бірінші  бөлімде  баланың  эмоционалдық  көңіл  күйін  қамтамасыз  ететін  əдіс-тəсілдер 
қаралған. 
Екінші бөлімде негізгі бөлім ретінде оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған əдіс-
тəсілдер мен құралдар буынын қамтиды. 
Үшінші  бөлім  рефлексия  түрінде  қорытынды  шығаруға  бағытталған.  Жоспардың 
«Ресурстар»  атты  айрықша  тармағында  дидактикалық,  əдістемелік,  электрондық  сипаттағы 
əртүрлі  апарат  көздері  берілген  (кейбірінің  электрондық  мекенжайы  бар).  Қысқамерзімді 
жоспарда əліппе-дəптердің, оның ішінде жұмыс дəптерінің барлық тапсырмалары ескерілген. 
Егер əліппе-дəптерде бір ҰОҚ-да 2–4 тапсырма орындау ұсынылса, əдістемелік нұсқауда 
əдістемелік  тапсырмалар  көлемін 15–20-ға  дейін  кеңейтеді.  Əдістемелік  нұсқаудағы 
тапсырмалар  осы  əдіс-тəсілдер  есебінен  барынша  қызықты,  мазмұнды,  ойын  түрінде 
тартымды  болады.  Онда  əдебисөз  де, сурет  салу  да,  сахналық  рөл сомдау,  ойын,  драмалау, 
ойнау, фольклор,сергіту сəті, практикалық тапсырмалар, шағын зерттеулер жəне т.б. бар. 
Бұл педагог осы оқу құралын пайдаланумен ғана шектеліп, өз тарапынан қандай да бір 
тиімді  шығармашылық  əдістер  енгізуге  немесе  өздігінен  өзгертуге  құқығы  жоқ  дегенді 
білдірмейді.  Басты  шарты:  жоспарда  қаралған  оқу  мақсаттарын,  тақырыпты,  оның 
жүйелілігін, сондай-ақ əліппе-дəптерде белгіленген тапсырмалар сипатын өзгертпеу.  
Қысқамерзімді  жоспардың  осы  үлгісін  пайдалану  кезінде  мектепалды  даярлық 
сыныбының педагогтерінде сұрақтар туындауы мүмкін:  
1.  Мектепалды  даярлық  педагогтерінің  көпшілігі  пайдаланған  технологиялық  картаның 
қысқамерзімді жоспардан қандай айырмашылығы бар?  
2. Қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық карта үлгісіне ауыстыруға бола ма? 
Педагог қысқамерзімді жоспарды пайдалана ма əлде технологиялық картань  пайдалана 
ма – өзі шешеді.   
Бірақ  қысқамерзімді  жоспар  үлгісін  технологиялық  картаға  өзгертпеген  жөн,  өйткені 
мектепалды  даярлық  жəне  бастауыш  мектеп  жоспарларының  бірізділігі  мен  тұтастығы 
бұзылады. 
 
 
Қысқамерзімді жоспардың технологиялық картадан бірнеше айырмашылығы бар: 
 
 
Технологиялық карта 
Қысқамерзімді жоспар 
1  Оқу мақсатын педагог таңдайды. 
Оқыту жəне тəрбиелеу мақсаты оқу 
бағдарламасында айқындалған.  
2  3 кезеңнен тұрады: 
– мотивациялық-қозғаушылық; 
3 кезеңнен тұрады: 
– ҰОҚ-ныңбасталуы (ҰОҚ-ға ден қоюды 

116 
 
– ұйымдастырушылық-ізденушілік; 
– рефлексивтік-түзетушілік. 
қамтамасыз ету); 
– өмірлік тəжірибені өзектендіру; 
– ҰОҚ-ның соңы (қорытынды, рефлексия). 
3  ҰОҚ-ның негізгі бөлімі: 
– ұйымдастырушылық-ізденушілік. 
ҰОҚ-ның негізгі бөлімі:  
– өмірлік тəжірибені өзектендіру. 
4  ҰОҚ əдістемесі педагогтің 
басқарушылық іс-əрекетін жəне 
балалардың іс-əрекетін қарастырады. 
ҰОҚ əдістемесі əдістемелік тəсілдер, 
құралдар, ресурстарды пайдалану мен 
технология элементтерін қарастырады. 
5  ҰОҚ қорытындысы: рефлексия. 
ҰОҚ қорытындысы: рефлексия. 
 
Кейбір  айырмашылықтарға  қарамастан,  екі  жоспар  (қысқамерзімді  де,  технологиялық 
карта  да)  ҰОҚ-ның  үш  негізгі  кезеңін  қамтиды,  оның  барысында  белгіленген  оқу  мен 
тəрбиелеу  мақсаттары  жүзеге  асырылады.  Кезінде  технологиялық  картань  меңгерген 
мектепалды  даярлық  сыныбының  педагогтеріне  қысқамерзімді  жоспар  үлгілері  мен  жұмыс 
істеу қиындық туғызбайды, өйткені екі үлгінің құрастыру тəсілдері айтарлықтай ұқсас. 
Осылайша,  мектепке  дейінгі  даярлық  ОƏК-нің  жаңа  үлгісіне  тиімді  өту  мектепалды 
даярлық  пен  бастауыш  мектепте  оқыту  мазмұнының  сапалы  сабақтастық  байланысын 
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

117 
 
 
Пайдаланылған əдебиеттер 
 
4. 
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Астана, 
2016. 
5. 
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. Астана,2016. 
6. 
Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. – Алматыкітап баспасы. 2015. 
Иващенко А.А.Қазақстан өсімдіктер əлемінің асыл қазынасы. По страницам Красной книги. – 
Алматы, 2005. 
Ковшарь А.Ф.Қазақстан қорықтары.  – Алматыкітап баспасы, 1989. 
Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А.Қазақстанның жануарлар əлемі.  – Алматы, 2003. 
Аксенова З.Ф. Войди в природу другом. Экологическое воспитание дошкольников. – М.: ТЦ 
Сфера, 2011. 
Ковинько Л.В. Секреты природы – это так интересно! – М.: Линка-Пресс, 2004. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

118 
 
 
 
 
Мазмұны 
 
Түсініктеме....................................................................................................................................3 
«Экология негіздері» 
ұйымдастырылғанн оқу қызметі
 
(ҰОҚ) бойынша ұзақмерзімді жоспарлау..................................................................................7 
Ортамерзімді жоспарлау..............................................................................................................9 
Қысқамерзімді жоспарлау...........................................................................................................38 
Қосымша......................................................................................................................................115 
Пайдаланылған əдебиеттер тізімі...............................................................................................118
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

119 
 
 
 
Оқулық басылым
Учебное издание 
Манкеш Ақсəуле Ерженбайқызы 
ЭКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ 
 
Əдістемелік нұсқау 
 
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың 
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша 
мектепалды дайындық тобы мен 
сыныбы педагогтеріне арналған 
 
Əдіскер Б.С. Тажинова 
Редакторы М.Қ. Солтанғазина 
 
Басуға 13.07.2017 ж. қол қойылды. 
Пiшiмi 60х84 
1
/
8

Əрiп түрi «Times New Roman». 
Таралымы 1100 дана. Тапсырыс № 1577. 
 
Қазақстан Республикасы, 
«Алматыкiтап баспасы» ЖШС, 
050012, Алматы қаласы, 
Жамбыл көшесi, 111-үй, 
тел. (727) 250 29 58, факс: (727) 292 81 10. 
e-mail: alkitap@intelsoft.kz 
www.almatykitap.kz 
ОСНОВЫ ЭКОЛОГИИ 
 
Методическое руководство 
 
для педагогов  
предшкольных групп и классов  
по Типовой учебной программе  
дошкольного воспитания и обучения 
 
Методист Б.С. Тажинова  
Редактор М.К. Солтангазина 
 
Подписано в печать 13.07.2017 г. 
Формат 60х84 
1
/
8
.  
Гарнитура «TimesNewRoman». 
Тираж 1100 экз. Заказ № 1577 
 
Республика Казахстан, 
ТОО «Алматыкiтап баспасы» 
050012, г. Алматы,  
ул. Жамбыла, 111, 
тел. (727) 250 29 58; факс: (727) 292 81 10. 
е-mail: alkitap@intelsoft.kz 
www.almatykitap.kz 
 
Кітаптарды «Алматыкітапбаспасы» ЖШС-ныңкітапдүкендеріненсатыпалуғаболады. 
Астана қаласы: Иманов көшесі, 10, тел.: (7172) 53 70 84, 27 29 54; 
Б. Момышұлы даңғылы, 14, тел.: (7172) 42 42 32, 57 63 92;  Победа даңғылы, 67, тел. (7172) 51 84 12. 
Алматы қаласы: Абай даңғылы, 35/37, тел.: (727) 267 13 95, 267 14 86; 
Гоголь көшесі, 108, тел.: (727) 279 29 13, 279 27 86;  Қабанбай батыр көшесі, 109, тел.: (727) 267 54 64, 272 05 66; 
Жандосов көшесі, 57, тел.: (727) 303 72 33, 374 98 59;  Бруно көшесі, 95, тел. (727) 374 34 42; 
Əл-Фараби даңғылы, 63/17, тел. (727) 387 17 24;  Майлин көшесі, 224 «А», тел.: (727) 222 29 43, 386 15 19; 
Фурманов көшесі, 51, тел. (727) 273 51 38. 
Қойма есептеу басқармасы: Алматы қ., Ангарская көшесі, 95 А, тел.: (727) 290 49 67, 290 49 66. 
Кітаптарды «Кітап-пошта» бөлімдері арқылы алуға да болады: 
010000, Астана қаласы, тел. (7172) 53 70 84,  е-mail: Nasihat@almatуkitap.kz 
050035, Алматы қаласы, тел.: (727) 303 72 33, 374 98 59,  e-mail: Jalyn@almatуkitap.kz 
050009, Алматы қаласы, тел. (727) 374 34 42,  е-mail: Arman@almatуkitap.kz 
Интернет-дүкен:  www.almatуkitap.kz 
Маркетинг бөлімі, тел.: (727) 292 92 23, 292 57 20.  e-mail: sale1@almatykitap.kz 
Кітаптар мен басылымдар туралы мағлұматтарды 
www.almatykitap.kz  сайты арқылы білуге болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет