Экология негіздері



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата18.10.2019
өлшемі0,7 Mb.
#50254
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ekologiya-negizderi metodika kaz 6-let


Манкеш А.Е. 
 
 
 
 
 
 
 
ЭКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ 
Əдістемелік нұсқау 
 
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша  
мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған 
Қазақстан Республикасының 
Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматыкітап баспасы 
2017 

ƏОЖ 373.2 
КБЖ 74.102 
М 19 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
МанкешА.Е. 
М 19  Экология  негіздері. Əдістемелік нұсқау.Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың 
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педа-
гогтеріне арналған. А.Е.Манкеш. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2017. – 120 б.  
 
 
   ISBN 978-601-01-3068-5   
 
 
 
 
 
ƏОЖ 373.2 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
КБЖ 74.102 
 
ISBN 978-601-01-3068-5 
© МанкешА.Е., мəтіні, 2017 
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017
 


 
 
Алғы сөз 
 
«Экология негіздері»  оқу-əдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сəйкес 
дайындалды: 
1. 
Мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты 
(Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы  № 292 қаулысымен 
бекіген).  Аталған  стандарт  Қазақстан  Республикасының  мектепке  дейінгі  жəне  мектепалды 
даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды;  
2. 
1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік 
оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігінің  2016 ж. 
22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекіген); 
3. 
Мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасы  (Қазақстан 
Республикасының  білім  жəне  ғылым  министрлігінің  2016 ж. 12 тамыздағы  № 499 
бұйрығымен бекіген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 
білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.  
ОƏК  дайындаудың  негізгі  мақсаты – аталған  нормативтік  құжаттарда  көрсетілген 
мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы  оқытудың бірізділігін сақтау.  
 
6–7  жастағы  балалардың  мектептегі  оқуға  қажетті  коммуникативтік  білім-білік 
дағдыларының  қалыптасуына  ықпал  ететін  білім  беру  үдерісімен,  мектепалды  даярлық 
сыныбы/тобы  мен    бастауыш  білім  берудің  сабақтастығын,  үздіксіздігін  қамтамасыз  ету 
мақсаты  көзделеді.  Əдістемелік  нұсқауда  «Экология  негіздері»  ұзақмерзімді  (күнтізбелік-
тақырыптық жоспар) жəне  қысқамерзімді ұйымдастырылған  оқу қызметтерінде (бұдан əрі 
ҰОҚ)  жоспарлары  жан-жақты  қарастырылып  берілген.  Əдістемелік  нұсқау  мен  əліппе-
дəптерден  тұратын  бұл  оқу-əдістемелік  кешен  білім  беру  талаптарына  cəйкес,  мектепалды 
даярлық (6-7 жас) сыныбы/
тобы
балаларының жас жəне психо-физиологиялық ерекшеліктері 
ескеріліп  жасалды.  Қазіргі  мектепке  дейінгі  сатыда  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлғаны 
оқытып-тəрбиелеу  үшін  жоғары  білімдік  нəтижелерге  қол  жеткізетін,  оқу-тəрбие  үдерісінің 
тиімділігін  арттыруға  мүмкіндік  беретін  белсенді  оқыту  мен  оқудың  педагогикалық 
тəжірибедегі заманауи стратегиялар мен техникаларды пайдалану қарастырылған.    
Əдістемелік нұсқауда «Экология негіздері» пəні бойынша балалардың алған білімдерін 
күнделікті  өмірде  (отбасында,  балабақшада,  қоршаған  ортада,  табиғат  əлемінде)  кездесетін 
табиғат  құбылыстары  мен  үдерістерін  бақылау,  экологиялық    түсініктерді  жетілдіру, 
сипаттау, болжау біліктілігін дамытуға бағытталып, тəрбиешінің жаңа білімді балаға қандай 
əдіс-тəсілдермен түсіндіруге болатындығы жан-жақты талданып берілген. 
Автор əдістемелік нұсқауда келесі мақсаттарға қол жеткізуді көздейді: 
1. Балаларға табиғат, қоршаған орта туралы қарапайым мағлұмат беріп, оның əдемілігін 
көріп, сезіне білуге үйрету арқылы рухани жан дүниесін дамыту.  
2.  Мектепалды  даярлық  тобы  балаларының  табиғат  туралы  білімдерін  тереңдетіп, 
табиғаттағы  жағымды-жағымсыз  істерді  ажыратып,  пайдалы  іс-əрекет  түрлерін  атқара  білу 
негізіндегі экологиялық мəдениетін дамыту. 
3.  Зияткерлік,  шығармашылық  белсенділіктерін  сын  тұрғысынан  ойлау  қабілеті 
негізінде    қарапайым  тəжірибелер  жасатып,  экологиялық  ғылыми  ақпаратты,  мəселен: 
«Қызыл    кітап», «Қазақстанның  қорықтары», «Наурыз – экологиялық  мереке»  екендігін  
түсіндіру. 


 
4.  Балалардың  өзіне  жəне  басқаларға  сын  көзбен  қарай  білудегі  экологиялық 
жауапкершілігі,  табиғи  ортадағы  өзінің  іс-əрекетінің  жақын  кезеңдегі  жəне  болашақтағы 
нəтижелерін болжай білуін дамыту. 
 5. Күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды 
тиімді  пайдалану,  денсаулық  пен  қоршаған  ортаны  қорғау  үшін    экология  ғылымдары 
бойынша алған білімдерін қолдану. 
  6. Пəн бойынша алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.  
  7. Бірлесіп жұмыс істеу, бір-бірімен ұжымдық қарым-қатынас жасау жəне өздеріндегі 
ақпараттармен бөлісе білу дағдыларын қалыптастыру.   
 
Экология  негіздері  бойынша  ҰОҚ-ның  мазмұны  оқу  мақсаттарын  көздейтін 
бөлімшелерден  тұрады.  Əрбір  бөлімше  ішінде  реттілікпен  құрылған  оқу  мақсаттары 
педагогке  жұмысын  жоспарлауға,  балалардың  жетістіктерін  бағалауға  жəне  оларға  оқудың 
келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді. 
 
Бөлім 
Бөлімше 
1. Тірі табиғат 1.1 
Өсімдіктерге қамқорлық жасау 
1.2 Жануарларға қамқорлық жасау 
1.3 Адамның өміріне қажетті жағдайлар 
2. Өлі табиғат 2.1 
Су, жер, ауаға қамқорлық 
 
 
      1-бөлім. Тірі табиғат 
Бөлімше 
Оқу мақсаттары 
1.1 Өсімдіктерге 
қамқорлық жасау 
0.1.1.1 Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтім жасау 
 0.1.1.2 "Қызыл кітапқа" енгізілген өсімдіктерді атау  
0.1.1.3 Табиғатта өзін ұстай білудің ережесін білу 
1.2. Жануарларға 
қамқорлық жасау 
0.1.2.1.Табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау 
0.1.2.2 Қазақстанның қорықтарын атау 
 0.1.2.3 "Қызыл кітапқа" енгізілген жануарларды атау  
1.3 Адамның өміріне 
қажетті жағдайлар 
 0.1.3.1. Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі үшін судың, ауаның 
жəне жылудың рөлі туралы білу  
 
Əдістемелік нұсқаудың мазмұнында басты ғылыми түсініктер ерекшеленіп, ұсынылған 
ҰОҚ-лардың  мазмұнындағы  бақылаушылық  дағдыларын  қалыптастыратын  əдістерді  қалай 
қолдану керектігі де көрсетілген. Мұндай тəсіл балаларға алғашқы бақылау негізіндегі іздену 
дағдылары  мен  өз  бетінше  іздену  жұмыстарын  орындау  үшін  белгілі  бір  облыстың 
аясындағы базистік білім алып, бақылау, тəжірибе жасау тəсілдерін меңгеруге көмектеседі. 
Кіші  жастағы  балаларға  бақылау  негізіндегі  ізденіп  оқытудың  тəжірибелік  міндеттерін 
шешуге көмектеседі жəне ғажайып ғылым əлеміне жол ашады.  Əдістемелік нұсқаудың негізі 
–  қоршаған  орта  мен  табиғаттағы  адамның  белсенді  іс-əрекеті.  Ғылыми  түсініктер  мен 
ұғымдарды  меңгеру  бақылау,  іс-тəжірибе  жүзінде,  тəжірибелік  жұмыс,  саяхат  барысында 
жүзеге асырылады жəне танымдық тəсілдер мен өмірлік дағдылар игертіледі.   
«Экология  негіздері»  бойынша  ҰОҚ-ларда  ғылыми  түсініктер  мен  ұғымдар  сын 
тұрғысынан  ойлау  арқылы  оқыту  тəсілімен  жүзеге  асады  жəне  бұл  кейінгі    тақырыптарға 
қайта  оралуына  жеңіл  болады.  Педагогтің  сыни  тұрғысынан  ойлау,  креативті,  оқыту  мен 
оқуда  ақпараттық  технологияларды  пайдалануы  балаларға  бақылаушының  рөлінде  болуға 
көмектеседі.  Педагог  балаларды  шығармалыққа  баулу  үшін  өмірлік  мақсаттарды,  яғни 


 
«қажетті білімді тек кітаптан ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортадағы заттардан, өмірлік 
жағдаяттардан  алу»  тəсілін  пайдаланады.  ҰОҚ-ны  құру  барысында  оқу  материалдарын 
дұрыс  бөлу  осы  пəн  бойынша  пəндік  мазмұнын  жетік  меңгеріп,  тəжірибелік  дағдыларды 
игеруге,  сабақтастық,  пəнаралық  байланыстардың  дамуына,  оқу-тəрбие  үдерісінде 
жетістіктерге жетуге көмектеседі.   
Қазіргі кезеңде ғылыми білімді қажет ететін жағдаяттар өте көп, сондықтан балаларға 
балабақшадан  бастап    ғылымды    таныту  аса  қажет.  Түрлі  тəжірибелік  жəне  зерттеу  іс-
əрекеттері  балалардың  қарапайым  бақылаушылық  дағдылары  мен  іскерліктерін  дамытады. 
Мысалы:  əліппе-дəптердегі  бақылау,  сұрақтар  құрастыру,  тəжірибелік  жұмыстар  жүргізу, 
өзінің пікірін ортаға салу, өз ойын дəлелдей білу жəне т.б. Бұл дағдылары мен іскерліктерін 
күнделікті өмірде қолдана алады.  Балалар болашақта ғылыми білімді адамзаттың тұрмысы 
мен тіршілігі үшін пайдаланудың маңызды екенін түсінеді.   
Балалар  ҰОҚ  барысында,  бақылау  кезінде    өсімдіктерді  күтуге  қажетті  құралдармен 
жұмыс  істей  білу  дағдыларды,  ғылыми  білімді  ерекше  əдіс-тəсілдермен  игереді  де,  құрбы-
құрдастарымен  ұжымдық  қарым-қатынасқа  түсуді  үйренеді.  Оқу  материалдарын  бекіту 
шығармашылық, тəжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: 
тапсырмаларды  орындайды,  сурет  салады,  тəжірибе  жасайды  өтілген  тақырып  бойынша 
алған əсерлерін бір-бірімен бөліседі. 
 
Əдістемелік  нұсқауда  пəндік  нəтижелерді  пайдалану  барысында  мектепалды  даярлық 
сынып (тобы) балалары:  
  бақылау  мен  бақылаушының    рөлін  білуі:  қоршаған  ортаның  нысандарын, 
құбылыстары мен үдерістерінің қажеттілігін түсіндіре алуы; 
  «бақылау»  деген  ұғымды  түсініп,  қоршаған  ортадағы  құбылыстарға    бақылау 
жүргізе білуі;  
  қарапайым тəжірибелік жұмыстарды жүргізе білуі;  
  өлі жəне тірі табиғат туралы түсінігі;  
  жер, су, ауаның тазалығы жөніндегі түсінігінің болуы;  
  бөлме  жəне  басқа  мəдени  өсімдіктерді  күте  алуы;  жабайы  жануарлар  жəне  үй 
жануарларының айырмашылықтарын білуі;  
  оларға  қамқорлық  көрсету  дағдыларын  меңгеруі;  орманшының,  қорықшының 
қызметін білуі; орманды, тоғайды өрттен қорғаудың қажет екендігін; 
  табиғатта адамгершілік мінез-құлық нормаларын сақтай білуі;  
  табиғатты қорғауға байланысты айтылатын тыйым сөздердің мағынасын білуі;  
  табиғаттағы пайдалы іс-əрекет түрлерін орындай білуі; 
  адамның  денсаулығының  жақсы  болуы  қоршаған  ортаның  тазалығына 
байланысты екендігін білуі тиіс. 
 
Білімге  деген  сұраныс  жағдаяттарын  құру  (оқытуға,  зерттеуге    дəлел):  таңғалу, 
қызығушылық, өзекті мəселе. Өзекті жағдаяттарды қолданудағы басты мақсат – балалар мен 
тəрбиешілер  мəселені  бірлесіп  шешу,  жағдаяттарды  шешуде  балалардың  үйлесімді    іс-
əрекеттері  мен  педагогтің  жалпы  басшылығымен  бағыттап,  сондай-ақ  осындай  іс-əрекет 
үдерістерінде  біліммен  қаруландыру  жəне  жалпы  қағидалармен  өзекті  міндеттерді  шешу.  
Бала оқу жылының басында түрлі деңгейдегі жағдаяттарды:  


 
1.  Педагогтің  көмегімен мəселені (міндетті)  тұжырымдайды.  
2. Ересектердің көмегімен мəселенің шешімін табады.  
3. Тəрбиешінің көмегімен шешеді.  
4. Тəрбиешінің көмегімен осы шешімнің дұрыстығын бағалайды.  
ҰОҚ-да  оқытудың  коммуникативтік,  жүйелі  əрекеттерімен  байланысты  сын 
тұрғысынан  ойлау  технологиялары  қолданылады.  ҰОҚ  барысында  танымдық-ізденістік 
əрекеттер  арқылы  білімнің  жаңа  формасын  меңгерген  жағдайда  ғана  балалар  алған 
білімдеріне,  сыни  тұрғыдан  қарап,  шығармашылықпен  ойлап,  дербес  шешімдер  шығара 
алады.  
Əдістемелік нұсқауда кездесетін шартты белгілер төмендегідей оқылады: 
 
ҰОҚ – ұйымдастырылған оқу қызметі 
МК – мұғалімнің көрсетуі 
ОТ – оқушының тəжірибесі 
Ұ – ұжымдық 
Т – топтық 
Ж – жұптық 
Ө – өзіндік жұмыс 
 
Аталған оқу-əдістеме кешені балалармен «Экология негіздері» ҰОҚ бойынша жұмыс 
істеуді ұйымдастыруға көмектеседі деп үміттенеміз. Еңбек жемісті болсын! 
 
 


 
«Экология негіздері» 
ұйымдастырылған оқу қызметі
 (ҰОҚ) бойынша ұзақмерзімді жоспарлау 
(Барлығы 16 сағат) 
Бөлімше 
Оқу мақсаттары 
1-бөлім. Тірі табиғат 
 
1.1Өсімдіктерге қамқорлық жасау 
0.1.1.1.Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтім жасау 
 
0.1.1.2. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді атау 
 
0.1.1.3.Табиғатта өзін-өзі ұстай білудің ережесі 
 
 
1.2Жануарларға қамқорлық жасау 0.1.2.1.Табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау 
 
0.1.2.2.Қазақстанның қорықтарын атау 
 
0.1.2.3. Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар 
 
1.3 Адамның өміріне қажетті 
жағдайлар 
 
 
0.1.3.1.Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі үшін судың, ауаның жəне жылудың рөлі туралы білу 
2-бөлім  Өлі табиғат 
 
 
2.2 Су, жер, ауаға қамқорлық 
 
0.2.2.1.Балаларды қоршаған ортаның қоқыспен ластану мəселесімен таныстыру 
 
0.2.2.2. Экологиялық тəуелділікті түсіндіру; адамның табиғатпен байланысын жəне өзара 
əрекетін анықтау 
 
Тірі 
табиғат 
1.1Өсімдіктерге 
қамқорлық жасау 
0.1.1.1.Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтім 
жасау 
 
1. Бөлме өсімдіктерін күту  
 
 
 
 
0.1.1.2. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді атау 
 
2. Қызыл кітаптағы 
өсімдіктер əлемі 
 
 
 
 
0.1.1.3.Табиғатта өзін-өзі ұстай білудің ережесі 
3. Табиғатта өзін-өзі ұстай 
білу ережесі 
 


 
 
 
 
 
 
 
 
  
1.2Жануарларға 
қамқорлық жасау 
0.1.2.1.Табиғат бұрышындағы жануарларға күтім 
жасау 
 
4. Табиғат бұрышындағы 
жануарларға қамқорлық 
 
 
 
 
0.1.2.1.Табиғат бұрышындағы жануарларға күтім 
жасау 
 
5. Балықты қалай күтуге  
болады ? 
 
 
 
 
0.1.2.2.Қазақстанның қорықтарын атау 
 
6. Қазақстанның қорықтары   
 
 
 
0.1.2.2.Қазақстанның қорықтарын атау 
 
7. Орман-тоғайды қорғайық   
 
 
 
0.1.2.3. Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар 
8. Қызыл кітаптағы 
жануарлар дүниесі 
 
 
 
 
0.1.3.1.Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі үшін 
судың, ауаның жəне жылудың рөлі туралы білу 
9. Су – өмірдің нəрі 
 
 
 
 
0.1.3.1.Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі үшін 
судың, ауаның жəне жылудың рөлі туралы білу 
10. Тіршіліктегі ауаның  рөлі   
 
 
 
0.1.3.1.Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі үшін 
судың, ауаның жəне жылудың рөлі туралы білу 
11. Тіршілік үшін жылудың 
қажеті 
 
 
Өлі 
табиғат 
Су,жер, ауаға 
қамқорлық 
0.2.2.1.Балаларды қоршаған ортаның қоқыспен 
ластану мəселесімен таныстыру 
12. Наурыз –экологиялық 
мереке 
 
 
  
0.2.2.1.Балаларды қоршаған ортаның қоқыспен 
ластану мəселесімен таныстыру 
13.Қоршаған ортаның 
тазалығы  
 
 
  
0.2.2.1.Балаларды қоршаған ортаның қоқыспен 
ластану мəселесімен таныстыру 
14. Аула тазалығын сақтау  
 
 
  
0.2.2.2 
Экологиялық тəуелділікті түсіндіру; адамның 
табиғатпен байланысын жəне өзара əрекетін 
анықтау  
15.Орманшының еңбегі 
 
 
 
  
0.2.2.2 
Экологиялық тəуелділікті түсіндіру; адамның 
табиғатпен байланысын жəне өзара əрекетін 
анықтау  
16. Біз табиғатты қорғаймыз   


 
 
 
Ортамерзімді жоспарлау 
 
Пəн 
бағдарламасына 
сілтеме 
Оқумақсаттары 
Ұсынылатын оқыту іс-қызметі 
 
Педагогке 
арналғанескертпелер 
Оқытуресурстары 
 
Тірі табиғат 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.1Өсімдіктерге 
қамқорлық жасау 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
0.1.1.1.Табиғат бұрышындағы 
өсімдіктерге күтім жасау 
 
(Ұ) ҰОҚ барысында жұмыс үшін 
қолайлы жағдай туғызу. 
«Психологиялық дайындық». 
«Өсімдіктер» туралы мəтін оқу 
 
(Ұ)Педагог балалардың білімдерін 
белсендіреді.  Балалар үлестірмелі 
материалдан бөлме өсімдіктерін 
аттарын атай алуы тиіс. 
 
(Ұ)Бөлме ішіндегі өсімдіктерді 
көрсету, оларға сипаттама беру. 
Аттарын, ерекшеліктерін күтімі 
туралы əңгімелеп беру. 
 
 
 
 
 
(Ө) Балаларға  бөлме гүлінің суретін 
салуды ұсыныңыз. «Бөлме өсімдігінің 
тіршілігі үшін не қажет?» деген 
тақырыпта балалардың ой-пікірін білу. 
 
1. Бөлме өсімдіктерін күту 
 
Балалар сурет бойынша ҰОҚ 
тақырыбын болжамдап 
айтады.  
 
 
Бөлме өсімдіктері –  адамдар 
өз қолдарымен əртүрлі 
мақсатта өсіретін өсімдіктер. 
 
Өсімдіктің  не үшін бөлме 
өсімдігі деп аталатынын, 
олардың айырмашылықтарын 
түсіндіру. 
Бөлме өсімдіктерінің күту 
жолдарын, əр өсімдіктің 
ерекшелігін айта білу. 
Баланың бойына 
байқағыштық қасиеттерді 
қалыптастыруға көмектесу.  
Балалармен бірлесіп гүлдерді 
қалай күту керектігі туралы 
қорытынды жасалады.  
 
Өсімдіктерді қалай суғару, 
аптасына қанша рет суғару 
 
 
 
 
Музыкалық əуен 
 
 
 
 
 
Бөлме өсімдіктері 
бейнеленген 
суреттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бөлме өсімдіктері. 
 
 
 
 

10 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
(Ұ)Бөлме өсімдіктерінің құрылысын, 
қызметін түсіндіру. Бөлме өсімдігінің 
адамға тигізер пайдасын сипаттау.  
 
Əліппе-дəптермен жұмыс жүргізіледі.  
Бөлме өсімдігін күтуді сурет бойынша 
рет-ретімен орналастыру. Жылу, су, 
жарық, топырақтың бөлме өсімдігіне 
не үшін қажет екенін түсіндіру. 
Суреттерді бояу. 
 
(Ө) Рефлексия кезеңінде бала ҰОҚ 
барысында нені үйренгендерін, ҰОҚ 
басында қойылған мақсатқа жеткен, 
жетпегендерін өзі саралауы тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
0.1.1.2.  Қызыл кітапқа енгізілген 
өсімдіктерді атау 
(Ұ) ҰОҚ барысында жұмыс үшін 
қолайлы жағдай туғызу. Қызыл кітап 
туралы түсініктерін кеңейту. 
 
(Ұ)Педагог балалардың білімдерін 
керектігі, шаңнан қалай 
тазарту керектігі,ылғал 
сүйетін жəне күнді сүйетін 
өсімдіктердің орналасуы 
туралы  түсіндіріледі.  
Өсімдік дегеніміз – 
құрлықтың барлық жерінде 
өсетін, суда да кездесетін 
түрлері бар,тыныс алатын, 
қоректенетін  жанды табиғат 
бөлігі. 
Қорытынды жасату: бөлме 
өсімдіктері бізге пайда 
əкеледі. Олар əдемі болу үшін, 
оларды күтіп-баптау қажет.  
 
Балаларға ҰОҚ-да өз 
жұмыстарын өздері бағалауды 
ұсыну: жапырақтарды əртүрлі 
түспен бояйды.  
1-деңгей  –  ештеңе түсінбедім 
– қоңыр. 
2-деңгей – түсіндім, бірақ 
түсіндіре алмаймын – сары. 
3-деңгей – бəрін түсіндім, 
басқаларға да түсіндіріп бере 
аламын – жасыл.  
2. Қызыл кітаптағы 
өсімдіктер əлемі 
Сурет бойынша əңгіме құрау 
ұсынылады. Қызыл кітап 
туралы түсінік беріледі, 
өсімдіктерді не үшін енгізгені 
туралы айтылады. Жер 
 
 
 
 
 
 
 
Əліппе-дəптер.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Əліппе-дəптер.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өсімдіктердің 

11 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет