Экология сабағы бойынша есеп. 2015 -2016 оқу жылы



бет1/5
Дата19.02.2017
өлшемі0,62 Mb.
#10815
  1   2   3   4   5
Экология сабағы бойынша есеп.

2015 -2016 оқу жылы

Экологиялық тәрбие беру бағытында сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың маңызы зор. Оның көптеген түрлері мен формалары да бар.

Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу мемлекетіміздің экологиялық саясатына сәйкес, әрі оқу жүйелерінің жоспарына сай өткізу мерзімі белгіленіп, жоспарлануы тиіс. Оның үстіне оқушылардың жас ерекшеліктері, сынып деңгейлері қатаң түрде ескеріліп отыруы қажет. Мәселен, мен 8 сыныпта «Экология» үйірмесін бекітілген бағдарламалық жоспар бойынша аптасына 2 сағат сабақ өткізіп жатырмын. Тоқсан көлемінде 18 сағат өткізілді. Оқушылар экология сабағына белсене қатысып, берілген тапсырмаларды уақытында орындайды. Әсіресе оқушыларға «Табиғат аясында», «Жан –жануарлар әлемі», «Құстарға қамқорлық», «Әлемдік және жергілікті экологиялық проблемалар» т.б тақырыптар төңірегіндегі сабақтар қатты ұнайды.



Экологиялық білім беру саласында ҚР «Ата заңы» 2050 стратегиясында және Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың «Жасыл ел» атты бағдарламасына сүйене отырып,экологиялық құқық мәселелеріне қалыптасқан аймақтар тобы,радиациялық жағдаяттар,табиғат байлықтарын тиімді игеру,тіршілік иелерінің экологиясын қорғауға баулуды жас ұрпақ бойына дарытуды қалыптастыру.Сабақты түрлендіре отырып,дәріс,ойын, жарыс, топтық,саяхат, интерактивті оқыту әдістерін қолданамын. Көрнекіліктерден; кестелер, сызбанұсқалар , үлестірмелер, сөзжұмбақтар, интернет желісін ,интерактивті тақта, бүктемелер , видео роликтер ,кеппешөптер, ұлғайтқыш құрал, фотоаппарат қолданамын.



Оқушылар шығармашылық жұмыстар жасай отырып, өз беттерінше табиғатты бақылап,ғылыми жоба жасап ,жарыстарғақатысуды жоспарлап отырмыз, апталыққа қатысып,оқу жетістіктерін бағалаймын .Тәрбиелеудің барлық саласымен байланыстыра отырып,алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулыйды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет