Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологы Эрнест Геккель (1834-1919) енгізген



Дата08.02.2022
өлшемі14,11 Kb.
#98715
Байланысты:
кукык


Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологы Эрнест Геккель (1834-1919) енгізген. Экология тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жайындағы ілім. Қоршаған орта – табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы. Экологиялық мәселелердің шиеленісуіне байланысты адамзат тарапынан қоршаған ортаны қорғауды, яғни экологиялық қауіпсіздікті сақтауды талап етеді. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі.
Экологиялық құқықтың оқытатын пәні: 1) қоршаған табиғи ортаны қорғау; 2) табиғат байлықтарын тиімді пайдалану; 3) жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құқықтары мен мүдделерін қорғау барысындағы туындайтын қатынастарды оқытады. Экологиялық құқықтар әдістер дегеніміз нақты бір міндетті орындауға бағынылған шындықты, болмысты, практикалық және теориялық жағынан игерудің амал-айлаларының жиынтығы. Әдетте құқықтық нормалардың орындалуы үшін адамдардың мінез-құлығына әсер етудің әкімшілік-құқықтық және азаматтық құқықтық әдістері қолданылады. Аталған әдістер экологиялық құқық саласында да пайдаланылады.
Экологиялық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен тұрады.
2007 жылы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі қабылданды. Заңға тәуелді қажетті нормативтік құқықтық актілердің көпшілігі әзірленіп, бекітілді. Заңнаманы жетілдіру мақсатында республикада оны дамыған елдердің заңнамасына жақындату және халықаралық стандарттарды енгізу бағыты алынды
Жер құқығы — құқықтың мемлекеттегі жер қатынастарын реттейтін саласы. Жер құқығы Қазақстан Республикасында дербес құқық саласы болып табылады. Оның негізгі міндеттері: жер учаскесіне меншікті құқығы мен жер пайдалану құқығының пайда болуын анықтау және оның дамуына жағдай жасау; жерді ұтымды пайдалану мен қорғау; топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіру; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге тиісті құқықтарын қорғау; жерге байланысты жылжымайтын мүлік нарығын жасау және оны белгілі деңгейде дамыту; жер қатынастар саласында заңдылықты нығайту. Қазақстандағы барлық жерге байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының “Жер туралы” (2001) Заңымен реттеледі. [1]
қазақстан Республикасы Жер кодексінің 12-бап 14-тармағына сәйкес, жер дегеніміз – Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез-келген еңбек процессінің аумақтық негізі. Осы анықтамаға сәйкес, жердің күнделікті өмірде атқаратын қызметі мен ролін анықтап алуға болады: Жердің саяси-құқықтық қызметі. Яғни, мемлекетіміздің егемендігі белгіленген шекара шегіндегі, Қазақстан халқының тұрғылықты тұрақты мекені; Жердің экологиялық қызметі. Яғни, жер қоршаған ортаның құрамдас және ажырамас бөлігі, табиғи ресурс; Жердің экономикалық қызметі. Яғни, жер жылжымайтын мүлік ретінде танылып, азаматтық айналымның объектісі ретінде елдің байлығы байлығы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет