Экологиялық білім қазіргі таңда жалпы білімнің бір бөлігі


Адам организміндегі химиялық элементерінің мөлшері, атқаратын қызметі



бет22/32
Дата06.01.2022
өлшемі464,5 Kb.
#110124
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Байланысты:
балау диплом

3.1. Адам организміндегі химиялық элементерінің мөлшері, атқаратын қызметі.

Қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік саяси өзгерістер мен жалпы экологиялық білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі жас ұрпаққа білім берудің мазмұнын құрылымын жүйесін түбегейлі жаңарта отырып, жаңа технология негізінде оқушының танымдық қабілетін дамытып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмектесетіндей жағдай жасауы қажет еді. Осы орай сабақта алған білімді тереңдету үшін кештер, жарыстар, саяхат т.б. өту маңызды. Экология пәні көп пәндермен байланысты болғанымен химия және биология негіздеріне өте жақын. Бұл пәндерді кіріктіре түсіндіру өте тартымды. Өйткені әр адам өз ағзасындағы болып жатқан көп үрдісті біле отырып, денсаулығын қорғауға, маңызды мағлұматты мектеп қабырғасынан білу орынды. Осы орайда 8-сыныпта "Химиялық элементтер - адам ағзасында" тақырыбында пән кешін өткіздік. Кештің мақсаты - оқушыларға адам ағзасы химиялық элемент негізінен тұратынын дәлелдеу.



Ұраны:

Санаға салып ойла, Химиялық элементсіз

Денсаулықты жойма. Тіршілік жоқ байқа.

Безендіру жолы:



  1. Жер қыртысындағы және адам ағзасындағы химиялық элементтердің құрылымы туралы плакат.

  2. Адам ағзасында кездесетін макро-микроэлементтерді топтау жүйесі туралы плакаттар үлкен етіліп ортаға ілінеді.

  3. Осы 2 плакаттың жанына төмендегі қанатты сөздер іліну керек.

  1. Химиялық элементтер - тіршілік құдыреті.

  2. Химиялық элементтер - биологиялық құрылым бастауы.

4. Оқушылар жазып жинақтаған ғылыми сөз-жұмбақтар, деректер, рефераттар ілініп қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет