Бірінші текті қате – болжамы жоққа шығарылып болжамы қабылданады, бірақ негізінде дұрыс.
Екінші текті қате – болжамын қабылдаймыз, бірақ негізінде болжамы дұрыс.
Анықтама 9 Бірінші текті қате жіберу ықтималдығын маңыздылық деңгейі дейміз де, әріпімен белгілейміз.
Анықтама 10 Екінші текті қате жіберу ықтималдығын деп белгілейміз, сонда екінші текті қате жібермеу ықтималдығы критерийдің қуаты деп аталады.
Тексеру критерийлері. Кризистік аймақтар (облыстар) Статистикалық болжам таңдаманың мәліметтері негізінде тексеріледі. Ол үшін үлестіру заңы белгілі статистикалық критерий деп аталатын кездейсоқ шамасы қарастырылады. Бұл шама немесе қалыпты, (хи-квадрат), Фишер, Стьюдент үлестірулерімен берілуі мүмкін. Тексеру критерийінің мүмкін мәндері екі жиынға бөлінеді: олардың біреуінде нөлдік болжам орындалады да, екіншісінде орындалмайды. Нөлдік болжам орындалмайтын критерийдің мәндер жиыны кризистік аймақ деп аталады. Нөлдік болжам орындалатын критерийдің мәндер жиыны болжам қабылданатын аймақ деп аталады.
Статистикалық болжамдарды тексерудің негізгі қағидалары:
Таңдаманың (эмпирикалық) белгілі мәліметтеріне сүйене отырып, критерийдің бақыланатын мәні К анықталады. Берілген маңыздылық деңгейінде К үлестіруінің кризистік нүктелерінің кестесінен критерийдің сындық мәні анықталады. Егер К критерийдің бақыланатын мәні кризистік аймақта жататын болса, онда нөлдік болжам жоққа шығарылады. Егер К критерийдің бақыланатын мәні болжам қабылданатын аймақта жататын болса, онда нөлдік болжамды жоққа шығаруға негіз жоқ (қабылданады).
Кризистік аймақтың орналасуының үш варианты бар:
Оң жақ кризистік аймақ мұнда келесі шартпен анықталады
Сол жақ кризистік аймақ мұнда келесі шартпен анықталады