С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Экономика және бизнес» факультеті экономика саласындағы мамандарды дайындайды. Факультет 1962 жылы Өскемен педагогикалық институтында қалыптасқан саяси экономия кафедрасының негізінде 1991 жылдың 15-наурызында №90-п бұйрығымен құрылған.
Кадрларды дайындау бакалавриаттың 7 білім бағдарламасы және магистратураның 4 білім бағдарламасы бойынша әлеуметтік ғылымдар және бизнес бағыты бойынша жүргізіледі.
Бакалавриаттың бағдарламасы:
5В050600 - «Экономика» 5В050700 - «Менеджмент» 5В050800 - «Есеп және аудит» 5В050900 - «Қаржы» 5В51000- «Мемлекеттік және жергілікті басқару» 5В090200 - «Туризм» 5В090800 - «Бағалау»
Магистратураның 4 білім бағдарламасы:
6M050600 - «Экономика» 6M090200 - «Туризм» 6M050900 - «Қаржы» 6М051000-« Мемлекеттік және жергілікті басқару»
Экономика және бизнес факультетінің сапалы білім беретін профессорлық-оқытушылық құрамы 40 оқытушыдан тұрады:
17 экономика ғылымдарының кандидаттары мен докторлары
КАДРЛЫҚ ҚҰРАМ
Материалдық-техникалық база
Экономика және бизнес факультетінің материалдық-техникалық базасы жоғары деңгейде жабдықталған : «Туризм», «Бухгалтерлік есеп» оқу кабинеттері , талдау және аймақтық экономикалық мониторинг лабораториясы, салық лабораториясы Project Expert, 1 С бухгалтерия және СОНО (C:\Program Files\SONO арнайы бағдарламалармен қамтамасыз етілген.
Сабақтар заманауи, жабдықталған мамандандырылған кабинеттерде, зертханаларда, интерактивті тақта бар дәрісханаларда өтеді.
Жаз кезінде оқу үрдісі шеңберінде «Алтай- алтын таулары» туристік саяхаттары жүргізіледі
Жаз кезінде оқу үрдісі шеңберінде «Алтай- алтын таулары» туристік саяхаттары жүргізіледі
Факультет студенттері әр түрлі конкурстарға, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда
Факультеттің 20 жылдық қызметінде ондаған монографиялар, мыңдаған ғылыми мақалалар және экономиканың ең маңызды мәселелері жөнінде әдістемелік зерттеулер жарық көрді. Біздің ғалымдар, магистранттар Қазақстандағы көптеген ғылыми конференцияларға, сонымен қатар шет елдегі конференцияларға қатысады және G-Global-дың коммуникабелді алаңының белсенді қатысушылары болып табылады.
Соңғы 2 жылда факультеттің ПОҚ «Даму» кәсіпкерлігін жетілдіру қоры» АҚ бірлесе отырып, «Экспресс-кәсіпкерлік курс» аясында «Бизнес-кеңесші» жобасын жүзеге асырды. «Даму» кәсіпкерлігін жетілдіру қоры» АҚ бірлесіп шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында ШҚО-ның 15 ауданы бойынша семинарлар ұйымдастырған.
Университет пен факультетте студенттер мен магистранттардың ғылыми әлеуетін жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктер бар Біздің студенттер мен магистранттар жыл сайын “Ғылым граниті”, “Жас талап”, “Студенттердің ғылыми-зерттеушілік жұмыстарының республикалық конкурсы” сияқты ғылыми жобалар конкурстарына қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алады
«СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ҮЗДІК» болып танылды
Біздің студенттер Президенттің «Болашақ» бағдарламасы, «Erasmus Mundus» бағдарламасы бойынша АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Корея, Греция, Ресей және басқа мемлекеттерде білім алған.
Біздің студенттер Президенттің «Болашақ» бағдарламасы, «Erasmus Mundus» бағдарламасы бойынша АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Корея, Греция, Ресей және басқа мемлекеттерде білім алған.
2013 жылы 5В051000 «ГМУ» мамандығының студенттері ШҚО жастар саясатын басқаруының «ШҚО-ның алтын жастар резерві» тізіміне енген.
Факультет студенттері университеттің әр түрлі іс-шараларына белсенді қатысады