«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы


Бәсеке: түсінігі және түрлері



бет25/57
Дата19.10.2022
өлшемі0,6 Mb.
#153961
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57
Байланысты:
ЭК-лекция

Бәсеке: түсінігі және түрлері

Бәсеке (лат. concurred – қақтығысу) - өнім өндіру мен өткізудің экономикалық жағынан неғурлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасындағы сайыс. Мұндай қақтығыс міндетті және объективті шарттармен туындайды: әрбір нарықтық субъектінің толық шаруашылық оқшаулылығымен, оның шаруашылық конъюнктурасына толық тәуелділігі және көбірек табыс үшін басқа үміткерлермен қақтығысы.
Бәсекенің түрлері: 1. Жүргізу әдісіне қарай (бағалық- бағаны төмендету арқылы, бағасыз бәсеке- сапасы, жарнама, сервис көрсету арқылы); 2. Ниет тәсілдері бойынша (адал және ниетсіз бәсеке).
Бәсекенің классикалық түрін еркін, жетілген, бағалық деп атау баршаға белгілі нәрсе. Мұнда баға құрылымының еркін механизмі экономиканы жүргізудің өте тиімді тәсілі ретінде бағаланады. А.Смит бәсекенің еркін (классикалық) теориясының негізін қалаған. Бәсекенің классикалық түрі нарықтық экономикасы бар елдерде XVIII-ші ғасырда XIX-шы ғасырдың соңғы ширегіне дейін байқалды. Демек, бәсеке өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында монополиялық бірлестіктердің (картель, синдикат, концерн) тууына дейін болған.
Классикалық (еркін) бәсекенің орнына еркін емес, жетілмеген бағалық емес монополиялық бәсеке келді. Бәсекелестік күрестің нақты өзгеруі монополиялық бәсеке теориясында айқын көрінді. Оның негізін қалаушы американ экономисі Чемберлин Эдвард Гастингс (1899-1967 ж.ж.) болды.
Жетілмеген бәсеке бағаға қайдағы бір бәсәкелес әсер еткенде пайда болады. Шындығына келгенде барлық иегерлер «еркін емес бәсекелестікке тартылған».
Бәсекені оның тәсіліне қарай былай білеміз: бағалық және бағалық емес немесе өнімнің сапалық (тұтыну құны) негізіндегі бәсеке.
Біртекті өнімдер түрінің нарықтың өзінде әртүрлі бағаларды көрсетуі бағалық бәсекелестіктің мән-жайын түсіндіреді.Сатушы өзінің өніміне бағаны түсіре отырып, тауарына барынша назар аудартады және түптеп келгенде нарықта нәтижеге қол жеткізеді. Бағалық бәсекенің негізгі тәсілі өндіріс шығындарын және өткерілетін тауарлар бағасын төмендету болып табылады.
Бағалық емес бәсеке ең алдымен өнім сапасын жақсартуды көздейді. Бағалық емес бәсекенің басты қаруы – жарнама, маркетинг факторларын және басқаларын қолдану болмақ.
Қазіргі нарықтар өнім түрлерімен ғана бөлініп қоймайды және бәсеке сипатымен де бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке нарығы, олигополиялық бәсеке нарығы, таза монополия нарығы. Енді осыларға толығырақ тоқталайық..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет