«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы


Ұсыныс заңы және ұсыныс қисығы



бет28/57
Дата19.10.2022
өлшемі0,6 Mb.
#153961
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57
Байланысты:
ЭК-лекция

2.Ұсыныс заңы және ұсыныс қисығы
Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны.
Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше
Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.
Графикке ұсыныс қисығын салғанда тікелей осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте ұсыныстың көлемі (D). Қисық сызық (S) шығып келе жатқан бағытта болады.



График 6.3. Ұсыныстың қисығы.

График 6.4. Ұсыныс қисығының жылжуы.



Р S

Р2


A


Р1 B
Q1 Q2 Q

Р S1


S
S0


Q

Бағаның өзгеруінен ұсыныстың көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді

Бағасыз факторлардың әсері ұсыныстың өзгеруіне әкеледі: ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді:оңға- төменге ( өсуі), солға –жоғары азаюы)

Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

  1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.

  2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.

  3. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауар бағасының өзгеруі.

  4. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлар өзгерістерін күту.

  5. Бәсекенің деңгейі.

  6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – Ұсыныстың өсуіне әкеледі.

  7. Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.

Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет