«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы


Қоғамдық өндiрiстiң құрылымы



бет8/58
Дата06.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#173923
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58
Байланысты:
ЭК-лекция

Қоғамдық өндiрiстiң құрылымы. Қоғамдық ұдайы өндірістің фазасы: өндіру,бөлу, айырбастау және тұтыну.

Адамдардың материалдық қажеттілігін қанағаттандыру үшін өндіріс қажет. Өндіріс – бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктерді өндіру процесі және де адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мақсатты іс-әрекеттері. Ал, өндіріс нәтижесі болып адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын материалдық емес игіліктер табылады. Қоғамдық өндіріс адамның табиғатпен екі арадағы өзара әрекетінің процесін және осы кездегі пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығын қамтиды. Сонымен, өндіріс дегеніміз –адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктерді, өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін бағытталған мақсатты іс-әрекеттері.

Қоғамдық өндіріс





Өндіргіш күштер

Өндірістік қатынастар







Ұйымдық-экономикалық




Жұмысшы күші




Технико-экономикалық


Әлеуметтік-экономикалық

Өндіріс құрал жабдықтары


Жұмысшы күші дегеніміз- адамның еңбекке қабілеттілігі. Ал еңбек дегеніміз- адамның саналы іс-әрекеті болып табылады. Оның негізгі көрсеткіші еңбек өнімділігі болып табылады. Еңбек өнімділігі ол біріншіден, белгілі бір уақыттағы өнім көлемі; екіншіден, әрбір өнім бірлігіне кеткен уақыт көлемі. Еңбек өнімділігін арттыру нәтижесінде еңбек ресурстары үнемделеді, өндіріс арзандайды, қоғамның байлығы өседі. Еңбек өнімділігі денгейін анықтайтын бірнеше факторлар бар(кесте 4).
Еңбек өнімділігі денгейін анықтайтын негізгі факторлар:

  • Жұмысшылардың кәсібилігі, квалификациясы мен білімділік деңгейі

  • Өзінің еңбек нәтижесінен кейін өндірушілердің қызығушылық деңгейі

  • Ғылым мен техниканың даму деңгейі және оның өндірісте қолданылуы

  • Өндірісте ресурстарды қолдану тиімділгінің деңгейі

  • Еңбектің жылдамдығы мен интенсивтілігі

  • Табиғи жағдайлар( табиғи ресурстар,климат және т.б.)

Өндірісті ұйымдастыруға жұмысшы күшінің болуы жеткіліксіз. Оған қоса өндірістің заттық факторлары – өндіріс құрал- жабдықтары керек. Өндіріс құрал-жабдықтары – бұл еңбек заттары мен еңбек құралдарының жиынтығы.
Өндірістік қатынастар- бұл материалдық игіліктер мен қызметтерді өндру, бөлу, айырбастау және тұтыну кезінде пайда болатын экономикалық қатынастар жиынтығы.
Қажеттілікті қанағаттандыру барысында қоғамдық өндіріс екі сфераға бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет