«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы


Қоғамдық өндірістің құрылымы



бет9/58
Дата06.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#173923
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58
Байланысты:
ЭК-лекция

Қоғамдық өндірістің құрылымы

Материалдық өндіріс

Материалдық емес өндіріс

Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б.

Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары.

Экономикалық мүдде- бұл экономикалық тұтынушылықтың пайда болу нысаны. Тұтынушылық - жеке индивид пен мәдениеттің дамуына сәйкес арнаулы түрге ие болатын, мойындалған қажеттілікті анықтаушы.


Қоғамдық ұдайы өндіріс ұғымын алғаш реет зерттеген физиократтар мектебінің өкілі Ф. Кэне. Одан кейін одан әрі дамытқан К. Маркс болды. Ол»Капитал» еңбегінің 2-ші томында қоғамдық өндірістің екі бөлімшесінің пропорциясын қарастырған.Сонымен қатар, ағылшын экономисі Дж. М. Кейнс қоғамдық ұдайы өндіріс мәселесіне үлкен мән берді.
Үнемі қайталап, жаңғырып отыратын өндірісті ұдайы өндіріс (қайта өндіру) деп атайды.
Ұдайы өндірістің түрлері:

Жай ұдайы өндіріс ұлғаймалы ұдайы өндіріс.

Жай ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің үзіліссіз өзгермеген күйде қайталануы. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің ұлғайып үзіліссіз қайталанып жаңғыруы. Қазіргі заманғы экономикаға өндірісті кеңейту тән. Бұл өндіріске салынған жаңа инвестициялар шығындалған капиталды тек қайтарып қана қоймай, өндірістің қосымша немесе өндірістің ең тиімді құралдарымен оны көбейтеді. Сонымен өндіріске қосымша капитал салу есебімен оны ірілендіріп, капиталдың жинақталуын қамтамасыз етеді.


Кеңейтілген (ұлғаймалы) өндірістің түрлері:

  1. Экстенсивті - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.

  2. Интенсивті - өндіріс техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

  3. Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

Технологиялық өндіріс әдісі қоғамдық өндірісті дамытуға қажетті еңбек құралы, материалдар, технологиялар, қуаттар, информациялар және өндірісті ұйымдастырудың жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет