«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы



бет37/58
Дата26.09.2022
өлшемі0,49 Mb.
#150735
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58
Байланысты:
ЭК-лекция

Масштаб эффектісі ұзақ мерзім кезеңінде фирманың іс-әрекет процесінде пайда болады. Бұл процесте орташа шығындар мен өндірістің қарқыны өзара байланыста болады. Өндірістің қарқыны өскен сайын белгілі бір кезеңге дейін орташа шығындар азая береді, яғни масштаб эффектісі дегеніміз - өндіріс қарқынының (күш, куаты) өсуі арқылы ресурстардың тиімділігінің артуы, яғни үнемділігінің өсуі. Мұның мағынасы: өндіріс кеңейіп өсе бастағанда, барлық факторлар іске кіргенде өнімнің саны өсе бастайды да шығындардың азаюына төмендегі себептер әсерін тигізеді:

  1. Еңбектің мамандандырылуы. Өндіріс күрделіленген сайын, жоғары деңгейлі кәсіби жұмысшыларға қажеттілік өседі. Осы жағдайда еңбектің өнімділігі де өседі.

  2. Басқару аппаратының мамандандырылуы.

  3. Капиталды тиімді пайдалану. Фирманың қарқыны өскен сайын, қымбат құрал- саймандарды сатып алу мүмкіншілігі туады.

  4. Тәжірибелік жұмыстарға ғылыми зерттеу жүргізуді қаржыландырудың артықшылығы.

  5. Жарнаманы қаржыландырудың артықшылығы.

  6. Тауар өткізуді (сатуды) қаржыландырудың артықшылығы.

Сонымен, осы келтірілген факторлар бір данаға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Бірақ та, өндіріс қарқыны өсуінің шегі болады. Келесі бір кезеңде өндіріс қарқыны баяулайды да, шығындардың өсімі өндірістің өсуіне әсерін тигізе де алмайды, сонымен бір данаға шығатын шығындар өсе бастайды, себебі кәсіпорын өзінің тиімді күш-қуатының ең жоғары деңгейіне жеткеннен кейін, келесі кезеңде өндірістің өсуі шығынға әкеледі де, өндірістің жағымсыз жағдайы пайда болады.
Фирманың қысқа мерзімдегі тепе- теңдігі: қазіргі кезеңдегі экономикалық теорияның дәлелдеуі бойынша: кәсіпорын пайданы ең жоғары деңгейде (шығындардың ең төмен деңгейі) шекті табыс шекті шығынға тең болған жағдайда алады. (МR=МС).
Қысқа мерзім кезеңіндегі фирманың тепе-теңдігін 4 типке бөлуге болады:

  1. Өзінің орташа өзгермелі шығындарын ғана (АVС=Р) жаба алатын фирманы шектеулі деп атайды. Мұндай фирма аз ғана уақытта ғана шаруашылығын жүргізеді.

  2. Баға төмендеген жағдайда фирма бәсекеге түсуге қабілетсіз болады, яғни ағымдағы шығындарын жаба алмаған соң саладан кетуге мәжбүр болады. (АVС >Р) Бұл пайдасыз фирма деп аталады.

  3. Егерде баға жалпы орташа шығындардан артық болса (АТС>Р), онда фирма әдеттегіден тыс артық пайда алады. Бұл артық пайда алатын фирма деп аталады.

  4. Баға өскен жағдайда фирма ағымдағы шығындармен қатар барлық шығындарын жауып, орташа шамада пайда алатын болса, бұл әдеттегі пайда алатын фирма деп аталады.

Ұзақ мерзім кезіңінде фирма орташа шығындарын азайту арқылы өндірісін кеңейтуге ұмтылады. Өнімділіктің өсуімен орташа жалпы шығындар азаяды, керісінше өнімділіктің азаюымен орташа шығындар өседі.

Кеңестік дәріс
9 Тақырып Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы.
Дәріс 9

Өндіріс факторларының нарықтық бағасы мен өндіріс факторларының шекті өнімі.
Жалақы – еңбек факторының бағасы ретінде.
Жер рентасы-жер иелерінің факторлық табысы

Дәрістің мақсаты: дәріс уақыт аралығында қарастырылып отырған тақырып бойынша лектор студенттердің келесідей сұрақтарына жауап береді: өндіріс факторларының маңыздылығы, олардың табыс көздері, еңбек, капитал, жер факторлары, жалақы, пайыз, рента, т.б.


Негізгі ұғымдар: еңбек, капитал, жер факторлары, жалақы, пайыз, рента, т.б.




Өндіріс факторларының нарықтық бағасы
Экономикада бөлу процесі өте маңызды рөл атқарады, ол өндірілген өнімдегі әрбір адамның үлесін, қоғам мүшелерінің табысы, әл-ауқат, тұрмыс дәрежесін сипаттайды. Бұл тақырыпта меншікке сәйкес өндіріс факторлары – еңбек, капитал, жер, сондай-ақ табыс нысаны – жалақы, пайда мен пайыз, жер рентасының мәні қаралады. Бөлу баға арқылы жүзеге асады. Сондықтан, табыстар құрылуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны түсіну қажет.
Экономикалық ресурстардың табыстарын айтқанда ресурстардың үш түрлері (еңбек, жер, капитал) мен табыстың үш түрін (жалақы, рента, пайыз) бөліп қарастырады. Бірақ өндіріске тағы бір фактор қажет ол кәсіпкерлік қабілеттілік, ол шаруашылық кешенде ресурстарды жинақтайды және еңбекті ұйымдастырады. Осыдан кейін кәсіпкердің табысы пайда болып табылады.Табыстардың барлық түрлерін қарастырамыз.



10.1.сурет-Өндіріс ресурстарының негізгі түрлері және оларды қолданудан түскен табыстар


Жалақы – еңбек факторының бағасы ретінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет