Үй жұмысы
Орындаған: Барманқұл Нұрай 2/2
1.
Экономика және экономикалық жүйе терминдеріне сипаттама
беріңіз?
Қазіргі уақытта
экономика
кең кӛлемде: ӛндіріс, тұтас халық
шаруашылығы, жалпы ӛндірістің әр саласы, қаражат-ақша айналасы, т.б.
байланысты айтылады. Біздер экономиканы кең кӛлемде, қоғамдық
ӛндірістің жүйесі деп түсінеміз.
Экономикалық жүйе
- бұл экономикалық процестердің жиынтығы.
Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде
қогамда жүзеге асады.
2.
Нарықтық экономиканы қалай түсінесіздер?
Нарықтық экономика
–ертеден келе жатқан шаруашылықтың
жүргізу құралы,оның дамуының ӛзіндік бай тарихы бар.нарықтың
қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бӛлінісінің дамуымен
байланысты.
3.
Қазақстанның жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға
көшуінің себебі неде?
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін
нарықтық экономикаға көшу
жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға,
мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.
4.
ДСҰ-ға ТМД-ның қандай мемлекеттері кірді?
2013 жылғы 2 наурыздағы жағдай бойынша ДСҰ-ға 159 мемлекет
кіреді және 25 мемлекет бақылаушы мәртебесіне ие, оның ішінде 4
ТМД
елдері - Беларусь, Қазақстан, Әзірбайжан, Ӛзбекстан.
5.
Үлкен кісілермен сөйлесіп, 90-жылдары елімізде тағы қандай
әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтар болғанын анықтаңдар.
90-шы жылдардың басында
ауыл шаруашылығы
елеулі
дағдарысты
бастан кешірді. Оның басты себебі – ауыл шаруашылығы
мен ӛнеркәсіп салалары ӛнімдерінің арасындағы үлкен алшақтық еді.
Ауыл шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауына
республикадағы колхоздар мен кеңшарларды жаппай және тез арада
жекешелендіру науқанының үлкен зардабы тиді.
6.
Қосымша материалдарды пайдаланып, Қазақстан мен Орталық
Азияның басқа мемлекеттеріндегі ұлттық валютаны енгізудің
ерекшеліктерін түсіндіріңдер.
Ұлттық валютаны енгізу алдында Ресеймен түрлі деңгейдегі
келіссӛздердің, соның ішінде мемлекет президенттері – Н.Ә. Назарбаев пен
Б. Н.Ельцин арасындағы кездесулердің күрделі және ұзақ процесі болды.
Президенттер келісімге қол қойды, оған сәйкес әр тарап ӛз валютасын
енгізуден үш ай бұрын екіншісін хабардар етуі керек еді. Алайда, 1993
жылдың шілдесінде Ресей осы оқиғадан үш күн бұрын ғана Қазақстанға
хабар беріп, ӛзінің ұлттық валютасын енгізді.
Жаңа келіссӛздер нәтижесінде Қазақстанға жаңа үлгідегі
банкноттарды бӛлу туралы тағы бір уағдаластыққа қол жеткізілді, бірақ
олар отандық банктерге келіп түскен жоқ. Біздің экономикамызға елеулі
залал келді. Бағаны ырықтандыру және ақша массасының ӛсуі
гиперинфляцияға айналған инфляцияның ӛсуіне себеп болды.
Мұндай жағдайда Қазақстан ӛз валютасын енгізу процесін
жеделдетті. Ұлттық валюта Ұлыбританияда басылды. Ұлттық
банкнотаның түрлі номиналдарында әл-Фараби, Абылай хан,
Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев және т. б. белгілі тарихи тұлғалардың
портреттері орналастырылды.
7.
Кәсіпкерлік пен шағын, орта бизнестің экономиканы дамытуда
қандай маңызы бар? Өмірден мысал кетіріңдер.
Экономиканы жаһандандырудың қарқынды дамып келе жатқан
процесі жағдайында шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы үлкен маңызға
ие.
"Бизнесті жүргізу" зерттеуінің деректері бойынша 2002– 2003 жж.бастап
180 ел кәсіпкерлік қызметті реттеу жүйесінің 2000-ға жуық реформасын
жүзеге асырды.
Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үздік нәтижелерге қол жеткізді,
ал бизнес жүргізу үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар ЭЫДҰ-ның табыс
деңгейі жоғары елдерінде бұрынғысынша бар.