Корреляциялық тәуелділік. Тәуелсіз х айнымалының әрбір мәніне тәуелді у айнымалының нақтылы мате- матиктьқ күту (орташа) мәні сәйкес келетін байланыс
Байланыс әрбір бөлектелген жағдайда байқалмайтын, бірақ осындай жағдайлар саны керегінше көп болса, тек сонда ғанаорташа шамаларда сезілетін корреляциялық байланыс «толық емес» тәуелділікте деп есептелінеді,
Мысалға, жұмысшының кәсіптік деңгейін көтеру еңбек өнім- ділігін өсіруге алып келетіні белгілі. Бірақ мұндай көзқарас жаппай құбылыстар ғана дәлелді және бір түрлі жұмыс атқаратын бірдей разрядтағы екі жұмысшының кәсіптік деңгейін көтергеннен олардың еңбек өнімділігі бірдей өседі деп айта алмаймыз. Олардың еңбек өнімділігі сөзсіз әртүрлі болады. Біріншіден денсаулықтары, жұмыс құралдарының қалпы және т.б. жағдайлардың әсер етуі әбден мүмкін.
Осы талқылаудан статистикалық тәуелділік - әрбір бірліктің жекеленген әсері емес, ал ол барлық жиындық қасиеті деп тұжырымдалады.
Корреляциялық байланыс жеке жағдайда емес, жаппай жағдайда байқалады және оны зерттеу үшін жаппай бақылаулар жүргізілуге тиіс.
Сонымен экономикалық жүйенің тәуелділік ерекшеліктерін ойда қалдыру үшін келесі схемаға көңіл аударыңыз.
Әлеуметтік-экономикалық құбылыстарда нәтижелік белгі деңгейіне оны қалыптастыратын арнайы факторлардан басқа ескерілмеген және кездейсоқ факторлар да ықпал етуі мүмкін. Мұндай жағдай экономикалық қүбылыстар көрсеткіштерінің өзара байла- нысы корреляциялық сипатта болатынын сөзсіз дәлелдейді.
Функционалдық және корреляциялық тәуелділіктер түр- лері. Функциональдық және корреляциялық байланыс әсерлік бағытына байланысты тура және кері әсерлі болуы мүмкін. Сон- дықтан функционалдық және корреляциялық заңдылық байланыс бағыты бойынша бір багыттас немесе керісінше болып бөлінеді. Байланыс бағыты бірдей болса, онда корреляция коэффициенті оң таңбалы, яғни әсер ететін фактор өскен сайын нәтижелік белгі де өседі. Байланыс бағыты теріс болған жағдайда барлық көрсеткіш керісінше өзгереді
Модельге енгізілген факторлар сандарына байланысты кор- реляциялық байланыстар бір факторлылар (жұптық) және көп факторлылар болып бөлінеді.
Корреляциялық әдістің негізгі міндеті - қарастырып отырған байланыстың жұптық байланыс кезінде нәтижелік белгімен фактордың немесе көп факторлылық байланыс қарастырылса, нәтижелік белгі мен факторлардың арасындағы тығыздық дәре- жесін, яғни байланыс күшін анықтау болып есептелінеді.Тәжірибеде корреляциялық байланыстардың тығыздығы, яғни байланыс күші, корреляция коэффициентінің (-1 <г< +1) мэнімен сипатгалады.
Экономикалық құбылыс көрсеткіштерінің байланыс тығыз- дығының дәрежесінің түсіндірмесі, корреляция коэффициентінің мәндері бойынша 1-кестеде келтірілген.
Кесте 1 – Байланыс тығыздығының сандық және сапалық мағынасы
Корреляция коэффициентінің мәні
|
Байланыс сипаты
|
Байланыс тиянақсыз
|
... ± 0,3-дейін
|
Әлсіз, жоқтың қасы
|
± 0,3 ... ± 0,5
|
Өте төмен
|
±0,5 ... ±0,6
|
Төмен
|
± 0,6 ... ± 0,7
|
Әсері байқалады
|
Байланыс тиянақты
|
±0,7 ... ±0,8
|
Орташа
|
±0,8 ... 0,9
|
Жоғары
|
± 0,9 - жоғары
|
Өте жоғары
|
Тәжірибеде корреляциялық заңдылықтарды іс жүзінде, зконо- микалық жүйеде жоспарлауда, болжауда және талдауда қолдану үшін корреляция коэффициентінің мәні 0,7-ге тең немесе көп болған жағдай жеткілікті делінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |