Экономикадағы корреляциялық байланыстар



бет1/3
Дата08.11.2022
өлшемі1,15 Mb.
#157151
  1   2   3
Байланысты:
6-ЭКОНОМИКАДАҒЫ КОРРЕЛЯЦИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР


6 – ЭКОНОМИКАДАҒЫ КОРРЕЛЯЦИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР

Бірнеше түрде кездесетін экономикалық құбылыстар, олардың бір немесе бірнеше қасиеттерін суреттейтін, белгілер көптіктерімен сипатталынады.Мұндай белгілер уақыт және кеңістік бойынша өзгереді (ауытқиды). Көп жағдайда белгілердің өзгерісі бір-бірімен тәуелді және бір-бірінің әсеріне байланысты. Айталық, бір жағдайларда белгілер арасындағы байланыс (тәуелділік) өте тығыз (мысалға, бір сағатта жасалған өнім және жалақы мөлшері), ал басқа жағдайларда белгілер арасында байланыс тіпті байқалмауы немесе нашар мөлшерде болуы мүмкін (мысалға, студенттің жынысы және оның оқу үлгерімі). Белгілер арасындағы байланыс тығыз болған сайын, қабылданатын шешім нақтылы және қарастырып отырған жүйені басқаруда жеңілденеді.


Көптеген экономикалық құбылыстардың байланыс формала- рының ішіндегі маңыздысы, олардың себептілігі. Себептіліктің мәнісі бір қүбылыстың пайда болуы екінші бір құбылыстың туын- далуына әкелетінімен түсіндіріледі. Кез-келген байланыста, бір көрсеткішке әсер ететін және оны өзгертетін, бірнеше белгілер факторлар ретінде қарастырылса, ал көрсеткіш осы факторлардың әсеріне байланысты өзгеріс нәтижесі деп саналады. Басқа сөзбен айтқанда, біреулері себеп тудыратындар, ал басқа біреулері - одан туындалатындар (оның салдары). Салдарды сипат-
тайтын белгілер нәтижеліктер деп аталады (у - түсіндірілетін айнымалылар, тәуелділер), себептерді тудыратын белгілер - фак- торлар (х - түсіндірілген айнымалылар, тәуелсіздер).
Сонымен экономикалық статистика әртүрлі өндіріс көрсет- кіштерінің байланыстарын, ағымдағы заңдылықтарын және оларды зерттеудің көптеген әдістерін ашты. Оларды іс жүзінде қолдану реті есептің қойылуына және зерттеу мақсатына байланысты. Экономикалық құбылыстар әртүрлі әсерлерге тәуелді пайда болады, яғни экономикалық көрсеткіштер бір-бірімен байланысты өзгереді. Осы байланысты зерттеу үшін экономикалық құбылыстарды тудыратын көрсеткіштерді екі типке бөледі. Зерттелетін көрсеткішке әсер ететін және солармен байланысты көрсеткіштерді - факторлық белгілер немесе факторлар деп, ал факторлық белгілердің әсерінен өзгеретін зерттеліп отырған көрсеткіш - нәтижелік белгі деп аталады. Экономикалық құбылыстарда аталып отырған белгілердің арасындағы байланыстар тығыздық дэрежесімен (немесе байланыс күшімен), байланыс бағытымен және аналитикалық байланыс формасымен (немесе қалпымен) сипатталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет