4.3 Тақырып бойынша тапсырмалар
1-есеп. Əр түрлі мерзімдер мен проценттік ставкалар үшін мөлшері 400 млн займ төлемдеріне қою кестесін құрыңыз. ПЛТ функциясын қолданыңыз;
2-есеп. Жылдың аяғында проект бойынша капитал салымдары 150 млн., ал 4 жылдың ішінде түсетін пайда 45, 48, 56, 60 млн деп болжанады. Проектінің таза ағымдық құнын түрлі дисконттау нормалары мен капитал салымдарының мəндеріне байланысты қою кестелерінде есептеу керек. ЧПС функциясын қолданыңыз.
3-есеп. Облигациялар 89 курспен, 9.09.2001 сатып алынған жəне купондық пайда (ставка) 10%, төлем периоды жырты жылда бір рет. Облигация борышы өтелетін күн 15.09.2005, курсы – 100 деп болжанады. Қою кестесінде облигация бағасы мен купонның жылдық ставкаға тигізетін əсерін көрсету керек. Уақытша есептеу базисы – 1. ДОХОД функциясын қолданыңыз.
4-есеп. Номиналы 1000 облигация, купондық ставкасы 8 %, төлем периоды – жылына 4 рет, шығарылған күні - 1.09.2003, сатып алынған күні – 5.10.2003, купонның бірінші рет төленген күні – 12.12.2003, есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен жиілік пен купондық ставканың жинақталған табыстың мөлшеріне əсерін көрсетіңіз. НАКОПДОХОД функциясын қолданыңыз.
5-есеп. 200000 бағаға купонсыз облигация (инвестиция) 06.09.2002 сатып алынған. Борыш өтелетін күн – 12.09.2005, бағасы – 250000. Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен қосымша пайданың жылдық ставкасының өзгеруі инвестиция мөлшері мен борышты өтеу бағасына қалай байланысты екенін көрсетіңіз. ИНОРМА функциясын қолданыңыз.
6-есеп. Вексельдің берілген күні – 6.09.2002, сомасы (инвестиция) – 250000, 8 % ставкамен төленген күні – 12.09.2004 , Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен вексель бойынша алынатын соманың шамасының өзгеруі инвестиция мөлшері мен жеңілдікке байланысты қалай жүретінін көрсетіңіз. ПОЛУЧЕНО функциясын қолданыңыз.
7-есеп. Облигация алынған күні – 11.08.2001, борышты өтеу күні – 25.11.2003, купондық пайда – 10 %, проценттер төлемі жарты жылда бір рет, пайданың жылдық ставкасы – 12 %. Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен құнды қағаздың ұзақтығының өзгерісі пайданың жəне купонның мөлшеріне байланысты қалай жүретінін көрсетіңіз. ДЛИТ функциясын қолданыңыз.
8-есеп. 350000 бағаға купонсыз облигация (инвестиция) 12.09.2004 сатып алынған. Борыш өтелетін күн – 12.09.2008, бағасы – 450000. Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен қосымша пайданың жылдық ставкасының өзгеруі инвестиция мөлшері мен борышты өтеу бағасына қалай байланысты екенін көрсетіңіз. ИНОРМА функциясын қолданыңыз.
9-есеп. Вексельдің берілген күні – 14.02.2005, сомасы (инвестиция) – 150000, 8 % ставкамен төленген күні – 12.03.2007 , Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен вексель бойынша алынатын соманың шамасының өзгеруі инвестиция мөлшері мен жеңілдікке байланысты қалай жүретінін көрсетіңіз. ПОЛУЧЕНО функциясын қолданыңыз.
10-есеп. Облигация алынған күні – 18.06.2000, борышты өтеу күні – 25.11.2007, купондық пайда – 10 %, проценттер төлемі жарты жылда бір рет, пайданың жылдық ставкасы – 12 %. Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен құнды қағаздың ұзақтығының өзгерісі пайданың жəне купонның мөлшеріне байланысты қалай жүретінін көрсетіңіз. ДЛИТ функциясын қолданыңыз.
5 Шешімді іздеу (поиск решения) баптамасының көмегімен тиімділеу есептерін шығару
Күнделікті өмірде оптимизациялау есептерін шешу қажеттілігімен жие кездесеміз. Қарапайым мысал, сауда дүкеніне кіргенде әрдайым мына бір сұрақ туындайды: амиянымыздың мүмкіндігіне қарай қажеттілігімізді барынша қалай қанағаттандыруға болады? Ал, менеджерлер, экономистер үнемі жұмыстары барысында қызметкерлер штатын жоспарлау, еңбек ақы қорын жоспарлау, өндірістің тиімді жоспарын құру, тауарды нарыққа жылжыту бойынша жарнама кампанияларын жоспарлау секілді мәселелермен кездеседі.
Өмірде және экономикада жие кездесетін осындай есептердің көптүрлілігіне қарамастан, Excel оларды шешудің тиімді әдісі – Поиск решения құралын ұсынады. ДК пайдаланушысынан талап етілетіні Excel үшін есептің дұрыс қойылуын қалыптастыру, ал есептің тиімді шешімін дәл және тез арада Поиск решения құралы тауып береді.
5.1 Шешімді іздеу баптамасы
Поиск решения(Шешімін табу) – оптимизациялау есептерін шешуге арналған Excel қондырмасы. Егер Сервис менюінде Поиск решения командасы болмаса, онда оны жүктеу қажет. Ол үшін Сервис→Надстройки командасын ашып, Поиск решения қондырмасын белсенді ету керек. Егер Поиск решения Надстройки сұхбат терезенде болмаса, Windows-ң басқару панеліндегі Установка и удаление программ пиктограммасына шертіп, Excel (немесе Office) орнату программасының көмегімен Поиск решения қондырмасын орнату керек.
Поиск решения 5.1 суреттегі сұхбат терезесінің элементтерін қарастырайық.
Установить целевую ячейку(Мақсатты ұяшықты орнату) өрісіне максимумы, минимумы немесе берілген мән табылатын функция ұяшығына сілтеме жасалады. Шешім мен мақсатты ұяшық арасындағы өзара байланыстың типі Равной(Тең болатын) тобындағы ауыстырғыштарға белгі қою арқылы орнатылады. Мысалы, мақсатты функцияның максимумын немесе минимумын табу үшін ауыстырғыш Максимальному значению немесе Минимальному значению жағдайына сәйкесінше қойылады. Мақсатты функцияның берілген мәнін табу үшін Равной тобындағы Значению жағдайы таңдалады.
Изменяя ячейки(өзгеретін ұяшықтар) өрісіне есептің шешімін табу барысында өзгеруі қажет ұяшықтар адресі, яғни айнымалыларға бөлінген ұяшықтар көрсетіледі.
5.1-сурет – Поиск решения терезесі
Есептің айнымалыларына қойылатын шарттар Ограничения(Шектеулер) өрісінде бейнеленеді. Шешімін табу құралы теңдік, теңсіздік, сонымен қатар айнымалылардың бүтін сан болу шарты түріндегі шектеулерді енгізуге мүмкіндік береді. Шектеулер біртіндеп енгізіледі. Шектеулерді енгізу үшін Поиск решения сұхбат терезесіндегі Добавить батырмасына басу қажет және ашылған Добавление ограничения (Шектеулерді енгізу) 5.2 суретте көрсетілген сұхбат терезесінің өрістерін толтыру керек.
5.2-сурет – Шектеулерді енгізу терезесі
Достарыңызбен бөлісу: |