Экономикалық АҚпараттық ЖҮйелердегі жаңа технологиялар



бет5/24
Дата08.09.2017
өлшемі3,22 Mb.
#30601
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
2.3-сурет – Функциялар туралы анықтама жүйесінің терезесі

.

Функцияларды Функция шеберін шақырмай ақ, бірден енгізуге де болады.



Аргументтерді енгізу барысында мыналарды есте сақтаған жөн:

- Шығындарды білдіретін аргументтер (мысалы, жыл сайынғы төлемдер) теріс сандармен, ал кірісті білдіретін аргументтердің мəндері (мысалы, дивидендтер) оң сандармен беріледі;

- барлық дата функция аргументі ретінде сандық форматта болады;

- логикалық аргументтерге Ақиқат жəне Жалған тұрақты мəндері қолданылады;

- əр аргумент өз орнында болуы керек. Егер қандай да бір аргументтің мəні болмаса, орны бос қалады, бірақ міндетті түрде аргументтерді бөліп тұратын таңбалар қойылады.

1-есеп. 1 000 000 000 көлемінде ссуда 5 жылға, 12 % жылдық ставкамен берілген. Төртінші жыл үшін негізгі төлем шамасын анықтау керек.

Шешімі: ОСПЛТ(ставка; период; кпер; пс; бс) функциясын қолданамыз.

Біздің есебімізде функция түрі: ОСПЛТ(12 %; 4;5;1000000000)



Есептеу терезесі 2.4 суретте көрсетілген:

2.4-сурет – Займ бойынша негізгі төлемдерді есептеу
Мұнда В8 ұяшығына мына формула енгізіледі:

= ОСПЛТ(B5;B6;B4;B3)

2-есеп. 10 %-тік жылдық ставкамен 20 жылға берілген ипотекалық ссуданы есептеу керек. Бастапқы салымы 25 %. Ипотекаға алынатын үйдің құны 350000 болсын

Шешімі:


Займ бойынша төленетін төлемдерді есептеу үшін ПЛТ функциясын қолданамыз:

ПЛТ(ставка; кпер; бс; пс; тип)

Біздің есебіміздегі функция түрі:

ПЛТ(10 %/12; 20*12; -350000*(1-25 %))) – ай сайынғы төлемдер;

ПЛТ(10 %; 20; -(350000*(1-25 %))) – жыл сайынғы төлемдер.

Есептеу терезесі төмендегідей 2.5 сурет және 2.6 суреттерде көрсетілген:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет