Экономикалық дамудық Қазақстандық моделі



Дата09.01.2022
өлшемі17,42 Kb.
#110505
Байланысты:
СӨЖ №10 Каз Тарих


СӨЖ №10,Қазақстанның қазіргі тарихы;

Бисарин Кенесары, ПиИМСО-20 к тобы

Экономикалық дамудық Қазақстандық моделі

Әкімшіл-әміршіл экономикаға тән белгілер

Нарықтық экономикаға тән белгілер

Әкімшілдік-әміршілдік экономика, өндіріс құрал-жабдығына қоғамдық меншікке, орталықтандырылған жоспарлауға және қоғам өмірінің барлық аясын директивалық басқаруға негізделеді. Басты белгісі – іс жүзінде барлық экономикалық ресурстарға (жерге, жер қойнауына, кәсіпорындарға, қаржыға, т.б.) мемлекеттік меншіктің үстемдігі.

Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру және оларды ақшаның көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым – қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастырудың формасы.

Тиісінше халық шауашылығы бірыңғай “фабрика” болып табылады, ал орталық жоспарлаушы органдар кім үшін, қалай өндіру мәселелерін шешеді, яғни нарықтық жүйедегідей сұраныс емес, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ұсынысы айқындаушы фактор болып табылады.

Нарық – бұл нәтиже мен еңбек шығындары аралығындағы байланыстарды ,арақатынастарын, объективті көрсететін, демек, өндірістің ағымдағы мөлшеріне сай тұтынуды сипаттайтын өндіріс өнімдерін айырбастау актісінің жиынтығы. Экономикалық қатынстар қалыптасқан қоғамда нарық қоғамдық өндірісті біртұтас процесс ретінде ұйымдастырады. Тек нарық көмегімен ғана қоғамдық өндіріс экономикалық жүйеге немесе экономикаға айналады.



Мұндай шарттар монополия мен бюрократияны сөзсіз тудырады, мұның өзі дамуға деген ынтаны төмендетеді. Алайда Әкімшілдік-әміршілдік экономиканың оң жақтары да бар. Ол: әлеуметтік аяның дамуы, білім алуға, медицина қызмет көрсетуге еркін қол жеткізу мүмкіндігінің болуы. Әкімшілдік-әміршілдік экономика елдеріне бұрынғы социалдық елдер, қазіргі КХДР жатады

Осылайша нарық өз шешімін тауып, қоғамдық тұтынуды қамтамасыз етуге қажетті мөлшердегі өндіріс құрал – жабдықтары мен жұмысшы күші халық шаруашылығы салалары арасында өзара пропорционалды түрде бөлінеді.

Нарық жағдайнда тиісті алғышарттар бірден жүйеге келтіріліп, аз уақытта белгілі бір нәтижелерге қол жеткізе қою оңайға соқпайды. Ол үшін нарықтық экономиканың неізін осы бастан үйрену, білу қажет.

Әкімшілдік-әміршілдік экономиканың ұйтқысы – КСРО экономикасы болды. Ол 20 ғасырдың 30-жылдарында қалыптасты. Оның құрылуының алдында Қазан төңкерісінен кейінгі екі кезең бастан кешірілді: соғыс коммунизмі (1917 – 20 жылдары) және жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) (1921 – 28 жылдары). Соғыс коммунизмі үшін тәркілеу, реквизициялау, азық-түлік салғырты және нарықтық саудаға тыйым салу жүйесі тән болды.

Міне, осы жолмен экономикасы оңды дамыған елдердің тәжірибесіне назар аударатын болсақ, онда нарықтың ұзақ жылдар бойы қалыптасқандығын көреміз. Мәселен, АҚШ – та 1902 жылдан бастап, Коллифорния университетінде нарық туралы дәрістер оқыла бастады. Себебі, сол тұста АҚШ – тың нарық жолына түсуіне 1873 – ші жылдарда басталған экономикалық дағдарыс себепкер болған еді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет