Энерготасымалдаушылардың бағасы нақты белгіленіп қойылған уаықтта, 1992 жылдың қаңтарында басталған бағаларды либеризациялау процессі 1994 жылдың соңына дейін созылды да, бұл жағдай эконмиканың барлық салаларында, әсіресе сыртқы экономикалық қатынастарда реформаларды жүзеге асыруға кедергі болды.
Бағаның еркін қалыптасуына мүмкіндік бермей сыртқы сауданы либерализациялау республикадан сыртқа аса маңызды шикізат түрлерін, көбіне республикалық тұтынуға зиянын тигізе отырып, шығаруына жағдай жасады. Себебі әлемдік бағалар ішкі белгіленген бағадан 2-3 есеге жоғары еді. Нәтижесінде барлық бұрынғы мемлекеттік – серіктер Қазақстандық «стратегиялық» тауарлардың жолына ішкі барьерлер қоя бастады. Оған қарамастан шетке ондай тауарларды шығару өсе берді, ал валюталық түсімдер шетелдік банклерде қалып қойды.