1991-1997 жылдар аралығындағы баға динамикасы (алдыңғы жылдармен салыстырғанда пайызбен) |
1991
|
1992
|
1993
|
1994
|
1995
|
1996
|
1997
|
Тұтыну бағалары
|
247
|
3060
|
2265
|
1258
|
160
|
128
|
111
|
Өнеркәсіп өнімдеріне өндірушілердің бағасы
|
312
|
3916
|
1423
|
2023
|
140
|
118
|
111
| Қазақстанның экономикалық саясаты осы кезеңде мынадай принциптермен жүргізілді: Қазақстанның экономикалық саясаты осы кезеңде мынадай принциптермен жүргізілді: - 1) Өндірістің бәсекелестік рыноктық өзіндік реттеу мен мемлекет тарапынан экономикалық дамудың негізгі параметрлік макроэкономикалық реттеу синтезіне негізделген әлеуметтік – нысаналық аралас экономика құру;
- 2) Ұлттық кәсіпкерліктің барлық түрлеріне,оның ішінде әсіресе, материалдық табыс өндіретін, қызмет көрсету, транспорт және бөлшек сауда салаларындағы жеке меншік түріне қолдау көрсету;
- 3) Өндірістің құрылымдық қайта құрылуына негізделген «жылдам экономикалық даму стратегиясын» жүзеге асыру; отын – энергетикалық және металлургиялық комплекстерге бірінші кезектілік жүйесін, азық – түлік және халық тұтыну тауарлары рыноктарын дамыту, тұрғын үй мәселесін шешу;
- 4) Мемелекетаралық байланыстарды – бірінші кезекте ТМД елдерімен, Батыспен, Қиыр Шығыс мемлекеттерімен және Түрік – Азиалық әлем елдерімен қатынаста, экономикалық – саяси серіктес таңдауда пргматизм ұстанымын сақтау.
Қазақстанда сапалы экономикалық қайта құрулардың жаңа кезеңі 1993 жылы қарашада ұлттық валюта – теңгенің енгізілуімен, жүйелі қайта құрулар және тұрақты кредиттер бағдарламасы шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарының кең көлемде көмегін тартумен басталды. Бұл кезең өзіндік макроэкономикалық саясаттың жүргізілуімен, салық салу, бюджеттік және банктық жүйелерде, сыртқы экономикалық әрекеттестікте, оның ішінде шетел капиталын және кедендік істерді тартуда нормативтік құқықтық база құрумен, рыноктарды және нарықтық инфрақұрылымдарды дамытумен сипатталады. Алайда, 1994 жылдың орта тұсына дейін Қазақстан үкіметі қабылдаған бағытты іске асыруда орынсыздық және шегіністік көрсетті. Бірінші кезекте бұл бүкіл 1994 жыл бойына созылған бағаларды либералдандыру процессіне қатысты болды. Әрі қарай либералдандыру және сыртқы экономикалық байланыстардағы сапалылықты өсіру мақсатында Қазақстан Үкіметі мынадай шешім қабылдады: — 1994 жылдың басында либералдандыруға ұсынылған тауарлар тізімі маңызды түрде қысқартылды; — экспорттық квота 1993 жылы белгіленген 25 атаудан 1994 жылы 7 атауға дейін төмендетілді Квоталар шикізаттарға ғана сақталды. — Экспорттық және импорттық пошлиналар мөлшері төмендетілді, осы салықтар салынатын тауарлар түрі қысқартылды, экспорттық салықтарды валюталық төлеу жойылды, бұл жағдай тауарлардың экспорты мен мипортына дем берді, олардың құрылымын жақсарта түсті; — 1994 ж 1 қаңтарда аукциондық, валюталық рынокта сатылуға міндетті валюталық табыстың пайызы 50 пайызға дейін өсірілді және барлық экспорттық түсімдердің республикаға қайтарылу тәртібі енгізілді де бұл жағдай капиталдың кемуін қысқартты. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
Достарыңызбен бөлісу: |