Экономикалық теория. Экономиканың зерттеу әдістері. Экономикалық теорияның функциялары



бет36/126
Дата04.02.2022
өлшемі331,68 Kb.
#130660
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   126
Байланысты:
Экономика теория Дәрістер 2022ж

Кемшіліктері


  • нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді;

  • қоғамда теңсіздікті туғызады;

  • тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды;

  • нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.

Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек саудаларынан құралып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасының әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді.

  • маржиналық (шекті) талдау

  • балама таңдау шығындарына

  • экономикалық рационалдыққа

Маржиналық талдау принципі негізінде нарық субъектілерінің іс қимылы жүріп отырады. Олардың әрекетіне әсер ететін орташа емес, шекті шамалар. Осының нәтижесінде нақты тауарлармен толық қамтылу, нарықтық бағаның өзгеруі, т.б. Яғни бұл принцип нарықтық ортаның үздіксіз қызмет етуін, сұраныс пен ұсыныстың көлемінің тұрақты сақталуын, өндіруші мен тұтынушы арасындағы тепе - теңдіктің орнауына жол ашады.
Баламалы таңдау шығынының принциптері - бұл тікелей және ресурстарды пайдаланудың, немесе, кәсіптік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген табыстың және шығындардың жиынтығы жатады.
Ерекшелігі барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің ішінен ең тиімдісін және күмәнсіз орындай алатын вариантын таңдап алу. Экономикалық рационалды принципі - табыс пен шығындарды салыстыру негізінде қалыптасады. Рационалдық таңдау өзгеріп тұратын варианттардан тұрады, яғни ең аз көлемде пайда әкелетін варианттың жүзеге асуы. Аталған принциптер нарық болмысының тепе-теңдігіне қол жеткізуге жол ашады. Нарықтың құрамы өте күрделі, ол экономиканың барлық сфераларына әсер етеді.
Нарықтың экономикалық құрылысы мынадай жағдайлармен белгіленеді:

  • меншік формалары бойынша: (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас);

  • шаруашылық субъектілернің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес салмағына байланысты тауар өндірушілердің құрылымы (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары);

  • тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;

  • шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және жекелендіру дәрежесімен;

  • осы мемлекеттің қолданатын сауданың түрлерімен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет