Жиынтық сұранысқа бағалы және бағасыз факторлар әсерін тигізеді. Бағалы факторлардың әсері жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруіне әкеледі және сызықтың өз бойымен жылжиды. Бағасыз факторлардың әсері жиынтық сұраныс қисығының оңға (АД2 - өсуі) немесе солға (АД - азаюы) жылжуына әкеледі.
Жиынтық сұранысқа (АД) әсерін тигізетін факторлар
Бағалы Бағасыз
1 2 3 4 5 6 7
Байлық эффектісі (Пигу эффектісі) - бағаның жалпы дәрежесі өскенде (азайғанда) жиналған қаржылық активтердің нақты құны төмендейді (өседі). Сондықтан жиынтық сұраныс (АД) азаяды (өседі).
Пайыз мөлшерлі жалақысы эффектісі (Кейнс эффектісі) – бағалар өскенде ақшаға сұраныс өседі және пайыз мөлшерлі жалақысы да өседі, сондықтан жиынтық сұраныс (АД) қысқарады.
Айырбас курсының эффектісі (Манделл - Флеминга эффектісі)- бағалар төмендегенде, ақша сұранысы азаяды, % мөлшерлі жалақы төмендейді, ұлттық валютаның нақты айырбас курсы төмендейді, таза экспорт өседі және жиынтық сұраныс (АД) өседі.
Тұтыну шығындарының өзгеруі:
Тұтынушылардың табыс деңгейі.
Тұтынушылардың күтуі
Тұтынушылардың қарызы.
Салықтар.
Инвестициялық шығындардың өзгеруі:
Пайыз мөлшері жалақысы.
Инвестициядан пайда күту
Кәсіпорындар салықтары.
Өндірістің күш - куатының артуы.
Мемлекет шығындарының өзгеруі.
Экспорт пен импорттық шығындардың өзгеруі.
Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі.
12.3. график. Жиынтық ұсыныстың кисығы.
Р АS
3
2
1
Q
Жиынтық ұсынысқа мерзім аралықтары әсерін тигізеді:
қысқа мерзімде – АS –көлденең сызық,
ұзақ мерзімде - АS - тік сызық.
1 – кейнсиандық сызық, қысқа мерзім
2 – аралық мерзім
3 - классикалық сызық, ұзақ мерзім.