Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:
Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-лыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс.
Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.
Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды.
Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді.
Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.
Экономикалық теория қоғамдық ғылым ретінде үш сұраққа жауап беруі тиіс:
Не өндіру керек? – қандай тауарлар және қызметтер өндірілуі қажет?
Қалай өндіру керек? – қандай ресустар, қандай технологияны пайдалану арқылы өндіру қажет?
Кім үшін өндіру керек? - өндірілген тауар қалай бөлінеді, кімге арналады, кім сатып алады? Қоғамның қажеттілігін барынша толық қанағаттандыру мәселелерін шешу барысында экономикалық теория таңдау проблемасымен тығыз байланыста болады.
Достарыңызбен бөлісу: |