Экономикалық теория негіздері


Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы



бет3/4
Дата30.10.2019
өлшемі202,13 Kb.
#50848
1   2   3   4
Байланысты:
oku kuralj


6 Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы
6.1 Нарықтың мәні. Нарық қатынастар жүйесі ретінде. Нарықтық қатынастардың субъектілері.

6.2 Нарықтың атқаратын қызметтері

6.3 Нарықтық жүйе және оның элементтері (түрлері, инфрақұрылымы).



Мақсаты:нарықтық қатынастардың мәнін ашу.
6.1 Нарықтың мәні. Нарық қатынастар жүйесі ретінде. Нарықтық қатынастардың субъектілері.
Нарық – тауарлы өндірістің құрамдас бөлігі. Тауарлы өндіріссіз нарық қызмет етпейді, ал нарықсыз тауарлы өндіріс болмайды. Нарықтың объективті қажеттілігі мен пайда болу себептері: қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы, нарық субъектілерінің экономикалық оқшаулануы болып табылады. Нарық – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шаруашылық байланыстар түрі, бұл экономиканың қызмет етуінің қоғамдық формасы.

Нарық – бұл қоғамдық тауарлар мен қызметтердің қозғалу формасы. Тар мағынада нарық – бұл тауарлар мен қазметтерді сатып алу-сату, сауда келісімдерін жасау орны. Экономикалық көзқарас тұрғысынан нарық – бұл тауарлы өндіріс пен айналыс заңдары бойынша ұйымдастырылған айырбас процессі.

Кең мағынада нарық – бұл өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестерін қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Ол әртүрлі меншік формаларын, тауар-ақша қатынастары мен қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген экономиканың күрделі қызмет ету механизмі ретінде көрінеді.



6.2 Нарықтың атқаратын қызметтері
Нарық бірқатар экономикалық қызметтер атқарады.

Реттеу қызметі. Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді, ұсыныс көлемі мен құрылымын оперативті өзгертеді, оны төлем қабілетті сұранысқа бейімдейді .

Ақпараттық қызметі. Тұрақты өзгеретін бағалар, пайыз мөлшері арқылы нарық өндіріс қатысушыларына нарыққа шығарылатын тауарлар мен қызметтердің көлемі, түрлері және сапасы жөнінде объективті ақпараттар береді.

Ынталандыру қызметі. Бағалар арқылы нарық тауарөндірушілерді өндіріске ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізуге, өнім өндірісіне кететін шығындарды азайтуға және оның сапасын көтеруге, тауарлар мен қызметтер түрлерін кеңейтуге ынталандырады.

Сауықтыру қызметі. Нарық бәсекені дамыта отырып, қоғамдық өндірісті экономикалық әлсіз, тиімсіз шаруашылықтардан тазартады.Баға белгілеу қызметі. Бұл қызметі арқылы тауарлар мен қызметтер бағаларының қалыптасу, белгілену процесі жүзеге асады. Баға белгілеудің екі негізгі жүйесін көрсетуге болады:

  1. нарықтық баға белгілеу, сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы нәтижесінде жүзеге асады.

  2. орталықтанған баға белгілеу, бағаны мемлекеттік органдар белгілейді.

Делдалдық қызметі. Нарық экономикалық оқшауланған тауарөндірушілер мен тұтынушыларды тікелей байланыстырады.



6.3 Нарықтық жүйе және оның элементтері (түрлері, инфрақұрылымы)
Нарық инфрақұрылымы – бұл нарықтың қызмет етуі мен дамуы үшін қалыпты жағдайларды қамтамасыз ететін және қызмет көрсететін институттардың (ұйымдардың, фирмалар мен мекемелердің) жиынтығы. Нарық инфрақұрылымының элементтері қор, еңбек биржалары, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер және т.б. болып табылады.






Бақылау сұрақтары
1.Нарықтың қалыптасуы мен дамуының экономикалық және әлеуметтік жағдайлары қандай?

2. Қоғамдық өндірістегі нарықтың ролі, элементтері мен қызметтері қандай?

3.Нарықтың «құрылым», «инфрақұрылым» ұғымдарының мазмұнын ашыңыз.
6 тақырыпқа арналған тесттік тапсырмалар:
1.Нарықтық экономиканың негiзгі заңы:
A) Құн заңы.
B) Сұраныс заңы.
C) Еркiн бәсеке заңы.
D) Ұсыныс заңы.
E) Уақыт үнемдеу заңы.
2. Орталықтандырылған баға белгiлеу жүйесi ненi бiлдiредi:
A) Мемлекеттiк органдардың қажеттi мөлшерде баға белгiлеуге араласуын.
B) Монополды бағаларды реттеудi.
C) Филиалдары бар жекеленген iрi кәсiпорындағы баға белгiлеудi.
D) Мемлекеттiк органдардың өндiрiс және айналыс шығындары негiзiнде бағаның қалыптастыруын.
E) Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысу негiзiнде баға белгiлеуді.
3. Нарықтың баға белгiлеу жүйесi тепе-теңдiлiгiнiң негiзiнде не жатады:
A) Мемлекеттiк органдардың қажеттi мөлшерде баға белгiлеуге араласуы.
B) Монополды бағаларды реттеу.
C) Филиалдары бар жекеленген iрi кәсiпорындағы баға белгiлеу.
D) Мемлекеттiк органдардың өндiрiс және айналыс шығындары негiзiнде бағаның қалыптастыруы.

E) Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысу негiзiнде баға белгiлеу.
3. Нарық қатынастарының ядросы:

A) Қоғамның өндiргiш күшi.


B) Өндiрiстiк қатынастар.
C) Айналыс шығындары.
D) Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы.
E) Тауарөндірушілер арасындағы қатынас.
4. Тауар құнын қоғамдық тану қайда жүзеге асады:
A) Өндiрiс процесiнде.
B) Бөлу процесiнде.
C) Айырбас процесiнде.
D) Тұтыну процесiнде.
E) Нарықта.
5. Нарықтық көзқарас тұрғысынан баға:
A) Тауар құнының формасы.
B) Тауар құнының ақшалай формасы.
C) Нарықта айырбастау процессiнде игiлiктер бағалылығының көрiну формасы.
D) Абстрактылы еңбек формасы.
E) Нақты еңбек формасы.
6. Баға төмендегілердің қайсысына әсер етедi:
A) Пайдаға.
B) Шығынға.
C) Салықтарға
D) Несиелерге.
E) Жеңiлдiктерге.

7. Екi жақтың келiсiмi бойынша нарық жағдайында белгiленетiн баға қалай аталады:


A) Реттелетiн.
B) Келiсiмдi.
C) Қозғалмалы.
D) Ағымдағы.
E) Жылжымалы.

8. Нарықта бағаның құннан ауытқуы қандай жағдайда байқалады:


A) Тұрақты түрде.
B) Дағдарыста.

C) Мемлекеттiк реттеу болмағанда.


D) Маусымдық кезеңде.
E) Байқалмайды, себебi олар баланстанған.

9. Баға сұраныс пен ұсынысты теңестіру кезiнде қандай роль атқарады:


A) Барлық элементтермен бiрдей.
B) Негiзгi.
C) Жанама.
D) Қосымша.
E) Ешқандай роль атқармайды.

10. Нарық инфрақұрылымы дегеніміз:

A) Жұмысшы күші нарығы.
B) Бағалы қағаздар нарығы.
C) Тауарлар мен қызметтер, капитал мен жұмысшы күші қозғалысына қызмет көрсететін және қамтамасыз ететін институттардың жиынтығы.
D) Валюта-ақша нарығы.
E) Бағалы қағаздарды бір орталықтан сату-сатып алу.
7 Нарық субъектілерінің өзарабайланысу түрлері: бәсеке және монополия



7.1 Бәсеке: мәні мен экономикалық ролі.

7.2 Бәсекенің формалары мен қызметтері.

7.3 Монопольды баға. Монополиялық бірлестіктер.

7.4 Монополияға қарсы заңдылықтар



Мақсаты-Нарықтық экономикадағы бәсекенің мәні мен ролін ашу.
7.1 .Бәсеке: мәні мен экономикалық ролі.
Бәсеке латын concurrere сөзінен аударғанда – түйістіру деген мағынаны білдіреді. Ол экономикада нарықтық қатынас субъектілері арасындағы тауарлар мен қызметтер өндіру, сату мен сатып алудың ең тиімді жағдайлары мен нәтижелері үшін бақталастығы, күресі. Бәсекелестік күрестің екі нысанын көрсетуге болады:

Баға бәсекесі – сатушылар өз тауарын бәсекелесіне қарағанда төмен бағамен ұсынуға тырысады. Олар тауарға әртүрлі жеңілдіктер, сыйақылар белгілеу арқылы сатып алушыларды тартады.

Бағадан тыс бәсеке - өнімнің жоғары сапалылығын, сенімділігін және техникалық мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, тауарды сату кезіндегі қызмет көрсету (несиеге сату, үйге жеткізу, қосымша кепілдіктер беру), жарнама және тауарды безендіру арқылы жүзеге асады т.б.

Бәсекенің экономикадағы ролі:



  • өндірісті кеңейтеді

  • прогрессивті жаңалықтарды енгізеді

  • ресурс шығындарын азайтады

  • экономиканың жалпы тиімділігі өседі

  • сұранысты оптималды қанағаттандырады

  • бағаны теңестіреді және төмендетеді



7.2 .Бәсекенің формалары мен қызметтері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет