Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.).
Экономикалық теория талдау дәрежесіне қатысты екі бөлімнен құралады:
микроэкономика – жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді. Бұнда жеке тауарлардың бағасы, ресурстар, шығындар, пайда, фирманың қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы және т.б. категориялар талданады.
макроэкономика – мемлекеттің жалпы экономикасы зерттелінеді, ұлттық экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді, талдау объектісіне жататындар: қоғамның жалпы табысы, жұмыссыздық, инфляция және т.б.
Қазіргі экономикалық теория позитивтік және нормативтік болып екі түрге бөлінеді.
Позитивтікэкономика нақты деректер мен құбылыстарға сүйенеді.
Нормативтік экономика ұсыныстар мен ұйғарымдар жасайды, яғни экономика қандай болуы керек (болжау) және мақсатқа жету үшін қандай шаралар жүргізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |