Экономикалық теория пәнін анықтаңыз, рөлі мен әдістерін көрсетіңіз



бет2/4
Дата31.12.2019
өлшемі155,58 Kb.
#55403
1   2   3   4
Байланысты:
11эконом теория
100 proektov malogo biznesa 18

Тауар — қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-эк/лық қызметтің кез келген өнімі, қаж қанағ.ж/е базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.

Әрбір тауардың тұтынушылық құны, яғни адамның қандай да болсын қажетін өтеу қасиеті болады. Бірақ ол Тауарды жасаушының қажетін емес, басқа адамдардың қажетін қанағаттандырады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тауардың осы қасиеті айырбас құны деп аталады, ол құнның нысаны, оның айырбас барысындағы сыртқы көрінісі болып табылады. Барлық Тауардың құны сапалық жағынан біртекті және тек сан жағынан, оларды өндіруге жұмсалған қоғамдық еңбек шығынының көлемі жағынан ғана айырмашылығы бар. Тауарға жұмсалған қоғамдық еңбек оның құнын құрайды. Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Тауаратқарымдық мақсатына, беріктігіне, төзімділігіне, пайдалануға қолайлылығына, сыртқы түрінің тартымдылығына, буып-түйілуіне, қызмет көрсетілуіне, кепілдіктеріне, бірге жіберілетін құжаттары мен нұсқаулықтарына, Тауарды ерекшеліктерін:Аукционлық, биржалық, ақшалай,тұтынушылық, қолда бар, көпшілік қолды, арзанқол , тб. түрлерге бөлінеді. Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мүмкін;  Тауарлы өндірісте шешуші категория тауар болып табылады. Оның мәнін әркім әр түрлі түсінеді.Маркстік теорияда тауар сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұдан шығатыны:

-тауар тек адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыратын зат болып табылады.

-тауар еңбек жұмсалған зат, мысалы ормандағы жидектер оларды теруші үшін тауар емес, бірақ оларды теруге еңбек жұмсалғаннан кейін тауар бола алады. -тауар сатуға арналғ

Австриялық эк/лық мектебінде (К.Менгер ) тауар айырбас үшін өндірілген ерекше эк/лық игілік ретінде анықталады.

Эк/лық игіліктерге К.Менгер эк/лық қызмет нысаны немесе нәтижесі болып табылатын және қаж/менсалыстырғанда шектеулі мөлшерде алуға болатындарды жатқызады. Бұл екі анықтамалардың ұқсастығы сонда, екеуінде де тауар еңбек нәтижесі ретінде қарастырылады. Айырмашылығы екінші анықтама игілікке деген қажеттілік пен осы игіліктің қол жетерлігі ара қатынасын ескереді, ол біріншісінде ескерілмейді. Әр түрлі көзқарастардың болуына қарамастан, барлық мектептер еңбек арқылы өндірілген пайдалы өнімдер де, еңбек жұмсалған табиғат сыйларымен әр түрлі қызметтердің де тауар бола алатынын мойындайды.                                                                                            Қызметтің ерекшелігі сонда, оның заттай формасы болмағанмен, пайдалы мәні бар, адам іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.

Тауарлар материалдық және материалдық емес сипатта болуы мүмкін.

Тауардың екі қасиеті бар:

—      қандай да бір адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті, мән-мазмұн ерекшелігі;

—      басқа тауарларға айырбасталу қасиеті.

Тауар қандай да адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті тұтыну құны деп аталады. Ол тек оны өндірушінің ғана емес, басқа да адамдардың қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Ал, өндірушінің өзін ол басқа тауарларға айырбастала алатындығы үшін ғана қызықтырады.

13.Ақшаның мәнін және қызметтерін талдаңыз

Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс кұралы, төлем құралы, кор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қаб/гін білд, бағаны анықтауда делдал қызметін атқ. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады.
Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші колға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз козғалыста болады. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды. Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.
Айналыс құралы ретінде ақша қызм/нің ерекш/і мыналар:
— тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
— оны идеалды ақшалар емес, нақты ақшалар орындайды;
Ақша төлем кұралы. Тауар айналысы ақша қозғ/мен байл. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін форм/да көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін. ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтатуға болады:
-тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты мін-
деттемелер;

-еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;


-мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
-банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі
бойынша борыштық міндеттеме;

-сақтандыру міндеттемелері;


-әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және т.б.
Ақша — қорлану және қазына жинау құралы ретінде.
Ақшаның төлем және айналыс. құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т — А — Т айналымының екі актілерге Т — А және А — Т айрылуымен байланысты.
Қазыналарды қорландыру — алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрінде жүзеге асады.
Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын реттеуші ролін атқарған болатын. Өндірістің және тауар айналысының кеңеюі барысында металл ақшалар қазынадан айналысқа шығып отырды немесе керісінше.
Қазіргі жағдайда казына жинау қызметі айналыстағы ақша массасын реттегіш ролін атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттің сақтандыру қоры ретінде болады. Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуелділіктің болуына кепілдеме береді.
Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:
— кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу
және депозиттік шоттарындағы ақшалай қаражат
қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
• банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.
Несиелік механизмнің арқасында кәсіпорындар мен ха-
лықтың ақшалары банктен берілетін қарыздар түрінде қайтадан айналыс процесіне түседі. Сөйтіп, ақшалар бұл қызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және қайта бөлу процесіне дәнекер болады.
есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет етті.

14. Құн теорияларын сипаттаңыз, оның ерекшеліктерін көрсетіңіз

Құн — тауар өндіруге жұмсалған және осы тауар түрінде затқа айналған қоғамдық еңбекті көрсететін саяси экономия санаты; бір заттың ақшалай құндылығы немесе оған жұмсалған шығынның мөлшері. Құнның ақшалай көрінісі (баға) және құн санатының анықтамасы — экономикалық теория мен тәжірибенің негізгі мәселелерінің бірі. Экономика ғылымында бұл мәселеге екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Классикалық және маркстік теорияда құн жеке адамға қатысы жоқ санат ретінде қаралып, ұсталған не жұмсалған шығын бірінші орынға қойылды. 

  • Еңбек құны теориясы тұрғысынан ол тауар түріндегі затқа айналған сапа жағынан бір текті абстрактілі қоғамдық еңбек болып табылады. Құн тек айырбас үдерісінде ғана жұртшылыққа танылған жеке еңбек өнімдеріне, яғни қоғамдық тұтыну құны бар тауарларға тән. Тауар құнының мөлшері рынокта еркін белгіленеді және қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен айқындалады. Құн ақшаға айналдырылып бағаланатындықтан, нарықтық экономикада жетекші рөл атқарады. Құн заңы — нарықтық шаруашылықтың реттеушісі, ол тауар өндірісінің, нақты және заттанған еңбек бөлінісінің барлық үйлесімін баға арқылы айқындайды.

Жаңа классикалық мектеп құнды пайдалы нәтиже деңгейімен айқындалатын және белгілі бір уақытта мұқтаждыққа айналып отырған пайдалы, қажет нәрсенің сирек кездесетіндігіне тәуелді субъективті санат деп есептейді. Құнды тек жұмсалған шығынға ғана жатқызуға болмайды деп есептейтін экономикалық теорияның бұл бағытын экономистердің көбісі қолдайды. Құн мәселесін шешуге принципті жаңа көзқарасты — шекті пайдалылықты талдау көзқарасын таратушылар: ағылшын У.Джевонс  пен А.Маршалл , австриялық К.Менгер ,Ф. фон Визер Э. фон БмБаверк, швейцариялық Л.Вальрас америкалық Дж.Б. Кларк швед К.Виксель . Құн теориясындағы басты жаңалық — игіліктің жиынтық пайдалылығы мен шекті пайдалылығының ара жігін ажырату. Белгілі бір игілік бірлігінің әр түрлі құндылығы болуы мүмкін емес. Сондықтан құн игіліктің шекті мөлшерімен айқындалады. Құн теориясындағы бұл төңкеріс маржиналдық (фр. margіnal — шекті) деп аталады.

  • Шекті пайдалылық теориясы “жаңа классикалық экономикалық талдау” немесе саяси экономиядағы екінші классикалық жағдай деп аталды (біріншісі — А.Смит  пен Д.Рикардо заманында жасалған). Шекті пайдалылық теориясын таратушылар жеке-дара экономикалық талдауға салыстырмалылық (релятивизм) қағидасын қолданды, бірақ оны жалпы шаруашылық жүйені талдауға қолданбады. Жалпы жүйеде еңбектің көмегімен нені өндіру керектігін айқындау үшін оның меншікті құны белгілі болуға тиіс. Бірақ еңбектің құндылығын білу үшін еңбек өнімінің құндылығын білу қажет. Бұл түйткілдің шешімі — шекті пайдалылық теориясы мен классик. Құн теориясын жинақтау, яғни екі құндылықты өзара бірлікте және бір мезгілде айқындау әдісін қолдану. Жаңа жүйені жақтаушылардың көзқарасы бойынша, құн шамасы рыноктағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігімен байланысты

15.Нарық ұғымы, нарықтық экономика , мәні және қызметтері

Нарық − өндіріс факторларын немесе  оның нәтижелері  мен шарттарын айырбастауға байл  болатын өндірістік  қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.

Нарық − бұл сатушылар  мен  сатып алуш/дың  арасындағы тауар және қызмет  көрсету процесіне  байл қалыпт  экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Нарық − тауарларды  сатып алу-сатумен  байланысты орын  алатын экономикалық  қатынастар  жиынтығы.

Нарықтық экономика – ертеден келе жатқан  шаруашылықтың  жүргізу  құралы, оның дамуының  өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы  айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының  дамуын мынадай негізгі кезеңдерге  бөлуге болады:


  • Натуралдық айырбас кезеңі нарығы;

  • Тауар баламасының  кезеңінің нарығы;

  • Тауар емес балама кезеңінің нарығы;

Бірінші кезеңінде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ  болды. Олар өндірістің шарттары  болып табылмайды. Құндық қатынастар  әрбір жеке  сауда саттық  көріністерде  кездейсоқ болады. Кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула  бойынша т12 көруге болады. Балама айырбас  көбіне-көп өндірістің  шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады. Құнның  субстанциясы әлде болса  тауарды бір түрімен  біртұтас болып  бірігіп кеткен жоқ, сондықтан таза  құнның иленушісі  болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.

Екінші кезеңіндегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас  формуласы бойынша  т12 − балама −   т2 . Әрбір жергілікті нарыққа  балама тауардың  бір түрі тән. Ол  ерекше тұтыну  қасиетіне байланысты  әрдайым ортасынан ағысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде таза құн  өзінің иленушісінің белгілі бір  заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді. Оған тауар қабығынсыз өмір сүре  алмайтын  «шығындық» және «шығындық емес» деп бөлінетін  құрамалары  байланады. Дүниежүзілік  нарықтың қалыптасуы мен құнның жеке дара иленушісі қызметін алтын  атқара бастайды.

Үшінші кезеңдегі  тауар қозғалысының формуласы: Т− тауар емес балама – Т2 .

Нарық мынадай  маңызды  қызметтер  атқарады:

Тауар өндірісінің өзін -өзі реттеу  қызметі. Бұл мына жағдай арқылы 

көрінеді: тауарға  сұраныс өскенде, өндірушілер өздерінің  өндіріс көлемін  көбейтіп, бағаны  жоғарлатады нәтижесінде өндіріс  қысқара бастайды.

Ынталандыру қызметі. Баға төмендегенде,  өндірушілер өндіруді 

азайтады, осымен қатар, олар жаңа техника, технологиялар енгізу, еңбек ұйымдастыруды  жетілдіру  арқылы шығындар азайту мүмкіндігін  іздестіреді.

Өндірілген өнім мен еңбек шығындарының  қоғамды маңыздылығын 

айқындау қызметі. Бірақ бұл қызмет тек тапшылық  жоқ өндіріс  жағдайында  жүзеге аса алады.  Сатып алушылардың таңдауы бар  болғанда,  өндірісте монополия  болмағанда, бірнеше өндірушілер  болып олар өзара бәсекелес болғанда.

Реттеу қызметі. Нарық арқылы экономикадағы, өндірістегі және 

айырбастағы  негізгі микро және  макропропорциялар белгіленеді.

Шаруашылық өмірді демократияландыру



16. Нарықтық қатынастардың тұлғалары мен нысандары, нарық құрылымына түсінік беріңіз

Нарықтың құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық сферасында әсерін жүргізеді. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгіленеді:

меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас);

шаруашылық субъектілерінің әр түрлі формаларының

экономикадағы үлес салмағымен белгіленетін, тауар  өндірушілердің құрылымымен (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары, т.б.);

тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;

шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен

алыну және жекешелендіру дәрежесімен;

осы елде пайдаланатын сауданың түрлерімен;

  Нарықты құрылымы жағынан жіктеу

   Осы жағдайлар нарық жүйесіне ерекше қасиеттер береді. Құрылымы жағынан нарықты мынадай критерийлер арқылы бөлуге болады:

1. Нарық  қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі бойынша:

игіліктер мен қызметтер нарығы;

өндіріс құралдарының нарығы;

ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы;

құнды қағаздар нарығы;

жұмыс күші нарығы;

Нарық экономикасының қызмет етуі  оның белгілі  элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы  нарық жүйесін құрайды.

Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі − өндірушілер мен  тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек  бөлінісі процесінде  қалыптасады. Біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны  тұтынады. Тұтыну, жеке тұтыну  және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда  тауарлар, өндіріс  сферасынан  шығып, адамдардың  жеке қажеттіліктеріне пайдаланады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай  жалғастырып  жүргізу болып табылады.

Бұнда тауарды  басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдаланады. Бұл жағдайда  өндірушілер  мен  тұтынушылардың бір-бірімен  байланысы әрқайсысының  әрекеттерінің  нәтижелерін  айырбастау  арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында  бұл байланыстар тұрақты болады. Мамандануға негізделеді  және көтерме нарықтық келісімдер  фомасында жүреді.

Нарық экономикасының екінші элементін  өндіріс орындарының  коорпоративтік  басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен  болжанған экономикалық  оңашалану  құрайды.

Нарық экономикасының үшінші маңызды  элементі − баға.

17.Нарықтық инфрақұрылымын айқындаңыз, ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз

Рыноктың инфрақұрылымы  дегеніміз − рыноктағы тауарлр мен қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер, институттардың жиынтығы .

Рыноктың инфрақұрылымының ұйымдастырушылық негізі − жабдықтау, өткізу, брокерлік және делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар. Материалдық негізі − көлік жүйесі, қойма және ыдыс, ақпараттық және байланыс жүйелері. Несиелік-есептеу негізі − банктік және сақтандыру жүйесі, ірі және шағын несиелік жинақ мекемелері, коммерциялық банктер.

     Рынок инфрақұрылымының негізгі элементтері: жәрмеңке,биржа,аукцион.                                                                Жәрмеңке жылдың белгілі бір мерзімдерінде сауда-саттық ұйымдастырылып отыратын орын. Мұндай сауда орындарының Қазақстан аумағында ғұн дәуірінен бастап ұйымдастырыла бастағаны тарихтан белгілі. Әрине, XIX ғасырдың 30жылдарында Қазақстанның көптеген қалалары мен елді мекендерінде Жәрмеңкелер көптеп ашылды. Бөкей ордасындағы, Шортанды, Семей, Көкшетау, Ақмола, т.б. Жәрмеңкелер қазақ жеріндегі сауда айналымының өсуіне, айырбас көлемінің артуына ықпал етті. Ресей, Қытай, Моңғолия, т.б. мемл/мен сауда байланыстарын жүргізуде Қазақстанның әр түкпіріндегі Қоянды (Қарқаралы уезі), Ойыл (Ақтөбе), Қарқара (Верный, Жаркент уездері), Әулиеата, Тайынша көл (Петропавл уезі), Шар (Семей уезі) Жәрмеңкелері маңызды рөл атқарды. Жаздық және күздік болып бөлінетін Жәрмеңкелер саны 19 ғасырдың соңында Ақмола облысында 40, Семей облысында 14-ке жетті. Саудагерлер Жәрмеңкелерге әкелген тауарларды жергілікті мал шаруашылығы өнімдері (тері, жүн, киіз, мал), азиялық тауарлар (халат, кілем, жібек және қағаз, ат әбзелдері, кептірілген жеміс-жидектер), еуропалық заттар (ұн, балауыз, сабын, шай, қант, темір, фарфор бұйымдары), т.б. деп топтауға болады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қайта жаңғырған Қарқара жәрмеңкесі) жаңа техника мен технологияны, тауарларды сату мен тарату, еліміздің табиғи байлықтарын насихаттау, инвестициялар тарту, т.б. қызметтер атқаратын жүйелі орын болып отыр.



Аукцион — көпшілік алдында кім артық төлем ұсынса, бұйым және т.б. зат соған сатылатын бәсекелес, жария сауда. Бұл латынның auctіo, яғни бәсеке сауда деген сөзінен шыққан. Аукцион тұрақты не уақытша белгіленген орында, алдын ала хабарланған уақытта аукциондық сауда кезінде бұйым көрмеге қойылады. Аукцион тауарлардың, бұйымдардың белгілі бір түрлері бойынша өткізіледі. Аукционның бағаны көтеріп немесе бағаны төмендетіп жүргізетін түрлері бар. Бағаны көтеріп саудаласу ашық және құпия түрде жүргізілуі мүмкін. Ашық түрінде аукционшы лот нөмірін, бағасын алушылар алдында жариялап, «кім көбірек», «кім артығырақ» деп сұрақ қояды, ал алушылар тауардың алғашқы бағасынан сату ережесінде белгіленген мөлшерден әрдайым арттырып, өз бағаларын атайды. Егер кезекті баға арттыру ұсынылмаса, сұрақ үш рет қайталанғаннан кейін, аукционшы балға соғып тауардың ең жоғарғы баға ұсынған кісіге (мекемеге) сатылғанын хабарлайды.

Биржа− сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналатын орны. Биржалар 15 — 16 ғасырларда пайда бола бастады. Мысалы, 1608 жылы құрылған Амстердам Биржасы осы сипатын қазірге дейін сақтап келеді. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты Биржалар тауар Биржасы, қор Биржасы, валюта Биржасы, еңбек Биржасы, т.б. болып бөлінеді.

18.Нарықтық экономика механизмдері және оның элементтеріне тоқталыңыз

Рыноктық қатынастар сатушы мен сатып алушының өз мүдделерінің тиімділігіне негізделген іс-әрекеттермен сипатталады. Бұл қатынастар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар түрінде көрініс табады.

Сұраныс рыноқтың элементтерінің бірі. Ол өндірісті үнемді пайдалану әдістері мен ресурстарды тиімді бөлу тәсілдерін қолдануға ынталандырады. Сұраныс – төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.

Бәсекелі рынокта тауар айырбасы үшін белгілі бір заңдар әрекет етеді. Тауар айырбасы мен баға орнату процестерін басқарушы заңдардың бірі – сұраныс заңы.



Сұраныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (сұраныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін арттырады.

Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуелділіктің болуына байланысты сұраныс қисығы төмен бағытталынған. Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді.

График бойынша Q – ұсыныс көлемі, Р – рыноктағы баға, S – ұсыныс қисығы. Баға P1-ден P2-ге өскенде, ұсыныс көлемі Q1-ден Q2-ге өседі. Ұсыныс пен баға арасындағы тура байланыс болғандықтан, ұсыныс қисығының көлбеулілігі жоғары бағытталған.


19.Сұраныс, сұраныс заңы, сұранысқа әсер ететін факторлар.Сұраныс үлгілерін график түрінде талдаңыз

Рыноктық қатынастар сатушы мен сатып алушының өз мүдделерінің тиімділігіне негізделген іс-әрекеттермен сипатталады. Бұл қатынастар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар түрінде көрініс табады.

Сұраныс рыноқтың элементтерінің бірі. Ол өндірісті үнемді пайдалану әдістері мен ресурстарды тиімді бөлу тәсілдерін қолдануға ынталандырады. Сұраныс – төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.

Бәсекелі рынокта тауар айырбасы үшін белгілі бір заңдар әрекет етеді. Тауар айырбасы мен баға орнату процестерін басқарушы заңдардың бірі – сұраныс заңы.



Сұраныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (сұраныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін арттырады.

Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуелділіктің болуына байланысты сұраныс қисығы төмен бағытталынған. Бұл тәуелділікті график арқылы көрсетеміз:



. Сұранысқисығы.

D қисығысұранысқисығыдепаталады. P1 бағадасұраныскөлемі Q1-гетең. БағаныңР2-гедейінтөмендеуісұраныскөлемін Q2-гедейінарттырады.

Сұранысфункциясысызықтықфункцияболғандықтансұраныстеңдеуікелесідейтүрдеберіледі:

Qd=a-b*Р


Р- баға, Q- өнімкөлемі, ажәне b – сұраныстыңбағалықемесфакторлары.

амөлшеріөзгергендесұранысқисығықозғалады, ал b мөлшеріөзгергендесұраныстыңкөлеміқисықтыңбойыменқозғалады. Яғниапараметрібағағатәуелсіз, ал b бағаныңөзгерісініңәсерінеұшырайды.



Сұраныс қисығына әсер ететін бағадан басқа факторлар.

1) Тұтынушылардың саны.

2) Табыс деңгейі.

3) Басқа тауарлардың бағалары мен пайдалылығы.

4) Тұтынушылардың субъективті талғамы, артықшылық беруі, мода.

20.Ұсыныс, ұсыныс заңы , ұсынысқа әсер ететін факторлар.

Сатушылардың тарапынан болатын іс-әрекет ұсыныс деп аталады. Ұсыныс- берілген бағада тауар өндірушілердің рыноққа шығара алатын тауарларының мөлшері.

Рыноктағы барлық сатушылардың бағаны өсіруге, сол арқылы көп мөлшерде тауар сатып, пайданы арттыруға ұмтылысы ұсыныс заңы арқылы сипатталынады.

Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді.

График бойынша Q – ұсыныс көлемі, Р – рыноктағы баға, S – ұсыныс қисығы. Баға P1-ден P2-ге өскенде, ұсыныс көлемі Q1-ден Q2-ге өседі. Ұсыныс пен баға арасындағы тура байланыс болғандықтан, ұсыныс қисығының көлбеулілігі жоғары бағытталған.

Ұсыныс қисығының қозғалысын туындататын бағадан басқа факторлар:

1) Өндіріс шығындары.2) Салық мөлшері.3) Технология.4) Субсидия.

. Ұсынысқисығы.

Ұсынысфункциясысызықтықболғандықтан, ұсыныстеңдеуі:Qs=a+b*Р

  21.  Нарық механизмінің  негізгі  элементі – бәсеке Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл ретінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:


  • өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру;

  • өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;

  • бәсекеге төзімді өнім өндіру;

  • өнімді сату.

     Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетістіктерді дамытудың негізгі құралы болып табылады. Бәсекелік нарықта қызмет етуші фирмалар мен кәсіпорындар қоғамның әр түрлі сұранысына бейімделіп, тиімді инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндірістік және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнімдер шығарудың көлемін арттыруға  ынталы болады.

     Осылайша әрбір кәсіпкердің бәсеке қабілеті жоғары болуының нәтижесінде әлемдік экономикалық нарықта ұлттық экономиканың бәсеке  қабілеттілігі артады. Сонымен қатар, бәсекеге қоғамға  экономикалық еркіндікті, тиімділікті, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауіпсіздікті ұсынады.

     Бәсеке нарық субъектілернің өзара әрекетінің  және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. Экономиканың белгілі өкілі А.Смит бәсекені нарықтың “көрінбейтін қолы” деген. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің – бағаның, пайданың нормассының,  пайыздық  және т.б. құралдардың мөлшерін анықтау болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет