1.9.3 Көпстанокты қызмет көрсету
Көпстанокты қызмет көрсету кезінде өнімділікті өсіру мүмкіндігі туды. Көпстанокты қызмет көрсету ретінде бір жұмысшының немесе жұмысшылар бригадасының бірнеше бірдей немесе әртүрлі станоктарда біруақытта бірдей немесе әртүрлі тетіктерді өңдейтін жұмысты түсінуге болады. Пісіру өндірісінде бұл бірдей немесе түрлі түзілімдер пісірілетін бірнеше роботталған бөлімшелерді күтумен тең. Бір жұмысшы мысалы үшін екі немесе үш роботты күте алады.
Көпстанокты қызмет көрсетуге алғы шарт ретінде келесі шарттардың орындалуын алуға болады:
Ең ұзақ өңделетін машинаның негізгі машиналық уақыты немесе ең ұзақ пісірілетін пісіру роботының негізгі уақыты барлық біруақытта күтілетін машиналардың қосындыланған қосымша уақытынан артық болуы керек, қол операциялары пісіру алдында немесе соңында орындалуы керек;
Оператормен өтетін ара қашықтық максималды қысқа болуы керек, ал пісіру роботтарының сәйке орналасуы олардың тізбектей қызмет көрсетуіне сәйкес болуы керек, және де әр бөлімшенің жақсы көрінісін қамтамасыз етуі керек;
Дайындамаларды, құралдарды, қосымша материалдарды жұмыс бөлімшесіне жеткізуді және де сәйкес көліктік құрылғылар мен пісірілген үзбелерді және дайындамаларды реттеп салуға арналған орындардың болуын ұйымдастыру;
Жұмыстағы үзілістерден және күту персоналының жүйкелік шаршауынан қашу үшін қызмет көрсетудің қатаң ырғағын орнату керек.
Бұдан басқа біруақытта қызмет көрсете алатын роботтар санын орнату керек. Оны келесі формула бойынша анықтайды
(1.5)
мұндағы: m – біруақытта күтілетін роботтар саны;
ηA – жұмыс уақытын пайдалану коэффициенті, 0,6÷0,8 тең;
t0max – бір бұйымға кететін максималды операционды уақыт, мин;
tHm – пісірілетін бұйымға кеткен барлық қосымша уақыттың арифметикалық орта мәні (tHm қосындыланған қосымша уақыттың бұйым санының қатынасына тең)
1.8-кесте – Есептеу мысалы
Уақыт, мин
|
Робот
|
|
1
|
2
|
3
|
tG
tH
tO
|
6,2
2,5
8,7
|
4,3
1,5
5,8
|
6,0
2,0
8,0
|
|
Яғни үш роботты күту мүмкіндігі бар. Бірақ бұл шарттарда роботтардың бірқалыпты жүктелуіне жететінімізді анықтауымыз керек. Роботтарды пайдаланудың орташа коэффициенті келесідей анықталады:
мұндағы t0ges – қосындыланған операционды уақыт
Бәрінен де 2 робот аз жүктелген, ол үшін
Достарыңызбен бөлісу: |