Экономиканың даму кезеңдері Қазіргі заманғы экономика



бет1/4
Дата08.12.2023
өлшемі28,89 Kb.
#195809
  1   2   3   4
Байланысты:
Экономика реферат
ПРЕЗЕНТАЦИЯ, КІРІСПЕ (копия)

Мазмұны
Кіріспе



  1. Экономиканың даму кезеңдері

  2. Қазіргі заманғы экономика

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Экономика ғылымы өзінің даму барысында тарихи ұзақ жолдан өтті.


«Экономика» термині сонау ежелгі Грецияда философ Ксенофонт енгізген.
Термин гректің екі сөзінен тұрады: «ойкос»- үй, шаруашылық, «номос»- заң,
Яғни шаруашылықты (үйлерді) басқарудың заңдары, шаруашылықты пайдалана білудің, ұлғайтудың тәсілдері. Экономикалық ғылым – ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғашқы рет «экономия» термині біздің дәуірімізге депйінгі ІІІ ғаысрда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 жж.) және Аристотель (б.д.д. 384-322 жж.) еңбектерінде пайда болды. Экономика ғылымы қоғамның экономикалық өмірін зерттеуді алдарына мақсат етіп қойған ойшылдардың, әр түрлі мектептердің, бағыттар мен ағымдардың еңбектерінің нәтижесінде қалыптасқан және дамыған. А.Монкретьен бұл ғылымға – «саяси экономика» деп жаңа атау берді. Ол өзінің пәні етіп абсолютті монархтар басқарып отырған мемлекет шаруашылығын зерттеуді алған. Зерттеу пәнінің ерекшеліктеріне орай бүгінгі заманғы жалпы теориялық экономикалық ғылымнан бірнеше бағытты таратуға болады: саяси экномика (маркстік), неоклассикалық, кейнстік, монетарлық, институционалдық, «жаңа саяси экономика» және т.б.
Көп ғасырлар бойы экономика сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып, жүргізу ережелерін қамтыған. Сонымен қатар феодалдық бытыранқылықты жеңу, орталықтандырылған мемлекеттердің бірлесуі үй шаруашылығын жүргізу ережелері емес, жалпы мемлекеттік шаруашылық жүргізу ережелерінің анықталуын қажет етті. Осыған байланысты «экономика» ұғымы жаға мәнге ие болып «саяси экономикаға» айналды, ол грек тілінде «полис» - мемлекет, (ойкос» - үй шаруашылығы, «номос» звң дегенді білдіреді.
Экономикалық ғылымның әрбір бағытының аясында әр түрлі концептуалдық тәсілдер мен зерттеу нысандары болады. Өз тауарларына деген сұранысты алдын ала болжап отыратын кәсіпорындардың менеджерлері тұтынушылар табысының қалай тез өсетіндігін күн ілгері біліп отырулары тиіс. Ал тұтынушыларды, әсіресе, зейнеткерлерді және табысы төмен топтарды, тауарларардың бағаларының тез өсіп бара жатқандығы алаңдатады. Жұмыс іздеген адамдар экономика өрлеу кезеңіне әлі-ақ көтеріледі, фирмалар жұмысшыларды жалдай бастайды деп үміттенеді. Сонымен экономиканың жағдайы барлық адамдарға өз ықпалын жүргізеді, олардың тікелей қатысуымен іске асырылады, үнемі динамикалық өзгерісте болады.
Экономикалық теорияның өзіндік пәні ғана емес, сонымен қатар, түсініктері, мәліметтері, ойлау және зерттеу әдістері болады. Кез кезлген басқа ғылым секілді экономикалық теория да оны білгісі келген адамдар үшін түсініктсіз және жасанды болып көрінуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет