Экономиканың даму кезеңдері Қазіргі заманғы экономика


Экономикалық теорияның даму кезеңдері



бет2/4
Дата08.12.2023
өлшемі28,89 Kb.
#195809
1   2   3   4
Байланысты:
Экономика реферат

Экономикалық теорияның даму кезеңдері

Экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімінің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды. Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. «Экономия» терминін алғаш ұсынған Ксенофонт бойынша, термин мағынасы үй шаруашылығы (ойкос – үй, шаруашылық; номос – заң) деген ұғымды білдіреді.


Көп ғасырлар бойы «экономия» сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып, жүргізу ережелерін қамтыған. Бірақ феодалдық бытыраңқылықты жеңу, орталықтандырылған мемлекеттердің бірлесуі үй шаруашалығын жүргізу ережелерін ғана емес, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің анықталуын қажет етті. Осыған байланысты «экономия» ұғымы жаңа мәнге ие болып, «саяси экономияға» айналды, ол грек тілінде «полис – мемлекет; ойкос – үй шаруашылығы; номос – заң» дегенді білдіреді. «Саяси экономика» ұғымын ғылымға енгізген А. Монкретьян болатын. 1615 жылы онвң «Саяси экономия трактаты» деген еңбегі жарық көрді, мұнда мемлекеттік шаруашылықты жүргізу кеңестері баяндалған. Экономика – қоғамдық шаруашылықтың даму заңдары жөніндегі ғылым. Мәселен, экономиканың көрнекті өкілі, ағылшын экономисі Уильям Петтидің «Еңбек – байлықтың атасы, жер – оның анасы» деген әйгілі қағидасы мәлім.
Қазіргі экономика пәні капитализмнің дүниеге келу қарсаңында (ХVI ғ. аяғы – XVII ғ. басы) дами бастады. Алғашқыда буржуазия өндіріске емес, байлықтың бейнесінде танылған сауда және алтын операцияларымен айналысатын айналым саласына әрекет еткен. Сол себепті де бастапқы экономикалық ілім ретінде меркантелизм (итальян тілінде mercante – саудагер) ілім қалыптасты.
Меркантелизм екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде ол алтын мен күмісті байлықтың жалғыз нысаны ретінде идеализациялауға тән монетаризм түрінде танылады. Монетарист «ақша балансы» теориясын ұсынды. Оған сәйкес олар елден ақшаны сыртқа шығаруға тыйым салу қажеттілігін ұсынды. Соңғы меркантелисттер ақша емес, тауар айырбастау саласын зерттеуге көшті. Осылайша «Сауда балансы» теориясын жасаған болатын. Алғашқы меркантелистерден айырмашылығы, соңғы меркантелистер ақшаны сыртқа шығаруға тыйым салды, өндірістік тауарлардың экспортын көбейтіп, шетелдік тауарларға жоғарғы кеден салығын салып, ұлттық экономиканы қорғауды, яғни протекционизм (лат. Тілінен аударғанда protectio – қорғау) саясатын жүзеге асыруды ұсынды.
Еуропа әлі аграрлы ел болғандықтан, көптеген зкономистер өндіріст ауыл шаруашылығымен теңестірді. Олар физиократтар мектебінің (грек. Тілінен аударғанда Physic – табиғат, kratos - билік) өкілдері деп аталады. Бұл мектеп Францияда XVIII ғасырдың орта шенінде қалыптасты және классикалық саяси экономиканың француздық нұсқасы болып табылады. Оның негізін салушы XV Людовиктің дәрігері Франсуа Кэне болды. Классикалық саяси экономиканың көрнекті өкілдеріне Адам Смит және Давид Рикардо жатады. А. Смит 1777 ж. «Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы» деген зерттеу кітабын жазған.
Классикалық мектептің елеулі ғылыми табыстары:
1. Басты зерттеу нысаны ретінде олар айналымды емес, өндіріс саласын алды.
2. Еңбектің мәнін барлық тауарлар құнының негізі және өлшемі ретінде қарады.
3. Экономикалық нарық арқылы өздігінен реттелуі қажеттігін және патшалар, билеушілер де жоя алмайтын өзіндік объективті заңдары бар екенін дәлелдеп отыр.
4. Қоғамның барлық әлеуметтік топтарының, атап айтсақ, кәсіпкерлер, жұмысшалар, жерге меншік иелері, банкирлер, саудагерлер табыстарының қайнар көздерін айқындады.
Экономика ғылымының әрі қарай дамуы күрделі жолдардан өтті. ХІХ ғасырдың екінші жартысының басында политэкономия терең дағдарысты басынан өткерді. Ол екі тармаққа – марксизм және маржинализмге бөлініп кетті.
Марксизмнің негізін салушы – Карл Маркс (1818 – 1883жж.). К. Маркстің басты еңбегі – «Капитал». К. Маркс өз зерттеулерінің пәні ретінде өндірістің капиталистік әдісін және оған сәйкес өндіріс пен айырбас арасындағы қатынастарды, ал соңғы масаты ретінде капитализмнің экономикалық заңдарын ашуды көздеді.
Экономикалық теорияны ең ашық идеологияландырған марксистер болды. Олар өздерінің теориялық көзқарастарында жұмысшы табының мүдделерін ашық қорғады. Сондықтан олардың экономикалық ғылымын жұмысшы табының саяси экономикасы деп атайды. Олардың теориясының басты жорамалы – өндіріс құралдарына қоғамдық меншік пен жұмысшылар мүддесі негізінде барлық экономикаға орталықтандырылған жоспарлау басшылығын орнату болатын.
Қазіргі заманғы экономикалық ғылым негізі екі бағытта жүреді:
1. Неоклассикалық;
2. Кейнсиандық;
Бірінші бағыт ХІХ ғасырдың 70 – жылдарында пайда болды. Оның ең көрнекті негізін қалаушылардың бірі – Альфред Маршал (1842 - 1924) болды. Неоклассикалық доктрина ХХ ғасырдың 30 – жылдарына дейін кең тарады, бірақ оны ағылшын экономисі Джон Мениард Кейнстің (1883 – 1946) атымен аталған экономикалық ағым (кейнсиандық) «ығыстырып» шығарды. 1929 – 1933 жылдардағы Ұлы депрессиядан кейін, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге рынок қабілетті емес екенін, әлеуметтік мәселелердің дұрыс шешілуін мемлекеттік реттеу қажет екенін көрсетті. Неоклассиктер мен кейнсиандықтардың арасындағы айтыстағы түйінді мәселе – мемлекеттің экономикадағы рөлі болды. Неоклассикалық бағытты қолдаушылар экономиканы тиімді дамыту үшін, экономикаға мемлекеттің араласуы шектелуі тісті деп есептеді.Кейнсиандықтар керісінше, нарық экономикасын мемлекеттің бақылауымен және макрореттеудің белсенді көмегімен үдерісті дамытуға болады деп есептеді.
А. Смит сияқты К. Маркс та нарықты капиталдың қорлауының аса ірі құралы болып табылады деп есептеді. Алайда, Смитпен айырмашылығы сол, Маркс бұл процесс таптық күрестің шиелінісуі және капитализмнің күйреуімен аяқталады деп есептеді, өйткені оның қарама – қайшылықтары соншалықты елеулі болғандықтан да, нарық механизмінің оларды жоюға әлі жетпейді. Бұл идея осы күнге дейін пікірталас туғызып келеді. К. Марксті сынға алушылар капитализмнің күйремегендігін, жұмысшы табының кедейленбегендігін дәлелдеуге ұмтылады.
Марстің экономикалық ілімі Ресейде кеңінен тарады, себебі мұнда ХХ ғасырдың бас кезіндегі пролетариаттың жағдайы Батыс елдеріне қарағанда әлдеқайда ауыр болатын. Кеңес Одағында Маркстік емес ойдан туындағанның барлығы қабылданбады.
Маржинализмнің (француз тілінен аударғанда marginal – шекті) марксизмнен айырмашылығы – қанауға негізделген өндіріс әдісі ретінде капитализм мәнін зерттеуден бас тартып, шаруашылық қатынастарын зерттеуге ден қойды. Бұл бағыт ХІХ ғ. 70 жылдарында дүниеге келді. Оның өкілдері: Австрияда – К. Менгер, Англияда – У. Джевонс, Швейцарияда – Л. Вальрас. Маржиналистер экономика ғылымының мақсаы шектеулі ресурстарды бөлудің тиімді әдістері мен шаруашылықты ұтымды жүргізудің әдістерін іздестіруде деп таныды. Өздерінің зерттеулерінің әлеуметтік бейтараптылығын баса көрсету үшін олар, тіпті «политэкономия» ұғымынан бас тартып, «экономикс» ілімін енгізді. Мұны ең бірінші У. Джевонс, одан кейін оған тәуелсіз А. Маршалл «Экономика принциптері» кітабын жазу арқылы жүзеге асырды.
Маржинализмнің марксизмнен айырмашылығы – ол өзіне жаңа құнды пікірлер мен әдістерді қабалдауға мәжбүр ететін идеялар бәсекесі қысымында болды.
Маржинализмге тұтас баға бере отырып, оның құндылығы ретінде өзіне сәйкес тұжырымдамаларда көрініс тапқан жаңа идеялардан бас тартпағандығын айта кетуге болады. Алайда, маржинализмге айтарлықтай негативті қасиет бар, ғни шектен тыс математикаландырылған абстрактілі ойларға, графиктер мен формулаларға әбден толықтырылған. Ал ең бастысы, әлеуметтік мәселелерге назар аудармайды.
Маржинализмнің әлеуметтік мәселелерді шеше алмауына қарсы әсер ретінде институционалды – әлеуметтік бағыт пайда болады (латын тілінен ibstitutum – ұйым, мекеме). Оның өкілдері: Т. Веблен, У. Митчел, М. Вебер, В. Зомбарт, Д. Гэлбрейт, Г. Мюрдаль және т.б.
Институционалды – әлеуметтік теорияға сәйкес экономикалық даму сипаты тек нарықтық өзі ғана емес, нарық тек бір бөлігі болып табылатын тұтас экономикалық институттардың жүйесі.
Тарихи тәжірибе экономикалық ғылым дағдарысының, тек сол ғылымның өзінің дағдарысымен ғана емес, оның зерттеу нысаны – экономиканың дағдарысымен байланысты екенін көрсетеді.Ғылымның тақырыбы қоршаған дүниедегі зерттелетін құбылыстар шеңберін қамтиды. Экономикалық теорияның үш анықтамасы бар: 1) Экономикалық теория – экономикалық дамудың жалпы ұстанымдарын заңдылықтарын және экономикалық жүйенің қалыптасу механизмін талдауды зерттейді. 2) Экономикалық теория – адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесін зерттейді. 3) Экономикалық теория - ғылым ретінде экономикалық құбылыстардығ стратегиясы мен тактикасын, экономикалық саясаттың негіздерін өңдейді. Экономикалық теория зерттейтін құбылыстардың мәні экономикалық категория мен экономикалық заңдарда көрсетіледі. Экономикалық категория дегеніміз – экономикалық құбылыстардың маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар, адамдардың арасындағы қоғамдық-экономикалық қатынастардың теориялық бейнесі. Экономикалық заңдар – бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын байланыс. Табиғи заңдарға қарағанда экономикалық заңдар тек қана жақындаса келе әрекет етеді; түрлі тенденция мен заңдылықтардың күресі арқылы көрінеді. Қоладнылу мерзімі бойынша барлық заңдар жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Экономикалық ғылым шеңберінде талдаудың екі деңгейін бөледі, бұл оның екі дербес бөлімге микроэкономика мен макроэкономикаға бөлінуін қамтамасыз етеді.
Басқа ғылымдар сияқты, экономикалық теория зерттеу процесінде түрлі әдістер мепн құралдарды қолданады.
Әдіс – таным тәсілі. Әдістер жалпы және жеке болады. Жалпы әдістерге – абстракция әдісі, талдау, синтез, индукция, дедукция, жорамал, эксперимент, жүйелі талдау т.б.; Жеке әдістерге – экономикалық – математикалық модельдеу, экстрополяция, баланстық, функционалдық т.с.с. әдістер жатады. Экономистің негізгі құралы теория мен байқау болып табылады.
Экономикалық теорияда жиі қолданылатын жорамал – ceteris paribus- басқаның тұрақтылығы жағдайындағы тек қана айнымалы шаманың өзгеруін анықтайтын алғышарт. Олардың пайдаланылу себебі: жорамал әлемді түсіну болжамын оңайлатады.
Экономистер фактілерді зерделеп, болжамдар ұсынғанда жалпылама қорытынды жасап, экономикалық әрекеттерге негіз болатын қағидаларды ашады. Түрлі құбылыстар мен беталыстардың дамуын анықтау экономикадағы жағымды бағдарға жатады. Ал экономиканың тиімділігі жөнінде сөз болғанда, онда мұны нормативті экономикалық ғылым деп бөлеміз.
Экономикалық теория әрқашан экномикалық саясатты қалыптастыру үшін пайдаланылады.
Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық мәселелерді шешудегі және оның механизмдерін әрекетке келтірудегі қызметі. Экономикалық теорияның зерттелуі мен қорытындылары жүргізіліп жатқан экономикалық саясатты жүзеге асыру, стратегиялық экономикалық болжаулар жасауда түрлі бағдарлама құру үшін қажет. Экономикалық саясат
Міндеттерін жүзеге асыру өз кезегінде экнонмикалық жүйені өзгертіп жетілдіреді, ал бұл экномикалық текорияның дамуына жаңа ғылыми білімнің қалыптасуына әсер етеді.
XX ғ. экономикалық дамудың алдыңғы қатарына жаңа технологиялар шықты.Өндіріс машиналық кезеңнен толық автоматтандыру мен компьютерлендіруге өтіп , қарқынды өндірістік өсім басталды.Уақыт өте келе ғылым өндірістің жетекші факторы , ғылыми жетістіктер мен өнертабысы өмір тәжірибесіне шапшаң енгізіле бастады. Әлемнің экономикалық бейнесін өзгерткен ірі корпорациялардың (монополиялардың ) пайда болуы бұл ғасырдың ерекшелігі болды. Өндірістің белгілі бір салаларын өз қолдарына шоғырландырып алған монополиялар өндіріс деңгейін, бағасын , еңбекақы мөлшерін қалауынша белгілейді. Бір мемлекет аумағында әрекет ету монополиялардың тақияларына тарлық ете бастағанда трансұлттық корпорациялар (ТҰК) құрылды. Жаңа халықаралық еңбек бөлінісі қалыптаса бастағанда халықаралық қаржы жүйесі пайда болды.ұзамай , Еуропаның экономикалық бірігуі саяси деңгейге өтті. 1957 ж. кейіннен 1992 ж. Еуропалық одаққа ( ЕО ) айналған Еуропалық экономикалық қауымдастық ( ЕЭС немесе Ортақ нарық ) құрылды. Одаққа кірген елдер – одақ ішіндегі қаржының, тауардың , жұмыс күшінің қозғалысына деген шектеулерді алып тастап , өздерінің шаруашылық өмірін біріктіруге ұмтылады. 1999 жылдан бастап ЕО ортақ валюта – евроны енгізді. Халықаралық экономикалық дағдарыстар – Қазіргі заманның ерекшеліктерінің бірі.Нью-Йорк биржасындағы акциялар бағасының құлауынан басталған алғашқы дағдарыс (1929 – 1933 ж.ж.) әлемдік экономика мен қаржы саласының барлық бұтағын шарпыды. Өндірістің құлдырауы , ақшаның құнсыздануы – жалақының қысқаруына , бағаның өсуіне , жаппай жұмыссыздыққа алып келді. Тығыз экономикалық байланыстар Еуропаның бір де бір елін бұл дағдарыстан құтқармады. Бүкіл әлем 1974 – 1975 жылдары және 2008-2009 жылдары экономикалық және қаржылық дағдарыстарға тап болып отырды. XX ғ. мемлекет меншік иесі , несие беруші және тапсырыс беруші болып , экономиканың белсенді реттеуішіне айналды. Еуропа елдерінде экономиканы жоспарлау қарқынды дамуда. Капиталды өзге елдерге мемлекеттік несиелер мен инвестициялар түрінде шығару үлкен рөл атқарып отыр.
Меркантелизм екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде ол алтын мен күмісті байлықтың жалғыз нысаны ретінде идеализациялауға тән монетаризм түрінде танылады. Монетарист «ақша балансы» теориясын ұсынды. Оған сәйкес олар елден ақшаны сыртқа шығаруға тыйым салу қажеттілігін ұсынды. Соңғы меркантелисттер ақша емес, тауар айырбастау саласын зерттеуге көшті. Осылайша «Сауда балансы» теориясын жасаған болатын. Алғашқы меркантелистерден айырмашылығы, соңғы меркантелистер ақшаны сыртқа шығаруға тыйым салды, өндірістік тауарлардың экспортын көбейтіп, шетелдік тауарларға жоғарғы кеден салығын салып, ұлттық экономиканы қорғауды, яғни протекционизм (лат. Тілінен аударғанда protectio – қорғау) саясатын жүзеге асыруды ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет