Экономиканың даму кезеңдері Қазіргі заманғы экономика


Қазіргі заманғы экономика



бет3/4
Дата08.12.2023
өлшемі28,89 Kb.
#195809
1   2   3   4
Байланысты:
Экономика реферат

Қазіргі заманғы экономика
Негізгі түсініктер: саяси экономика, экономика, макроэкономика, микроэкномика, өндірістік қатынастар, өндірістік күштер, өндірістік тәсіл. Позитиві және нормативті экономикалық теория, қажеттілік шектеулі рестурстар,экономикалық тиімділік, таңдау, абстракция, индукция, дедукция, экономикалық-математикалық үлгі.
Адамдардың өмір сүруі үшін олар үнемі өздерінің шексіз қажеттіліктерін қанағаттандырып отырулары қажет. Ал оьл үшін адамдар әр т үрлі игіліктерді пайдалана алады. Сондықтан мұндай игіліктерді тұтыну үшін оларды өндіруі қажет.
Қазіргі кезеңде экономиканы зерттеуде микроэкономика және макроэкономика деп екі бөлімге бөлу қалыптасқан, бірақ олар өзара тығыз байланысты болады. Микроэкономика- бұл негізгі экономикалық бірліктердің (фирмалар, үй шаруашылықтар) жұмыс істеудің ауқымы, олардың нарықтағы мінез-құлқын зерттейтін бөлімі. Микроэкономика фирмалар мен үй шаруашылықтарының рыноктағы мінез-құлқын, іс-әрекетін, олардың шешім қабылдауының экономикалық негіздерін және өзара байланыстарын зерттейді. Фирмалар мен үй шаруашылықтары алға қойған мақсаттарды және оған қол жеткізу үшін қойылған шектеулерді ескере отырып, олардың өз көзқарастары тұрғысынан ең жақсы шешімдер қабылдау болып табылады. Үй шаруашылықтары тауардың аса тиімділігін көздейді, ал фирмалар өндіріс туралы шешім қабылдай отырып, таза табыстың мол болуына ұмтылады.
Қазіргі экономика пәні капитализмнің дүниеге келу қарсаңында (ХVI ғ. аяғы – XVII ғ. басы) дами бастады. Алғашқыда буржуазия өндіріске емес, байлықтың бейнесінде танылған сауда және алтын операцияларымен айналысатын айналым саласына әрекет еткен. Сол себепті де бастапқы экономикалық ілім ретінде меркантелизм (итальян тілінде mercante – саудагер) ілім қалыптасты.
Пәннің анықтамасы. Экономикалық теорияның пәніне әр түрлі анықтама беруге болады. Мысалы: П.Самуэльсон пәнге былай анықтама береді: «бұл әр түрлі тауарларды өндіру мен оларды қазір бөліп немесе болашақта қоғамның әр түрлі топтары мен жеке мүшелерінің тұтынулары жөніндегі ғылым». Ал, К.Макконнелл мен С.Брю мынадай анықтама береді:
«экономикалық теория- өндіру процесіндегі адамдардың бөлісу, материальдық игіліктерді тұтыну қарекеттері мен шектеулі ресурстар әлеміндегі қызметтерін зерттеу болып табылады». Қорыта келе, мына анықтаманы берумізге болады: экономикалық теорияның пәні – қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну үстінде шектеулі ресурстарды пайдалдану жөніндегі қатынастарды, іс-әрекеттерді зерттейтін ғылым.
Экономикалық ғылымның әрбір бағытының аясындағы әр т үрлі концептуалдық тәсілдер мен зерттеу нысандары болады. Экономика ғылымы зерттейт ін құбылыстар біздің әрқайсымыздың өмір тәжірбиемізге қатысты.
Өз тауарларына деген сұранысты алдын ала болжап отыратын кәсіпорындардың менеджерлері тұтынушылар табысының қалай тез өсетіндігін күн ілгері біліп отырулары тиіс. Ал тұтынушылар әсіресі зинеткерлерді және табысы төмен топтарды,тауарлардың бағасының тез өсіп бара жатқандығы алаңдатады. Жұмыс іздеген адамдар экономика өрлеу кезеңіне әл-ақ көтеріледі, фирмалар жұмысшыларды жалдай бастайды деп үміттенеді. Сонымен экономиканың жағдайы барлық адамдарға өз ықпалын игізеді және олардың тікелей қатысуымен іске асырылады.
Экономиканың қандай болуы керек екендігін айқындау үшін ғалымдар математикалық үлгілеуменде айналысады. Экономикалық үлгі – экономикаға қытысты оқиғаны, құбылыстарды түсінуге жола ашатын қарапайымдылығы айқын суреттер (графиктер), кестелер, диаграммалар немесе формулалар болып табылады. Мәселен, көрші Ресейде немесе Украинада егін жөнді шықпай қалса, Қазақстандаға астықтың бағасын алдын ала болжамдап, сұраныс пен ұсыныс заңдарын қолдана алады. Мұндайда бағаның көтерілетіндігіне ешкім де таласпайды, ал болжамның дәлдігі қолданылған үлгі сапасына байланысты болады. Бұл ретте экономистер логикалық-дедуктивті және эмпирикалық- индбуктивті әдістерді қолданады.
Логикалық-дедуктивті әдіс дегеніміз мәселені теория деңгейінен бастап шешіп, содан соң дерекке жүгіне отырып, әлгі теорияны растау немесе жоққа шығару. Яғни, бұл әдіс абстракция мен үлгіге негізделеді. Оның мақсаты:
Экономиканың қарапайым үлгісін жасап, оның негізгі құрылымдары, буындары мен параметрлерінің өзара байланыс принциптерін табу болып табылады. Жалпы заңдылық- әрекет етуге басшылық ретінде алынады.
Эмперикалық – индуктивті әдіс дегеніміз деректерді жинақтаудан бастап прагматикалық зерттеулерге сүйенуді айтады.
Экономикалық теорияның қызметтері көбінесе танымдық, идеологиялық, әдіснамалық, тәжірбиелік болып бөлінеді. Экономикалық теория ғылымдардың белгілі бір экономикалық қатынастарына деген көзқарастарына сүйене отырып, олардың салыстырмалы түрде қандай саяси шараны ұсыну керектігі немесе оның қандай болатындығына орай адамдардың экономикалық бағыттағы ғылыми түсінігін қалыптастырады. Басқаша айтқанда, экономикалық теория әрбір азаматтың сайлай және дауыс беру кезінде қай үміткердің тұжырымын қолдау керектігін айыруға көмектеседі. Өзінің пайдалылығы жөнінен экономикалық теория мәселелерді жеке бастық емес, қоғамдық көзқарас тұрғысынан зерттейді. Бұл пәннің – менеджменет, қаржы, бугалтерлік есеп жәнре т.б.айырмашылығы, көбінесе оның академиялығында. Яғни, экономикалық теория – экономиканы зерттеуге жалпы әдіснамалық көзқарас қалыптастыратын ғылым болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет