«Экономиканы мемлекеттік реттеу»


Дәріс. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар



бет3/9
Дата20.06.2018
өлшемі241,71 Kb.
#44039
1   2   3   4   5   6   7   8   9

5. Дәріс. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар.

Дәріс мазмұны
1. ЭМР-ң әдістері: әкімшілік және экономикалық

2. Эко-ны ұзақ мерзімге, орта мерзімге және күнделікті реттеудегі әртүрлі құралдардың үйлесуі.



2. Экономиканы тікелей басқару негізінен әлеуметтік-экономикалық жоспарлау және бағдармалау арқылы жүзеге асырылады.

Жоспарлау экономиканы реттеудің бір бөлігі б.т. Жоспарға оны толықтыратын болжау және экономикалық талдау жүргізіледі.

Болжау дегеніміз – белгілі бір объектінің болашақтығы жәй-күйі, даму жолдары туралы ғылыми дәлелдеу. Болжамдарды зерттеп, дайындау процесі болжау д.а. Болжау-қоғам өнімінің барлық саласында теория мен практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып саналады. Қоғам дамуының болжаудың негізгі бағыты болып экономикалық болжау саналады.

Экономикалық болжау - қоғамдық ұдайы өндіріс процесі, ал зерттеу заты экономикалық объектілердің даму заңдылықтары, болашақ жай-күйі экономикалық жоспарлау, әзірлеу әдістері. Сондықтан экономикалық болжау дегеніміз эономикалық процестің барлық әдіс тәсілдерін, құралдарын қолдануға экономикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық болжам жасау процесі.

Экономикалық болжау келесі 4 топқа жіктеледі:

1) болжау кеңестеріне б-ты:

ә) макроэкономикалық (халық шаруашылық)

а) құрылымдық (салааралық , аймақтық)

б) экономикалық кешендер (агроөнеркәсіптік, отынэнергия инвестициялық)

2) болжау мінездеме бай-ты

ә) оперативті (1 айға дейін)

а) қысқа мерзімді (1 ай-1 ж. дейін)

б) орта мерзімді (1 ж.-5 ж)

в) ұзақ мерзімді (5-15,20 ж)

г) алыс мерзімді (20-дан артық)

3) зерттеу объектісіне бай-ты:

ә) өндірістік қатынастың даму болжамы

а) ғылыми-техникалық процесс даму болжамы

б) халық шаруашылығының даму динамикасы

в) мемлекеи ресурстардың даму болжамы

4) функционалдық белгісі б-ша:

а) барлау болжамдары

б) нормативтік болжамдар


6. Дәріс. Экономикалық мемлекеттік реттеу қызметінің басты сатысы әлеуметтік- экономикалық болжау мен жоспарлау.

Экономикалық болжаудың мәні және ғылыми методологиялық негіздері.

Болжаудың қағидалары мен әдістері. Халық шаруашылығын кешенді болжауды әзірлеуді ұйымдастыру және оның теориялық негіздері. Болжаудың әзірлеу мерзімі, функционалдық блоктары мен ірілендіру деңгейіне байланысты түрлері.

Мемлекеттің ұлттық бағдарламалары экономиканың басыңқы бағыттары мен дамуының мемлекеттік стратегиясын іске асыру негізі мен халық шаруашылығы жоспарының құрамды бөлігі ретінде.

Бұл бағдарламаны әзірлеу және бекіту. Экономиканы орта мерзімді стратегиялық даму жоспарларының мәні, ғылыми негізі мен белгілері.

Экономикалық өндірістік инфрақұрылымдық салаларының дамуының стратегиялық орта мерзімді жоспарлау, оның негізгі әдістері.

Әлеуметтік сфераның дамуын жоспарлау негіздері. Білім берудің, денсаулық сақтаудың, медениеттің негізгі көрсеткіштері және оларды дәлелдеу әдістері.



Экономиканы ақша-несиелік реттеу
Дәріс мазмұны
1. Ақша нарығы және мемлекеттің ақша саясаты

2. Экономикадағы ақша ұсынысына Ұлттық банктің әсері

3. Ұлттық банк қолданатын экономиканы реттеу құралдары

4. Коммерциялық банктердің қызметін реттеу


1. Нарықтық экономика өзінің қалыпты дамуында спецификалық ақша нарығы қалыптасады.

Ақша нарығы бұл-нарықтық ақшаға сұраныс пен ұсыныстың әсерлесуі нәтижесінде тұрақты пайыз ставкасы белгіленеді. Ол өзінің ақша бағасын елестетеді. Ақша нарығы өзіне ақша сұранысы мен ұсынысының әсерлесуінен қамтамасыз ететін институттарға қосады. Мемлекеттік ақша бұл несие саясатында ақша айналымын және несиесін реттейтін. Ақша-бірыңғай эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар.

Ақша несие саясаты-қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің маңызды тәсәлі. Нарықтық экономиканың өсуіне аса қолайлы жағдай жасау мақсаты болып табылады. Бұл Ұлттық банкпен жүргізіледі. Ақша эмиссиясын реттейді және коммерциялық банктерге несие беруді жеңілдетеді. Ұлттық банк арқылы жеке инвестициялық мерзімділікке, тұтынушының сұраныс динамикасына, баға деңгейіне әсер етеді. Елдегі ұйымның ақша айналымын жалпы мемлекеттік заңдармен реттеуді өзі ашық жүйесін жүргізеді. ҚР-ның ақша Республика Президентінің жарлығына сәйкес ұйымдастырылған «ҚР Ұлттық банкі» туралы 1995ж. 30 наурызынан бастап заңды күші бар. Жарлық ұйымның ақша айналымының құықтық нормалары мен формаларын белгілейді. Ол өзіне тұрақты ақша бірлігін, ақша монетасын, эммисиясын белгіленген бақылау тәртібін ақша айналымын ұйымдастыруды және реттеуді қосады. Ақша жүйесі өзіне тиесілі элементтерді қосады:


  • ақша белгілері мен түрлері

  • ақша бірлігінің атауы

  • эммисия тәртібі

  • ақша түрлері

  • валюталық бағам

Ақша белгілері мен түрлері егер 1991ж. 1-ші қаңтарына дейін айналымда қазынашылық билеттер б-са, онда қазіргі кезде ҚР-ң ақша белгілері, банкнота мен монеталардан тұрады. Оларды ұлттық құны б-ша барлық төлем түрлеріне қабылдауға міндетті. Ақша бірлігі атауы. ҚР ақша бірлігі 100 тиыннан тұратын 1 теңге б.т.

Эммисия тәртібі. Қолма-қол ақшаны шығару оның айналымын ұйымдастыру Ұлттық банкпен банкноттар мен монеталарды сату формасында қолма қол ақшасыз эквивалент алу арқылы жүзеге асырылады. Ақша түрлері заңды төлем құралы болып табылады (қағаз немесе несиелік ақшалар). Валюталық бағам-бір елдің ақша бірлігінің қатынасы.



Экономиканы мемлекеттік реттеуде ақша-қарыз және қаржы шаралары қолданылады. Солардың ішіндегі шешуші жоғарғысы мемлекеттің орта мерзімді экономикалык бағдарламасы. Ол көптеген мақсаттар мен оны жүзеге асыру жолдарын қамтып салалық, ғылыми-техникалық бағыттарды біріктіреді.

Нарықтық қатынастарды реттеудің тарихындағы көптен пайдаланылып, танымал болғаны ақша-қарыз шаралары. Ақша-қарыз шаралары арқылы ЭМР мәні бос ақшаның сұранысының мелшері мен қарыз қүиыныц өзгеруінде. Олар қарызға қажеттілік пен салым түсуінің мөлшерін анықтайды, былайша айтқанда қарыз қаражатының үсынысын туындатады. Реттеу шаралары қарыз қаражатының мөлшері мен қүнына әсер етіп, халықшаруашылығының қарызға сүранысы мен оны пайдалану жолдарына ықпал жасайды. Ақша-қарыз шаралары: ақша шығару (эмиссия денег, латынша - выпуск), қарыз қүнының (учетная ставка) өзгеруі,қарыз көлемін шектеу, сақтық қордың шегін жылжыту, құнды қағаз сатудағы әрекет (операции на открытом рынке).

Ақша-қарыз шараларының негізінде жүргізілетін мемлекеттің экономикалық саясаты теңге саясаты (монетаристкая политика) деп аталады (латынша топеіа -ақша белгісі).

Теңге саясаты дамыған нарықты экономиканы меңзейді, заңды және ережелік әсерлердің қүрылымының тиімділігін, кәсіпкердің жеке адам мен қүқықтық бейпелердің қарызга басым түрде тәуелді екендігін түбегейлі сіңіргендігін, ақша қүнсыздануынын томендігІн, межеленетін немесе мүлде болмайтындығын көрсетеді.

Ақша көбейту (эмиссия денег) деген жаңадан басып шығару ғана емес, қолдағы бары мен алым-берімге қолданылатынының молаюы.

Ақша көбейтудің үш міндеті (функция) бар:

  1. Экономиканың қалыпты жүмыс істеуіне қатынас, төлем, қор тәсілдерімен, әлемдік ақшамен қамтамасыз ету. Халықшаруашылығының қызметіне керекті ақша мөлшерін белгілі кезеңдегі өндірілетін өнімнің, көрсететін кызметтің қүнымен, ақша айналымының жылдамдығымен есептеп шығаруға болады.

  2. Қиын-қыстау мезгілдерде басқа жол болмаған жағдайда мемлекет қаржысының кемтігін толтыру. Ол соғыс, төңкеріс, бүліну, қирау, тамырлы, үзақ дағдарыс салдарынан туындайды. Артық ақша шығару оның қүнсыздануын туғызып (инфляция латын сөзі іпГепІіо - вздутие) бағаның өсуіне, шаруашылықтың шырқын бүзуына, әлеуметтік шиеленіске апарып соғады. Ақша қүнсыздануының басты себептерінің бірі оның артық санын шығару.

3. Мемлекет орынды мөлшерде акшаны азайтып, көбейтІп экономиканы жандандырып, нарық шиеленісін тоқтатып, қымбатшылықпен күреседі.

Акшз көбейтудің реттсу мақсаттарының бір багыты үлттық теңгенің түрактылығын қолдау. Ата заңға байланысты үкіметке тәуелсіз мемлекеттің экономикалык саясатын жүргізуі орталық қаржы орны (банк, итальянша Ьапсо - скамья, орындық), ол жеке дара ақша көбейтуге қүқылы.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің қарыз жолдарын пайдаланушы басты саты орталык қаржы орны. Одан басқа қаржы саласында қызмет атқаратын мемлекеттік күрылымдарға мемлекеттік қаржы орындары, арнайы корлар, қаржы министрлігі мен мекемелері жатады. Олар қарыз беруге қатысады, бірақ ақша айналымы мен жекенін қарызға беретІн қаражатының өзгерісін реттемейді. Олар мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бөлінген қаржы, арнайы корлардағы жинақталған міндетті жарналар, өз қаржысы, тартқан қаржылардан жеңілдікпен бағытты қарыздар береді.

2. Ұлттық банк-жалпы мемлекеттік орган, елдегі банкнот шығаруға эммисиялық құқыққа ие елдегі жалғыз өнім құралы төлемдер мен қарыз қабылдауға міндетті.

Ұлттық банк банкнота мен валютаның керекті бөлігінің қажеттілігін, олардың жасалуын қамтамасыз етуді қолма қол ақша құралын жоюын және инкассациясын анықтайды. ҚР-да шығарылған банкноттар мен монеталардың атауы, құрамы, формасы және графигі болуы қажет. Банкноттар мен монеталар көрсетілген сипаттамалары баспада жарияланауы және ҚР-ның жоғарғы Кеңесінің валюта айырбастау құқығы бар. Ұлттық Банк ҚР-ның валютасының айырбасталғанын анықтағанда шетел мемлекетінің ақша бірлігіне қарап бекітеді. Қолма қол ақша айналымы банк кассасына тұрақты.

Екінші деңгейлі банктерге қолма қол ақша шоттары кореспонденциясындағы құрал жабдық қалдығының иемденуіне күш алады. Соған сәйкес операция кассадағы қолма-қол ақшаның лимиттік қалдығы белгіленеді. Сонымен қатар ақша айналымының көлемі банктердегі шоттар кореспонденциясындағы құралдардың болуына байланысты.

Ұлттық банк ақша базасының көлемі екінші деңгейлі банктердің құралдар көлемі арқылы олардың Ұлттық банк шоттар кореспонденциясының реттеледі. Сонымен қатар банктер ликвидтілігін реттеу құралдары арқылы реттеледі. Ақша айналысының қарқынды экон-да Ұлттық банктерді тура реттелмейді, бірақ оның көлемі инфляция деңгейіне әсер етіп және ақша айналысы қарқынының төмендегі тек қана тұрақты экономика кезінде болатын ұзақ мерзімде инвестициялық несие салымдары Ұлттық банкінің өуіне негізделіп және ақша массасының қолма-қол ақшаның үлесуінің өсуімен ұзақ мерзімді жинақтардың төлемінің төленбеуіне беріледі.
3. Ұлттық банктің басты құралдары болатындар:

- Қазақстан банктеріне Ұлттық банк несие мен сиақы ставкасының деңгейі

- Минималды міндетті резервтер Қ-ның ҰБ-не депозитті салу, сонымен қатар белгілі мерзім бой-ша дифференциялау.

- Мемлекеттік бағалы қағаздары ашық нарықта сатып алу операциялары

- Банктің несиелері

- Несиелік операцияларының тікелей төлемінің деңгейі және төлеміне тікелей сандық ставкалар. Ақша нарығындағы интернеция.

- Несие ставкасы

Қазақстанның ҰБ қайта қайталандырудың ресми ставкасын реттейді. Сонымен қатар басқа сыйақы ставкалары бойынша операцияларды жүргізеді. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша нарығының жалпы жағдайына сұраныс пен ұсыныс бойынша инфляцияға байланысты реттеледі. Қазақстанның ҰБ-і сыйақылар ставкасының саясатын нарықтық ставкасына әсер ету үшін қолданады және де мемлекеттің ақша-несие саясатының шегеруін жүзеге асырады.

Қазақстанның Ұлттық банктің резервтік ашық нарықтағы операцияларда қазынашылық вексельдерді, мемлекеттік облигацияларды және басқа мемлекеттік бағалы қағазаздарды сатып алу сатумен көрсетіледі және ақша массасын реттеу мақсатында қайталама нарықтар ақша массасын реттеу мақсат. ҰБ-н жүзеге асырылады. Қазақстанның ҰБ-і ресми сипатына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есептеп шығарады. Валюталық нарықтағы интервенция мен банк арқылы және биржалық нарықтары шетелдік валютаны сатып алу, сату операциялармен жүргізіледі.
4. Коммерциялық банктер қызметтерін реттеу 2 деңгейлі банктің ҰБ қарым қатынасы қолданылатын келесі принциптермен құрылады.

- ҰБ-банктердің оперативті қызметіе араласуға құқығы жоқ

- ҰБ-функцияларды реттеуде және қадағалауға ҚР-ң ҰБ туралы заңды күші бар Президенттің жарлығымен шектеледі

- ҰБ-2-ші деңгейлі банктер үшін, оның фаилдарына бірлескен банктерді экономикалық нормалар белгілейді

+ алғашқы жарғылы қордың ең төмен көлемі

+ банктің жеке қаражаты мен оның міндеттемелері (активтер және пассивтер)

+ баланстың өтімділік көрсеткіші

- ҰБ орналасқан міндетті көлемі

- 1 қарыз алушыға минималды тәуекелдік береді

- Нормативтік шеттеулер банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. Олардың кредиторлармен үндесу қорлары сонымен қатар республикадағы ақша айналымын нығайту мақсатында

- ҰБ-бақылау функцияларын екінші деңгейлі банктер қатынасында жүзеге асырылады.

Сондықтан ҰБ-ң келесі құқығы бар:

* заңмен бекітілген ақшалай айыпыұл салу

* банктік операц. қолайсыз жағдайда банкте уақытша басқаруды өз қолына алады.

* кейбір банктің операц. орындау лицензиясынан

* ҰБ-н бекітілген жеке нормативтің өзгеруі.


СӨЖ: 1) ҰБ реттеуші бөлігінің дамуындағы факторлар қандай?

2) Экономикалық дағдарыс жағдайында коммерциялық. банк неге қысқа мерзімді несиені береді.




7. Дәріс. Ғылыми- техникалық прогрестің бағыттары мен оларды жеделдетудегі мемлекеттің рөлі. Экономикалық басқарудың маңызды тапсырмасы- қоғамның ғылыми- техникалық потенциалын арттыру. Ғылыми- техникалық прогрестің (ҒТП) әлеуметтік- экономикалық астары мен оның негізгі бағыттары.

ҒТП- ті жеделдету және оның тиімділігін арттыру мақсатында жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесі. Ғылыми- зерттеу, жобалау- іздену және тәжірибелі құрастыру жұмысын тікелей қаржыландыру көздері мен шарттары. ҒТП- ті несиелік және салықтық реттеу механизмдерінің маңызы.

Ғылыми және ғылыми- техникалық дамудың басыңқылықты бағыттарын ұлттық мүддеге, елдің әлеуметтік- экономикалық даму сұраныстарына сәйкес мемлекетті қолдау және ынталандыру. Ресурстарды басыңқылықты ғылыми бағыттарға шоғырландыру. Ғылыми және техника бойынша мемлекеттік тапсырысты конкурстық негізде қалыптастыру және орналастыру, ғылыми- техникалық саясаттың қалыптасу және жүзеге асу барысында ғылым мен ғылыми- техникалық саясат саласында мемлекеттік органдар мен ғылыми қауымдастықтың өзара байланысын демократияландыру және қамтамасыз ету. Ғылыми - техникалық шығармашылық еркіндігін қамтамасыз ету, ғылыми қызметкердің еңбек жағдайын жақсарту. Ғылыми- техникалық саясаттың негізгі мақсаттары: өмір сүрудің сапасын арттыруға бағытталған зерттеуді дамыту, ғылымсыйымды, ресурс үнемдеуші, экономикалық таза өндірісті әзірлеу, экономикалық шикізатты бағытын сатылап азайту және сапалы бәсекеге қабілетті түпкілікті өнім шығаруға бағыт алу.

Мемлекеттің бюджеттік-салықтық саясаты
Дәріс мазмұны
1. Салық саясатының құру принциптері, салық жүйесі

2. Бюджеттік жүйені қалыптастыру бюджеттің негізгі сипаттамасы

3. Бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы мемлекеттік басқару
1. Салықтар-мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар мемлекеттің біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген белгілі бір мөлшерде жүргізетілетін қайтарымсыз және өтемсіз сипатта болатын бюджетке төленетін ақшалай төлемдер. Салықтық экономикалық мәні мыналар:

- салықтар ш.ж.с. және халық табысның қалыптасуындағы қаржылық қатынастың бір бөлігін білдіреді.

- салықтар Ш.Ж.С-ң, жеке тұлға мен мемлекет арасындағы мемллекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын экономикалық категория.

- салықтар мемлекеттің құрылуы мен п.б. және мемлекеттің өмір сүруі негізі болып табылады.

Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қатанды болса. оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мем-те өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Сондықтан салықтар мемлекеттің тұрақты қаржы қоры.

Мемлекет салықтары экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық , экономикалық негізінде пайдаланылады. Салықтың мынадай негізгі қызметтері бар: 1) реттеушілік

2) фискальды

3) қайта бөлу

Реттеушілік қызметі-салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы саклықтар ел эк-на өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықты реттеудің ең басты қызметі фискальды және бюджеттік. Ол қызметі арқылы мемлекеттік бюджет кіріс бөлімі құрылып, сал-ң қоғ-қ міндеттерді атқарады. Себебі салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеу-к-әскери қорғаны т.б шаралардың іске асуын қам-з етеді.

Қайта бөлу қызметі арқылы әртүрлі қызметтер табысының бір мөлшері мем-т пайдасына өтеді. Бұл қызметтердің іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды.

Салық салу принциптері-ҚР-ң салық заңдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттері салық салудың айқындығы әділдігі, салық жүйесінің біртұтастылығы және салық заңдарының жариялылық принциптеріне негізделген.

1) Салық салудың міндетті принципі – салық төлеуші салық заң-на сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімде орындайға міндетті.

2) Салық салудың айқындық принципі – ҚР-ң салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс, салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқталуының барлық негіздерімен салық заңдарына белгілеу мүмкіндігі.

3) Салық салудың әділдік принципі – ҚР-да салықсалу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

4) Салық салудың біртұтастық принципі – ҚР-да салық салу жүйесі ҚР-ң бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас б.т.

5) Салық заңдарының жариялылық принципі – салық салу мәселесінің реттейтін нормативті-құқықтық актілердің ресми болымдылығы міндетті түрде жариял. тиіс.

Салықтар тікелей және жанама б.б.

Жанама салықтарға қосымша құн салығы мен акциз жатады. Салық және басқа да міндет. ҚР-ң заңдарына және тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңдарда белгіленген тәртіпке тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.

Қаражаггың кірісі дағдылы және төтенше болып екіге бөлінеді. Тетенше кіріс мемлекеггік меншікті жекешелендіруден шетелдіктерге әуе кеңістігіп, теңіз аймағын пайдалану қүқығын сатудан түседі, олар түрақты емес. Көп елдерде төтенше кірістің тұрақтысы мемлекеттің қарыз алуы (гос.займы). Мемлекетгік қаражатгың дагдылы кірісінің күрамы:


Салықтар, оның ішіндс жанама және кеден салықтары қор жинауы 75-85%. Салыққа жатпайтын түсімдср:

Экономиканың мемлекеттік бөлігіндегі мемлекеттік меншіктің кірісі, мемлекеттік сауданың кірісі 5-8%. Мемлекеттің әлеуметтік сақтандыру қорына жарналар, зейнеткерлік жарна, жұмыссыздықган сақтандыру 10-12%.

Салық жоне оның жұйесі. Кейінгі екі мың жылдықта салық қалың бүқара қауыміи турақты назарынан қалған емес. Салық жинау жүйесі дүрыс см әділетсіз көп салық салынады дегенді көпшілік жиі айтад Салықтың әрбір өзгерісіне саяси оң беріліп, қаржылық, сынаула жалпы ақпарат орындарында хабарланады. Бүлай болуы орын да, себебі, салық: 1. Төлеушілердің табысынан алынады; 2. Көзі мемлекеттердің негізгі кірІс көзі; 3. Ақша-қарыз жүйесінде нарықты экономиканың реттеу жолдарының тиімдісі.

Нарық экономикасы дамыған елдердің мемлкет қаржысының 80-90% салықтан түседі. Басқасы мемлекст кәсіпорындардың таза пайдасы, қарыз алу, акша шығару, тағы басқадары.

Салық қаржы толтырудан басқа қоғамдық өндіріске, оның дамуы, өзгеруіне, салы бағытына, ғылыми, қарулану бағытына экономикалық осер студ: үлкен мүмкіндігін туғызады. Салық дегеніміз заң негізінде төлеушінің мемлекеттік және басқа арнайы қорларға төлейтін жарнасы, оның орны, уақыт жағдайы әрқилы. Әртүрлі мағынасына байланысты салықты аттары өзгереді, мысалы, орыс тілінде налог, пошлина, сбор тағы басқадай, қазақша салық, баж, алым.
2. Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруда қаржымен қам-з етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Бюджет жүйесі бюджеттің және ҚР ұлттық қорының сондай-ақ бюджеттік процестермен қатынастардың жиынтығы. ҚР-да мынадай деңг. бюджеттер бекітіледі.

- Республикалық бюджет

- Облыстық бюджет

- Республикалық маңызы бар қала - Астана бюджеті

- Аудан бюджеті

Республикалық бюджет – салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастыратын және орталық мемлекеттік органдардың оларға ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы респуб. бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады. Тиісті қаржы жылна арналған республика бюджет ҚР Заңымен бекітіледі.

Облыстық бюджет – салықты және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың респуб. маңызы бар қаланың-Астана не Алматының- оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функциялары қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімш.-аумақтық бірліктер мемлекеттік саясатты іске асырылуына арналған орталықтандырылған ақша қоры обл. бюджет. Респуб. маңызы бар қала Астана бюджеті б.т. Тиісті қаржы жылына арн. обл. бюджеті Республика маңызы бар қаланың Астананың бюджеті облысы Респуб. және Астана маслихатының шешімімен бекітіледі.

Аудан бюджеті – салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастыру арқ. және ауданның (обл. маңызы бар қаланың-о.м.б.қ.) жергілікті мемлекеттік орг-ң оларға ведозмствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы мемл. саясатты іске асыруғак арналған орталықтандырылған ақша қоры.(Аудан немесе о.м..б.қ . маслихатының шешімімен бекітіледі).

Төтенше мемлекеттік бюджет-республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және ҚР-дағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.

Ұлттық қор – ҚР-сы Үкіметімен ҚР Ұлттық банкіндегі шотында шоғырландырылатын мемлекеттік қаржыларды актив түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда өзег де мүлік түріндегі активтері.

ҚР-дың ұлттық қоры мем-ң тұрақты әлеуметтік экономикалық дамуын қамтамасыз етуге экономикалық шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырылады.

Жинақтау функ-сы – қаржы және материалдық емес активтерді қоспағанда өзге де мүліктердің қолданылуын қамтамасыз етеді.

Тұрақтандыру функ-сы – шикізат ресурстарына әлемдік бағның конъюктурасына Респуб-қ бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған. ҚР-сы ұлттық қорының түсімі мен жұмсалуы Ұлттық және шетел валюталарымен жүргізіледі.

Бюджеттің құрылымы:

Кірістер – бюджет игіліктерін реттеу мем-ң қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар бюджеттің б.т.

Шығындар – бюджет несиелері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар б-ша негізгі борышты өтеу бюдж. шығыстары б.т.


3. Мемлекеттік басқарудың бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын келесі органдар құрайды:

1) ҚР-ның Президенті

2) ҚР-ның Парламенті

3) Рес-қ бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

4) ҚР-ның Үкіметі

5) Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық үкіметті орган

6) Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық үкіметті орган

7) Бюджеттік атқару жөніндегі орт. үкіметті орган

8) Ішкі бақылау жөніндегі орт-қ уәк. орган

9)Маслихат

10) Жергілікті атқарушы орган.

8. Дәріс. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу.

Монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік ортаны қалыптастыру
1. Монополияға қарсы заңдылық, оның мәні.

2. Қазақстандық монополияға қарсы реттеудің ерекшелігі.

3. Бәсекелік орта, оның түсінігі және негізгі көрсеткіштері.
1. Монполияға қарсы реттеу-нарықтық бәсекелестіктің дамуы және монополиялық қызметтішектеу үшін жағд. қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын экономикалық-әкімшілік актілердің кешені.

Монополияға қарсы реттеу таза монополия санасында бағаланған саясатты қосады. Сонымен қатар монополияға қарсы реттеу бұл заңдылық фактілерін және нақтв құқықтық нормалар негізінде заңды ісі б-ша жеке шешімдерді дайындау және қабылдау б-ша монополияға қарсы органның біліктілік қызметі.


Монополияның негізгі түрлері


Жабық

Ашық

Таза

Басқа бәсекелестерден заңды қорғалуға ие монополия

Нарықта қандай-да бір өнімді жалғыз сатушы болып табылатын, бірақ бәсекелестерімен нақты қорғалуға ие емес монополия

Монополия ұзақ мерзімді ұстанымда минималды тек қана фирма бүкіл нарықта қамтамасыздандырған


Таза монополия – нарық тауарлардың жағдайын көрсете алады. Таза монополия саласында тұтынушылар мен таза монополия субъектілерін қосатын құқықтық қатынасқа қатысушылардың ерекше субъективті құрамы әрекет етеді.

Тұтынушыларға таза монополия субъектілерімен өндірілетін тауарды және заңды тұлғалар жатады. Таза монополияның субъектісі бұл таза монополия жағд-да тұтынушыларға жұмыс және қызмет көрсетуді ұсынатын, тауар өндірумен айналысатын заңды тұлға және жеке кәсіпкер б.т.

Кәсіпорын монополиялары мен басқарудың әкімшілік жүйесінің механизмдері мен өзара әрекетінің схемасы.

Экономикалық әдіс Салааралық әдіс Институиционалды әдіс

салықтық-бюджеттік, инв-лық және тарифтік саясаттары- Ұйыждастырушылық-құрылымдық

ның тиімділігі ішкі жүйе және т.б. институтционалды

механ. тиімділігі


Кәсіпорын, монополия Эк-ка «мем-т-субъект- Трансакционерлік ұста-

қызм. тиімділігі монополист» ішкі жүйе нымдардың тиімділігі

тиімділігі


Баға жасау және өнім стратегиясы Ішкі фирманың менеджменті


- макродеңгейі

- тура өзара бай-с.

- ақпараттық өзара бай-сы.


Таза монополия субъектінің қызметтеріне мемлекеттік реттеу «Таза монополия туралы Қазақстан Республикасының Заңына» сәйкес жүргізіледі:

  • тарифті баға алу ставкаларды бекіту.

  • тарифтік сметаны бекітумен.

  • уақытша төмендетілетін коеффициентті орнату.

  • шығындардың қалыптасуының ерекше тәртібімен.

Монополияның қоғамға тиімді әсері қалай сыртқы болса солай ішкі факторларының оптималды сәйкес келген негізінде мүмкін.

Компания қызметін ретту тікелей монополия салалар нарығында ерекшеленетін 2 модельге сәйкес жүргізе алады. Оның:

1) табыс формаларын реттеу

2) тарифтеу


2. ҚР-дағы монополияға қарсы заңдар қалыптасу жолдарында біздің мем-дегі монополияға қарсы заңдар жүйесіне кіретіндер:

1) 1995 ж. 30 тамыз айындағы ҚР конститутция

2) 2001 ж. 30 қаңтар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексі

3) 2001 ж. 19 қаңтар «Монополиялық қызметтік шектеу және бәсекелестік туралы ҚР заңы»

4) 1998 ж. 9 шілде «Таза монополия туралы ҚР заңы»

5) 1998 ж. 9 маусым «Жағымсыз бәсеке туралы ҚР заңы»

6) ҚР-ның Президентінің жарлықтары

7) ҚР-ның Үкіметінің үкімдері ведомветааралық сипаттағы нормативтік құжаттар.



Дәріс Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері

Мемлекеттің құрылымдық саясаты және негізгі көрсеткіштері: ұдайы өндірісті реттеу, «мотор-салаларды» анықтау. Экономиканы қайта құрылымдау кезіндегі мемлекеттік реттеу іс-шаралары. Өнеркәсіптің тауарлық мамандануы. Өнеркәсіптік саясатты дайындау кезеңдері. Өнеркәсіптің технологиялық мамандануын дамытудың перспективалары. Өнеркәсіптік саясаттың аймақтық мәселелері. ҚР өнеркәсіпті қолдаудың жалпы және жекелеген экономикалық шаралары. Инвестиция және инвестициялық концепция. Мемлекеттің инвестициялық саясатының өзгермелілігі мен оны қалыптастыру негіздері. Мемлекеттің инвестициялық іс – әрекетінің ең маңызды қағидалары.

Инвестициялық ресурстардың негізгі көздері мен оны ұтымды пайдалану проблемалары. Шетелдік инвестициялар мен ішкі инвестициық ресурстар арасындағы өзара қатынастардың тиімдісін таңдау. Инвестицияға сұраныс пен оған ұсыныс арасындағы тепе – теңдікке қол жеткізу механизмі.

Қазақстан инвестициялық қоры және инвестициялық іс – әрекетті мемлекеттік қор. Елде инвестициялық қолайлы климат қалыптастыру.

Шаруашылық субьектілерінің инвестициялық белсенділігін арттырудың ролі және оның механизімі. Инвестициялық жобаларды бағалау және мемлекеттің инвестициялық іс – әрекетінің ұзақ мерзімді бағдарламаларын жасақтау.

Инвестиция салудың басымдық бағыттары мен сфераларын мемлекет тарапынан анықтау. Өндірістік сфера мен инфра құрылым салаларын бірыңғай дамыту мүдделерін ескерту. Мемлекеттегі инвестициялық тартымдылық мәселесі: әлеуметтік саяси тұрақтылық, заң актілерін іске асыру, экономикалық реформаларды тереңдету бағытын ұстану, экономикалық байланыстар бойынша мемлекет аралық міндеттердің өз уақытында орындалуы және т.б.



Мемлекеттің инвестициялық әлеуетінің тиімді пайдаланудың қаржы бюджеттік және ақша – несиелік тетіктері. Инвестициялық құрылыстық кешенін негізгі сандық – сапалық көрсеткіштерін және оларды негіздеудің әдістемесі. Күрделі қаржының технологиялық және ұдайы өндірістік құрылымы мен оның көрсеткіштерінің тиімділігін арттыру бойынша мемлекеттік шаралар.

ҚР монополияға қарсы заңдылықтары, әрине, басқа елдердің заңдылықтарынан ерекшеленеді. Батыс Европада монополияға қарсы заңдар негізінен бәсекелестікті қолдау б-ша міндеттерді шешеді.

ТМД-ның басқа да елдердегі сияқты Қ-да монополияға қарсы органдар бәсекелестіктің дамуы және таза монополия субъектілерін белгілеу үшін жағдай жасау б-ша міндеттерді шешеді. Монополияға қарсы заңдылықтар өзіне материалдық және процесуалды құқық нормалары қосады. Материалдық нормалары құқықтық қатынасқа қатысушылардың олардың мазмұнды жағын анықтау арқылы құқықтары мен міндеттерін шешеді. Процесуалдық құқық нормалары б-са мемлекеттік биліктің өкілеттік органдарының және басқаруды материалдық-құқықтық нормалары реттеу б-ша нарық субъектілерін жекеше құқықтық қатынастары субъектілердің құқыққа қарсы әрекеттерін шектеу қиылысу және ескерту мақсатындағы монополияға қарсы ұғым-ң шешімі.

ҚР-дағы монополияға қарсы заңдылықтың актілері эк-ң әртүрлі салаларындағы қатынастарды реттейді. Мысалы, таза монополия саласында, бәсекелестік саласында және мемлекеттік монополия.

Нарықты монополизациялау мүмкіндігін шектейтін әкімшілік- экономикалық санкциялау жоғарғы баға жасау

моноплияға қарсы күресу үшін 3 жағдайда қолданылады:

1) нарыққа кіру үшін кедергілерді төмендету

2) монополист – кәсіпорын түрлендіру бұл егер к.о. жеке зауыттардан тұрса немесе тігінен бөлену нарыққа жаңалардың кіруі үшін жағдай жасаса

3) бағаны реттеу немесе бақылау.


СӨЖ: ҚР-ң монополияға қарсы реттеудің ерекшелігі. «Тұрақты даму», «Класстерлік саясат»


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет