Экономикасы озьщ мемлекеттердің қүқықтық жүйелерінде жерге жеке меншік институты жетекші қүқықтардың бірі болып табылатындығы



бет4/4
Дата08.06.2018
өлшемі287,5 Kb.
#41420
1   2   3   4

52

сәйкес келмейтінін байқаймыз. Егер 1-баптың 12 тармағындағы „иелік" сөзін, „билік" сөзімен алмастырылса, оның орысша атауына (распоряжение) тура келеді. Онда аталған атау жөнінде пікір-талас болмас еді. Жер пайдалану қүқығының пайда болу негіздері:

1. жер пайдалану қүқығын табыстаудан, яғни тікелей мемлекеттің беруінен;

2. жер пайдалану қүқығын беру, яғни басқа жер пайдаланушының беруі;

3. жер пайдалану қүқығы әмбебап қүқықтық, мирасқорлық тәртібі мен ауысу арқылы пайда болады. Бүл қүкық мүрагердің заң бойынша мүраны иеленуі немесе заңды түлға қайта үйымдастырған кезде жер пайдалану қүқығының пайда болуын білдіреді. Жер пайдалану қүқығының негіздері өкілді мемлекеттік органдардың актілерімен, азаматтық-қүқықты мәмлілердің жасалуы мен және заңдарда көрсетілген өзге де қүжаттар мен ресімделуі керек.

Жерді түрақты пайдалану қүқығы мынадай субъектілерге беріледі:

1. шаруа (фермер) қожалықтарына;

2. шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару қүқығындағы үйлер мен ғимараттарды иеленуші түлғаларға;

3. ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес, жеке және заңды түлғаларға;

4. ерекше қорғалатын табиғат аумақтары жерлерінде пайдаланушы түлғаларга;

5. заңды көзделген өзге де жағдайларда.

Жерді түрақты пайдалану күқығы шетелдіктерге берілмейді. Жерді уақытша пайдалану қүқығы қысқа мерзімді (3 жылға дейін) және үзақ мерзімді (3 жылдан 99ж-ға дейін) болуы мүмкін.

Жер қүқық қатнастарының мазмүнына тікелей қатысы бар жер пайдаланушылардың қүкықтары мен міндеттері Жер туралы Жарлықтың IV тарауында бөлінбей берілгендіктен, жоғарыда жеке меншік жер иелерінің қүқықтары мен міндеттері де берілді. Сондықтан оларды кайталамау үшін біз кейбір мәселелеріне ғана тоқталамыз.

Жер пайдаланушылар жер пайдалану қүқығын, оқшаулау қүқығын азаматтық-қүқық мәмілелердің (сатып алу, сату, сыйға тарту, айырбастау және басқалар) негізінде жүргізеді. Жер пайдалану қүқығын белгілі бір мерзімге басқа түлғаға беру, жалға беру немесе жерді уақытша өтеусіз пайдалану шартымен жүргізіледі.

Жерді түрақты пайдалану қүқығы бар мемлекеттік емес басқа түлғаға (кейінгі жер пайдаланушыға) уақытша пайдалануға берілуі, сондай-ақ жерді уақытша пайдалану қүқығын үқшаулау ЖТЖ-тың 41-бабыңда көрсетілген тәртіппен жүргізілуі тиіс. Жерді түрақты және бастапқы үзақ мерзімді пайдалану күкығы бар мемлекеттік емес жер пайдаланушылар өздеріне тиесілі

53

жер учаскелерін (немесе олардың бөліктерін) жалға (қайта жалға) немесе уақытша өтеусіз пайдалануа беруге, сондай-ақ тиесілі уақытша жер пайдалану қүқығын ұқшаулауға құқығы бар. Мемлекеттік жер пайдаланушылар аталған қүқықты ЖТЖ-тың 44-бабында көрсетілген тәртіп пен іске асырады.

Бастапқы уақытша жер пайдаланушылар кейінгі жер пайдалану туралы шарт бойынша жер учаскесін берген жағдайда соңғысының мерзімі бастапқы жер пайдалану мерзімінен аспауға және жер учаскесінің нысаналы мақсатын бүзуға әкеліп соқтырмауға тиіс.

Кейінгі жер пайдалану бастапқы жер пайдаланушы өзінің жер пайдалану қүқығын оқшауламай, өзіне тиесілі учаскені (немесе оның бір бөлігін) басқа адамға уақытша пайдалануға берген жағдайларда кейінгі жер пайдалану туралы шарттың негізінде пайда болады. Жер учаскесін кейінгі жер пайдалануға берген кезде бастапқы жер пайдаланушы мемлекет алдындағы жер пайдаланушының міндеттерін (оның ішінде салықтарды төлеу, жердің нысаналы мақсатта пайдалануын қамтамасыз ету және оны қорғау жөніндегі) толық көлемде атқара береді.

Кейінгі жер пайдаланушы жер учаскесінде қожалық жүргізеді, сондай-ақ кейінгі жер пайдалану туралы шарт пен белгіленген талаптарды сақтай отырып, жер пайдаланушының басқа қүқықтары мен міндеттерін (ЖТЖ-тың 28 және 29 баптарындағы) іске асырады. [ 13,316.

Жалдаушы болып табылатын кейінгі жер пайдаланушының жалға алған жер учаскесін (немесе оның бір бөлігін) қайталап жалға беруге және егер бастапқы жер пайдаланушымен жасалған жалдау шартында өзгеше көзделмесе, осы жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертпей, уақытша өтеусіз жер пайдалану туралы шарттын негізінде оны басқа түлғаға беруге қүқығы бар (ЖТЖ-тың 42 бабының 5 тармағы).

Уақытша өтеусіз жер пайдалану туралы шарттың негізінде жер учаскесіне ие кейінгі жер пайдаланушы жер учаскесін берген түлғаның (бастапқы жер пайдаланушының) келісімі мен учаскені немесе оның бір бөлігін жалға беруі немесе осы жер учаскесінің нысаналы мақсатта пайдалануын өзгертпей, уақытша тегін жер пайдалануын кейінгі шарт бойынша басқа түлғаға бере алады.

Кейінгі жер пайдаланушының бастапқы жер пайдаланушының келісімінсіз оған тиесілі қүқықтарды үқшаулауға қүқығы жоқ.

Кейінгі жер пайдалану қүқығын үқшаулаған кезде осы 42 баптың 3 тармағына сәйкес, бастапқы жер пайдаланушымен кейінгі жер пайдалану туралы жаңа шарт жасалды.

ЖТЖ-тың 42 бабының 3 тармағына сәйкес кейінгі жер пайдалану туралы шарты:



54

6. егер шартты тұрақты жер пайдаланушы басқа адаммен (кейінгі жер пайдаланушымен) жасасса, қайталап жалға беру шарты немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану туралы шарт нысанасында;

7. егер шартты уақытша жер пайдаланушы басқа адаммен (кейінгі жер пайдаланушымен) жасасса, қайталап жалға беру шарты немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану туралы шарт түрінде жасалады.

Мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың құқықтық жағдайының мыныдай ерекшеліктері бар: Олар мемлекеттік органдардың қандай да болсын рұксатынсыз ақ мынадай биліктерді жүзеге асыра алады:

Жерді сату, сыйға тарту, кейінгі жер пайдаланушыға беру, айырбастау, өзге нысандарды қайтара беру, кепілдікке беру, мұраға қалдыру; шаруашылық серіктіктердің жарғылық қорларына жарна ретінде немесе кооперативтердің, оның ішінде шетел қатысқан кооперативтердің мүлкіне үлес ретінде енгізу, сондай-ақ осы қүқыққа қатысты азаматтық және жер заңдары тыйым салмайтын басқа мәмлілер жасау билігін жүргізеді.

Уақытша жер пайдаланушыдар Жер туралы Жарлықтың жоғарыда атап өткен 41-42 баптарында белгіленген шектерде жер пайдаланудың өзіне тиесілі қүқығы мен аталған мәмлілерді жасауға қүқықты.

Мемлекеттік жер пайдаланушылардың қүқықтық жағдайының ерекшеліктері мынадай: олар жер учаскесінде қожалық жүргізеді, жер учаскесінің нысаналы мақсаты мен жер пайдаланушы қызметінің жарғылық мақсаттарын ескере отырып, жер пайдаланушының басқа да қүқықтарын жүзеге асырады. .

Мемлекеттік жер пайдаланушы өзіне тиесілі жер пайдалану қүқығын оқшаулауға, кепілдікке беруге қүқығы жоқ, бүған жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті белгіленген тәртіппен оқшаулауға, не оның кепілдікке берілінуіне байланысты жағдайлар қосылмайды.

Мемлекеттік жер пайдаланушы өзіне тиесілі жылжымайтын мүлікті белгіленген тәртіптің жалға берген жағдайда, оған қоса осы мүлік орналасқан және белгіленген нормаларға сәйкес олның пайдалануына қажетті жер учаскесі де жалға беріледі. Жылжымайтын мүліктің өзі тиісті түрде жалға бермей түрып, жылжымайтын мүлік орналасқан жер учаскесін басқа түлғаға жалға беруге жол берілмейді.

55

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасының Конституциясында жаңа мәртебеге ие болған табиғаттың негізгі байлығы - жер туралы қүқықтық қатынастар бірінші рет ғылыми түрде зерделенуге алынды. Жер қүқық қатынастарының күрделі екенін осы жүмыстың мазмүнынан да көруге болады.

Жер қүқық қатынастары дегеніміз-Қазақстан Республикасының табиғи байлығы - жерге мелекеттік реттелген және пайда болатын қатынастар немесе жер қүқық нормаларының іс жүзіндегі көрінісі. Олар өзінің мазмүнынамен басқа қүқықтық қатынастардан ерекшеленеді.

Жер учаскелерінің азаматтық айналымда болғанымен, оның табиғи объектілік қасиеттері жоғалмайды. Сонымен бірге оның табиғи қасеиттері жердің азаматтық айналымда болуына тікелей әсер етеді.

Жерге меншік және жерді пайдалану қүқығын жүзеге асыруды және оларды қорғауды Жер заңынан ажыратып қарауға болмайды. Бүл қүқықтарды қорғауға азаматтық қүқық және жер қүқық нормалары өз ретінде қатыса алады.

Жер - заттың қүқық объектісі болғанымен, оның қүқықтық қатынастарда азаматтық-қүқықтық қатынастармен бірдей деуге болмайды. Жер - мүліктік қатынастардың азаматтық қүқықтық қатынастарға жатпайтын өзіне тән қүқықтық қатынастар жүйесі бар.

Жер қүқық қатынастардың түрлері белгіленеді. Оларға мыналар жатады:

• Жерге меншік және мүліктік қатынастары;

• Жер қорын басқару органдарының қүзыреттері;

• Жерге меншік және пайдалану қүқығы иелерінің қүқықтары мен міндеттері;

• Жер қоры және оның санаттары;

• Жерді пайдалануды және қорғауды бақылау;

• Жерге орналастыру, жер мониторингісі және жер қадастары;

Жер нарығы;

• Жерге меншік және пайдалану қүқығын қорғау.

Барлық қүқық жүйелері өзінің реттейтін қүқықтық қатынастардың аясымен бір-бірінен өзгешеленеді. Бірақ қүқықтық қатынастар арасында қойылған және қорғауға жататын шек жоқ және болуы да мүмкін емес. Себебі барлық қүқықтық қатынастар шынжыр сияқты бір-бірімен жалғасып, қүрамдасып жатады. Соның өзіне де олар салалық ерекшеліктерімен тарамдалып, араласып отырады. Бүл заңдылық Қазақстан Республикасы қүқық жүйелерінің жалпы конституциялық бағыттары мен әлеуметтік және экономикалық жүйесінің бірлігінде жатыр. Барлық қатынастар, соның ішінде жер қүқықтық қатынастар осыларға келіп тіреледі және негізделеді.

Жер қүқық қатынастарының қағидаттары - жер заңдарында бекітілген негізгі бастамалар. Соған орай, реттелген және реттелетін жер күкык



56

қатынастардың қағидаттарына қайшы келетін түжырымдар, іс-әрекеттер болмауы керек. Оларды жер қүқық, қүқық нормақағидаттары деп те атауға болады. Бүл нормалар жер күқық қатынастарын тура жолға бастау, заңдылықты жүзеге асыру үшін де қажет.

Жер қүқық қатынастарының жалпы объектісі жер, яғни оған Қазақстан Республикасының барлық аумағын алып жатқан жерлержатады және олар Қазақстан Республикасының біртүтас жер қорын қүрайды. Біртүтас жер қоры негізгі пайдалану мақсаттарына қарай қүрамдар мен санаттарға бөлінеді. Олар жөнінде тиісті қүқықтық талдаулар мен теориялық түжырымдар жасалды. Соны ішінде негізгі мақсаттарды пайдаланудан басқа да жердің өз алдына қүрамы болуы керек.

Ол экологиялық жарамсыз жерлер. Мүндай жерлердің пайда болуына жерді шаруашылықта немқүрайдылықпен пайдалану нәтижесінде және жер заңдарының тәртіптерін сақтамау және талаптарын орындамау себепші болады. Соның салдарынан жер пайдалануға жарамай, қүнарлығы жоғалып, айналадағы табиғи ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізеді. Ондай жерлер мыңдаған гектар мөлшерінде есептеледі. Сондықтан мүндай жерлерді Қазақстан Республикасы жер қорының жеке қүрамына жатқызып, оларды пайдалануға шек қойып, шаруашылыққа жарамды болу шараларын белгілеу қажет.

Кәуәп дайындайтын орындарда, базарларда, елді мекендерде сексеуілді пайдалануға, сатуға тыйым салуға уақыт жеткен сияқты. Себебі, сексеуілді қорғау - жердің шөлейттенуінен, қүрғатануынан қорғаудың негізгі көзі.

Жер заңдарын бүзғаны үшін жауаптылық түрлеріне тәртіптік, азаматтық (материалдық), әкімшілік, қылмыстық және эқологиялық - қүқықтық жауаптылықтар жатады. Бүлардың ішінде соңғысы заң әдебиеттерінде атала бермейді. Экологиялық салалық заңдарда да (жер, жер қойнауы және оны пайдалану, су, орман, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы заңдарда) экологиялық қүқықтық жауаптылық аталған жауаптылықтар қатарында көрсетілмейді. Бірақ аталған салалық заңдарда эқологиялық қүқықтық жауаптылықтын түрлері, олардың салалық заңдардың ережелерін және талаптарын бүзғаны үшін пайда болатын, тиісті санкциялары бар екенін байқаймыз. Мысалы, жер заңдарының талаптарын бүзғаны үшін, орындамағаны үшін жерді қайтарып алу, су заңдарында су заңдарының ережелерін бүзғаны үшін су пайдалану қүқығын жою, орман және жануарлар дүниесін қорғау туралы заң талаптарын бүзғаны үшін жауаптылықтар бар.

Жер қүқық қатынастарында жауаптылықтардың түрлерін, олардың қолдану мақсатын және болдырмаудың алдын алу шараларын қолдану республикамызда заңдылықты сақтаудың қүрамдас бөлігі болып саналады. Бүл тек кана мемлекеттік органдар мен ведомстволарға ғана тиісті мәселе емес. ол

57

барлық қоғамдық үйымдардың және азаматтардың міндеті. Ол Конституциялық құқықтар мен міндеттерден туындайды.

Жер заңдарында жеке және заңды тұлғалардың жерді қорғауға қатысуын және оларға тиісті көтермелеу шараларын қолдануды, сондай-ақ осы жұмыстың тарауларында көрсетілген толықтырулар мен өзгертулерді Жер туралы кодексте және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында қарастыру жер құқық қатынастарын одан әрі жетілдіру болып саналады.

58

ПАИДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. „Егеменді Қазақстан", 1994 жылғы 24 наурыз.

2. „Халық кеңесі", 1994жылғы 20 желтоқсан.

3. Ә. Стамқүлов, Ә. Бектүрғанов. „Жерге меншік құқының кейбір мәселелері". Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің хабаршысы, 1995, №3.

4. „Қазақстан Республикасының Конституциясы". - Алматы. 30 тамыз. 1995ж.

5. С. Сартаев. „Высший представительный орган государственной власти Казахской ССР". - Алматы.

6. Совет заңдарының негіздері. - Алматы. 1974 ж.

7. А. В. Мицкевич, И. С. Самощенко, Ю. Д. Саврин. Совет заңдарының негіздері. Қазақша аудармасы. Қазақстан. 1974 ж.

8. С. С. Алексеев. Теория права. - Бек, 1994 г.

9. Ғ. Сапарғалиев. Қазақстан мемлекеті мен қүқығының негіздері. Атамүра-

Қазақстан. Алматы, 1994 ж.

10. Проблемы теории государства и права. - М.:Юридическая литература. 1996 г.

11. Қазақстан Республикасының Жер туралы заңы. 1995 ж. 22 желтоқсан.

12. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 1994 ж. 27 желтоксан.

13. Ә. Стамқүлүлы. Қазақстан Республикасының эқология қүқығы. Алматы. • Жеті жарғы: 1995 ж.

14. К. А. Шайбеков. Принципы Советского водного законодательства.

15. Земельное право России. Под редакцией Петрова В.В., - М.: Стоглавь, 1995

г.

16. Қ. Сапарғалиев. Мемлекет және қүқық теориясы.



17. Қазақстан Республикасының Жер кодексі. 2003 ж. 20 шілде.

18. Қазақстан Республикасынын Азаматтық Іс Жүргізу кодексі. 01. 07. 2002

19. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына „Қазакстан-

2030" Жолдауы.

20. Архипов И.Г. „Земельное право РК". - Алматы, 1997.

21. Боголюбов С.А. „Земельное право". - Москва, 1999.

22. Бектүрғанов Ә.Е. Қазақстан Республикасындағы жер қатынасы. -Алматы, 1997.

23. Корастелов С.В. Земельное право и лесное право. - Санкт-Петербург, 1998.

24. Под. Ред. Петрова В.В. Земельное право России. - 1998г .

25. Хадишев А.Х. Земельное право РК. Общая часть. Уч. пособие. - Алматы,

2001.

26. Байделдинов Д.Л. Эқологическое законодательство РК. - Алматы, 1995.



27. Бектүрғанов Ә.Е. Қазақстан Республикасындағы жер-қүқық қатынастары. -

Алматы, 1997.



59

28. Бектұрғанов Ә.Е. Жерге меншік құқығы. - Фемида, 1997.

29. Ерофеев Б.В. Земельное право России. - Москва, 1994.

30. Есімқұлов С.Т. Жерді қалай пайдаланған жөн. Заң ғазеті, 1997.



31. 06 утверждении Порядка преобретения гражданином и юридическим лицом права пользования либо аренды земелыюго участка при приватизации недвижимого имущества несельскохозяйственного населения. Утв. Пост. КМ РК от 09.03.94
Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет