Экскурсияларды ґткізудіѕ ўйымдастырылуы жјне методикасы


- тарау. Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы мен негізгі формалары



бет3/34
Дата22.02.2023
өлшемі452,5 Kb.
#169792
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
dip -fizikadan-synyptan-tys-zhumystardy-uyymdastyru-adisteri-jukgpi-2013-53
Дүниежүзі тарихы 72сағ, 73639, 1617256426, 1617256426
1 - тарау. Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы мен негізгі формалары


1.1 Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың маңызы мен мақсаты

Сыныптан тыс жұмыстардың білімділік және тәрбиелік мәні өте зор. Ол оқушыларды белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, әр түрлі есептерді шығаруда творчестволықпен ойлануға және оларды ұжымдық пен жолдастық сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Педагогика тәжірибесінде физикадан сыныптан тыс сабақ өткізудің әр түрлі формалары жинақталды. Олар негізінен физикалық және физика-техникалық үйірмелер, кештер мен конференциялар, оқушылардың баяндамалары мен рефераттары, сыныптан тыс экскурсияларға шығу болып табылады.


Мектеп физикасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені, физиканы сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы-физикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты [5].
Физиканы оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстарын физикалық сыныптан тыс жұмыстар деп атаймыз. Мұндай сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім негізінен мынадай мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:

  1. Оқушылардың физика-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту.

  2. Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-ықыласын, шығармашылық конструкциялық қабілеттерін арттыру.

  3. Жас жеткіншектердің политехникалық дағдыларын қалыптастыру.

  4. Оқушыларды оқулықпен ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

  5. Жастарға саяси-экономикалық, ғылыми-материалистік, патриоттық, интернационалдық, эстетикалық тәрбие беру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет