ІІ тарау. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
2.1. Мектептегі физика декадасы
Физика декадасын ұйымдастыру
Көптеген мектептерде оқу жылы барысында пән бойынша декадалар ұйымдастыру дәстүрге айналып отыр.
Физика, химия, математика және т.б. декадаларын өткізу үшін оқу жылындағы уақытты пәндер арасында тиімді бөлу қажет. Жыл соңында білім мерекесі ұйымдастырылып, ол жереде сыныптар арасындағы жарыстардың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттайды.
Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлаудың осындай формасы оқушылардың еңбегін мейлінше ғылыми ұйымдастыруды іске асыруға мүмкіндік жасайды: бірнеше уақыт олардың назары белгілі бір пәнге шоғырланады, білімдері тереңдейді және кеңейеді-бұл олардың қызығушылығын дамытады.
Физика декадасын өткізу уақытын және оның мазмұнын жылдан, жылға өзгертіп тұру керек, әйтпесе декадаға жылда бірдей бағдарламалық материалдар енеді де бірыңғайлықпен жалықтырады.
Физикада декадасын өткізу үшін барлық жұмысқа жетекшілік ететін декада штабын сайлау қажет. Штаб мүшесі тек жақсы ұйымдастырушыға ғана емес, сонымен бірге физикаға қызығатын, оны білетін және басқаларды физика біліміне тарта білетіндер болу керек [8].
Штаб алғашқы рет физика декадасын екі апта қалғанда жиналады. Штаб мүшелерінің отырысында декаданы өткізу жоспары жасалады, әрбір іс-шараға жауаптылар тағайындалады, жеке байқаулардың әділ қазыларының төрағалары сайланады.
Декаданың өткізілуінің басталуын хабарлауға айрықша көңіл аудару керек.
Декаданың ашылу күні штаб мектеп оқушыларын белсенділік танытуға шақыруға көңіл аудару керек, ағын түрткі болатын атақты адамдардың өмірінің ерекше жерлерінен үзінділер келтіріп, мектептің көрінетін жерлеріне іліп қою керек.
Мысалы:
Академик: В.А.Амбарцумян университетті 14 жасында бітірді.
Математик Эварист Галуа 21 жасында дуэль алдындағы түнде маңызды математикалық принциптерді жасады.
Біз 13, 14, 15 жыл жасадық, бірақ әлі ештеңеге үлгерген жоқпыз. Ал біздің алдымызда өрістің бірыңғай теориясын жасау және жұлдыздарға ғарыш кемелерін жіберу, рак құпияларын ашу тұр. Біз әлі білімді қалай
алуды және жинауды білмейміз. Біз қалағанымызды барлық уақытта
біле бермейміз, ал оқуға амалсыз қажеттіліктен қараймыз.
Тоқтаңдар! Ойланыңдар! Ең жемісті балғын шақты-босқа өткізу қылмыс жасағанмен бірдей. Біздің болашақ мамандығымыз үшін, білім үшін алға!
Декаданың ашылуына мүмкіндігінше мектеп радио торабына арнайы хабар дайындаған дұрыс.
Хабардың жоспары төмендегіше болуы мүмкін:
Мектеп оқушыларын физика декадасының ашылуымен құттықтау. Физика ғылымының маңызы туралы қысқаша әңгіме.
Декаданы өткізу жоспары.
Оқушыларды физика білімінің негіздерін тереңірек меңгеруге шақыру.
Декаданың ашылу қарсаңында жазылған физиктердің ән ұранын орындау. (Басқа күндері декада барысында ән ұранды үлкен үзілісте орындау керек).
Мектептің кірісіне көрінетін жерге «Физика декадасы өтуде» деген әдемі плакат іліп қою керек. Бұл плакат тек жоғары сыныптарға назар аудартып қоймай, төменгі сыныптардың да, ата-аналардың да назарын аудару қажет: мектепке кіре берістен «физика ерекше көңіл аударатындай» атмосфера жасау керек.
Физика кабинетінің алдында «Физика декадасы» атты арнайы стенд орнату қажет. Онда декаданың өткізілу жоспары жеке байқаулардың шарттары, реферат тақырыптары ілінеді.
Мектепті безендіруге үлкен көңіл аудару керек. Қабырға газеттері мен стендтен бөлек, мектепті әр түрлі мазмұнды плакаттармен әдемілеуге болады. Бірнеше мысал келтірейік:
Оқушыларды ғылымға үйренуге шақырушы плакаттар.
Білмегенді сұраудан ешқашан ұялма.
Араб даналығы.
Адам нені білмесе содан қорқады,
кез келген қорқынышты біліммен жеңуге болады.
В.Г.Белинский
Физика туралы плакаттар (оның ішінде юмористикалығы бар)
Барлық ғылымдардың ішінен физика маған барлық
уақытта ерекшелігімен көрінеді.
Р.Пайерк.
Физика бұл- табиғатты түсіну ғылымы.
Э.Роджерс.
Біздің ерекше жолымыз болды, яғни біз әліде
ашылулар жасауға мүмкін бар ғасырда өмір сүреміз.
Р.Фейнмен.
Физиктер плакаттарды басқа оқу кабинеттерінің кіре берісіне де іледі.
Бұл әзілмен құрастырылған плакаттардың мақсаты-«қарсыластарды» ренжітпей, оқушыларды біздің күндердегі физиканын және басқа ғылымдардың ролі туралы пікір таласқа шақыру.
Достарыңызбен бөлісу: |