А. Элекрон В.Гелий ядросы 1-жүргiзушi: Кешiмiз жалғасады тағаттасақ,
Шыңымыз биiк болар, бiлiм қусақ
Өмiр деген өнермен ұйлеспей ме?
Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ .
2-жүргiзушi: Әдiлқазылар алқасы 1-турдың нәтижесiн дайындап болғанша ән тыңдаңыздар (әннiң аты мен оны орындаушыны хабарлайды).
1-жүргiзушi: 1-тур нәтижесiн бiлу ұшiн сөз әдiлқазылар алқасына берiледi.
2-жүргiзушi:Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған қос командаға сәт сапар тiлей отырып “Ойлан да, тап” турын бастаймыз (2-турдың шартымен таныстырады).Ойын шарты тұсiнiктi болса, ойынымызды ұпай саны жоғары топтан бастайық. ұпайы жоғары топ сұрақ таңдайды.
2-тур
1.Темір өзекшесi бар катушка қалта фонарының шамымен айнымалы ток көзiне тiзбектей қосылған. Егер катушканың темiр өзекшесін алып тастаса шамның қызуы артады.
Сұрақ:Неліктен артады ?
1-көмек: Катушканың индуктивтiгi магнит өтiмдiлiгiне байланысты.
2-көмек: Шамның қызуы тiзбектегi ток күшiне тәуелдi.
Жауабы: Өйткенi өзекше алынған кезде индуктивтiк кедергi азаяды да тiзбектегi ток күшi артады, ал шамның қызуы ток күшiнiң квадратына пропорционал.
Көзi дұрыс көретiн адамның ең жақсы көру қашықтығы 25 см.
Сұрақ: Адам өзiнiң кескiнiн анықтап көру үшiн жазық айнаны қандай қашықтықта ұстауы керек?
1-көмек: Адам мен оның кескiнi айнаға қатысты симметриялы орналасады.
2-көмек: Кескiн мен нәрсенiң қашықтығы ең жақсы көру қашықтығына тең.
Жауабы: 12,5 см
3. Параметрлерi бiрдей екi маятниктiң бiрi көп қабатты үйдiң бiрiншi қабатында, ал екiншiсi 20-шы қабатында тербеледi. Бiрiншi қабаттағы маятниктiң тербелiс периоды аз. (Ауаның кедергiсi ескерiлмесiн.)
Сұрақ:Неліктен олай болады?
1-көмек: Тербелiс периоды еркiн түсу үдеуiне кері пропорционал.