Экскурсияларды ґткізудіѕ ўйымдастырылуы жјне методикасы



бет18/34
Дата22.02.2023
өлшемі452,5 Kb.
#169792
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
Байланысты:
dip -fizikadan-synyptan-tys-zhumystardy-uyymdastyru-adisteri-jukgpi-2013-53

2-жүргiзушi: Жеңiстiң 60 жылдығына арналған сайысымызды ашып беру ұшiн мектеп директорын (аты-жөнi таныстырылады) ортаға шақырамыз.
1-жүргiзушi: Өздерiңізге белгiлi бүгiнгi интеллектуалды шоу “Физика озаты” сайысы үш кезеңнен тұрды. Оның бiрiншi кезеңiнде физика курсы бойынша тест, ал екiншi турда қиындатылған есептер шығару болды. Осы турлардан бұгiнгi сайысымызға жоғары нәтиже көрсеткен алты оқушы iрiктелiнiп алынып, ойын ережесi бойынша олар екi топқа бөлiндi. Олар “Ньютон” және “Архимед” топтары. Бұгiн осы екi топтың бiлiм сайысына куә боласыздар.
2-жүргiзушi:Бiреуiнiң жүрегiнiң тұгi бар,
Бiреуiнiң арқалап жүрген қоғамдық жүгi бар.
Бiреуiнiң күмбiрлеген кұйi бар,
Ендi бiреуiнiң қатты iстейтiн миы бар.
Ендiгi кезекте iрiктеу кезеңдерiнен өзiнiң бiлiмдiлiгiмен, алғырлығымен, тапқырлығымен танылған оқушыларды ортаға шақырайық.
Ортамызда Ньютон және Архимед тобы. Ал ендi топ ойыншыларымен таныс болайық. Танысуды Архимед тобынан бастайымыз.
1-жүргiзушi: Бүгiнгi интеллектуалды шоуымызға әдiл төрелiк ететiн әдiлқазылар алқасымен таныстырып өтейiк. (жүргiзушiлер кезектесiп әдiл қазылармен таныстырады)
1-жүргiзушi: Сайыс-толқын айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да , жат дауыс та
Бiреу озып келедi қатарынан
Бiреу кейiн жатқанда аптығыста
2-жүргiзушi: Сайыс- толқын, жатқандай асып,тасып,
Бiреу мығым, бiреулер шалыс басып,
Бұл сайыста байқалар ғұлама ойлар
Жеңсең де, жеңiлсең де қалма жасып.
Сiздермен бiрлесе отырып, интеллектуалды шоу “Физика озаты” сайысын бастауға рұқсат етiңiздер.
1-жүргiзушi: Ең қиыны жарыстың жорға келдi,
Мықтылары қалыпты, жеңсiн ендi,
Тез жауап бер, ойланып тұрып қалмай
Осы ойыннан көрейiк ерен ердi.
2-жүргiзушi: Сонымен 1-тур жорға деп аталады (жорғаның шарттарымен таныстырырылады). Олай болса, ойынымызды бастау үшiн капитандарды ортаға шақырамыз. (1-жүргiзушi жеребе тастап, ойынды бастайтын топты анықтайды. Анықталған топ сұрақтың нұсқасын таңдайды.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет