Байланысты: Кеңес үкіметінің модернизмнен бас тарту себептері
Модернизм - 20 ғасырда пайда болған өнер түрі. Ол тек әдебиет емес, сондай-ақ: кино, театр, музыка, скульптура, живопись, дизайн, сәулет өнеріне тиесілі (Біз модернизмді негізінен әдебиетке қатысты тұрғыдан қарастырамыз). Модернизм - 20 ғасырда қатты білініп, қатты сәнге айналған өнер. Бірақ бұл жұрттың бәрі соны құптаған яки ең дұрыс, озық өнер осы екен дегенді білдірмейді. Осы жағын дұрыстап ажыратып алған дұрыс. Ол үшін азын-аулақ тарихқа көз жүгіртейік.
Модернизмнің шыққан бұлақ көзі - еуропа. Яғни еуропа қазанында қайнаған ас-ауқат. Еуропалық өнім мәдениеті. Еуропа мәдениеті қайдан шыққан? Ол аспаннан түскен жоқ. Еуропа мәдениетінің басы - грек (юнан) һәм рим (рұм) мәдениеті. Грек-рим мәдениетінің кейбір ерекшеліктері мынадай болған:
1.Материализм танымын ұстану
2. Комфортқа қатты құмарлық
3. Денеге табыну (денені рухани өмірден жоғары қою. Сұлу дене- гректер үшін ең биік идеал болған).
4. Аста төк дастархан, той-томалақ, сауық-сайранға құмарлық, мейрамшылдық (олардың кеңес кезіндегідей жыл он екі ай календары мейрамға, даталы күндерге толы болған). Модернизм - 20 ғасырда пайда болған өнер түрі. Ол тек әдебиет емес, сондай-ақ: кино, театр, музыка, скульптура, живопись, дизайн, сәулет өнеріне тиесілі (Біз модернизмді негізінен әдебиетке қатысты тұрғыдан қарастырамыз). Модернизм - 20 ғасырда қатты білініп, қатты сәнге айналған өнер. Бірақ бұл жұрттың бәрі соны құптаған яки ең дұрыс, озық өнер осы екен дегенді білдірмейді. Осы жағын дұрыстап ажыратып алған дұрыс. Ол үшін азын-аулақ тарихқа көз жүгіртейік.
Модернизмнің шыққан бұлақ көзі - еуропа. Яғни еуропа қазанында қайнаған ас-ауқат. Еуропалық өнім мәдениеті. Еуропа мәдениеті қайдан шыққан? Ол аспаннан түскен жоқ. Еуропа мәдениетінің басы - грек (юнан) һәм рим (рұм) мәдениеті. Грек-рим мәдениетінің кейбір ерекшеліктері мынадай болған:
1.Материализм танымын ұстану
2. Комфортқа қатты құмарлық
3. Денеге табыну (денені рухани өмірден жоғары қою. Сұлу дене- гректер үшін ең биік идеал болған).
4. Аста төк дастархан, той-томалақ, сауық-сайранға құмарлық, мейрамшылдық (олардың кеңес кезіндегідей жыл он екі ай календары мейрамға, даталы күндерге толы болған).